Қырғызстанда президенттіктен үміткерлер арасында Тоқтайым Үметалиеваның болуы бұл сайлауға жаңаша сипат беріп тұр. Орталық Азияда осы кезге дейін әйел президент болған емес. Бұрынғы советтік блоктан тек Прибалтикада ғана президенттікке әйел сайланған-тын.
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ АРАСЫНДА ӘЙЕЛ БАР
Қырғызстанда Орталық Азия елдері үшін сенсация боларлықтай тағы бір жаңалық бар – елге танымал саяси қайраткер Тоқтайым Үметалиева президенттік қызмет үшін тағы да бақ сынап, сайысқа түсті.
Қазірде бейүкіметтік және коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының президенті болып істейтін Тоқтайым Үметалиева бұған дейін ішкі істер министрінің кеңесшісі, 2002 жылы елдің жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық кеңестің мүшесі болған.
2003 жылы ол Түркі әлемі әйелдерінің ынтымақтастығы ассоциациясының ІІ құрылтайына делегат болып сайланды. Үш баланы дүниеге әкелген Тоқтайым Үметалиеваның жұбайы да қаражаяу емес – «Транс-Союз-Азия» компаниясының президенті болып жұмыс істейтін белсенді кәсіпкер. Тоқтайым Үметалиеваның өзі «ешқашан мойымау керек» деген ер-азаматтарға тән өмірлік қағиданы ұстанады.
Ол алғаш рет 2005 жылы президенттікке үміткер болып сайлауға түскен болатын. Бақылаушылар сол жолы ол бәлендей маңызды нәтижеге қол жеткізе алмады деген еді. Алайда, содан бері төрт жыл өтсе де, саяси бәсекеге тағы да кірісіп, додаға түсіп жатқандығы көп жайтты аңғартса керек.
Орталық Азия аймағында мұндай түбегейлі саяси тәжірибелердің жасалуын соншалықты қош көрмейтіндігі белгілі. Мәселе бұл аймақта әйелдің билік басына келуге мүмкіндігінің аздығында емес. Президенттікке үміткерлердің қатарында әйелдің де саяси тартысқа түсуінің өзі бұл сайлауға жаңаша сипат береді.
Тек Орталық Азия аймағы ғана емес, мұндай әлеуметтік тәжірибелерге бүкіл постсоветтік кеңістік негізінен дайын емес болатын. Осы жылдың мамыр айында Литвада президенттік билікке әйел келді – халық бұл қызметке еурокомиссар Даля Грибаускайтені таңдады.
ТОҚТАЙЫМ ҮМЕТАЛИЕВА: ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА ҰЛТТЫ ӘЙЕЛДЕР ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Азаттық радиосына берген сұхбатында, Тоқтайым Үметалиева Қырғызстанда билік басындағы әйелдің рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті. Осы арада айта кетейік, онымен телефон арқылы әңгімелесу бізге оңайға түспеді: мобильдік байланыс қайта-қайта үзіліп, президенттікке кандидат әйелдің өзі байланыс толқынына зорға шалынатын әлдебір қиян түкпірде жүрді.
Тоқтайым Үметалиева әлеуметтік жәрдемақының қандай түрлерін төлеу керектігін бастырмалата айтып жатты: көпбалалы аналарға, жас отбасыларына, жаңа туған нәрестелерге 10 сомның біржолғы және ай сайын 5 мың сомның жәрдемақысын белгілеу керек, бұған қажетті ақша қазірдің өзінде бюджетте бар дегенді сеніммен айтады саясаткер әйел.
Сондай-ақ, Тоқтайым Үметалиева қырғыз саясаткерлерінің арасында кеңінен айтылып келе жатқан идеяны да қайталады – күллі әлемде суды тауар деп таныған дұрыс, сол себепті, мұнай немесе астық секілді, су да ақшаға сатылуы тиіс. Оның бұл сөзі көршілес Қазақстан мен Өзбекстанға бағыттала айтылып жатқаны анық байқалады. Қырғызстаннан су алып отырған ол екі ел суды – ауа мен күн көзі секілді – табиғаттың тегін байлығы деп біледі.
Әйткенмен, Тоқтайым Үметалиеваның саяси ұстанымындағы бізді қызықтырған жайт бұл емес-ті. Күні кеше ғана, Қырғызстан парламентіне осының алдындағы сайланған депутаттар құрамында бір де бір әйел жоқ болатын. Патриархаттық дәстүрі күшті бұл елде гендерлік теңсіздік мәселесі жылдар бойы күрмеуі шешілмей күрделі күйде қалып қойды.
Әйелдердің құқығы тапталып қана отырған жоқ, олардың құқықтары барған сайын азайып, кеміп барады. Мысалы, Қырғызстанда да, Қазақстанда да көп әйел алуды заңдастыру туралы сыңаржақ пікір айту қатардағы нәрсеге айналған.
Орталық Азияда әйелдің саяси және әлеуметтік ролін қайтып көтеруге болады? Тоқтайым Үметалиева бұл мәселеде ең әуелі, мемлекетті басқаруда әйелдері ерлерден кем түспей келе жатқанына көп уақыт өткен Еуропаны мысалға келтіреді. Орталық Азия елдері Азияның экзотикасын сылтауратпай, осы Еуропадан үлгі алуы керек деп санайды біздің кейіпкеріміз.
Тоқтайым Үметалиева қырғыз мемлекеті үшін ел басына күн туған сындарлы кездерде ұлт тағдыры үшін жауапкершілікті әйелдердің өз мойындарына алғанын еске түсірді. Егер бағзы бір кезде қырғыздарды жыр-аңызда айтылатын батыр Манас сақтап қалған болса, кейінірек дәл сондай ерлікті ел тарихында танымал тұлға – Құрманжан-датқа қайталаған. Әйел табиғи болмысынан тазалықты білдіреді, коррупция деген әлеуметтік кеселден әйелдер аулақ болады дейді Тоқтайым Үметалиева. Ол Еуропаның қазіргі кезгі саяси өмірі мен ежелгі көшпенділер дәуірінде ел басқарған әйелдерді салыстыра отырып, олардың арасынан ұқсастық байқайды.
ЮЛИЯ ТИМОШЕНКО АЛДАҒЫ САЙЛАУДАҒЫ БАСТЫ ФАВОРИТТЕРДІҢ БІРІ
Сонау 2002 жылы «әйел адам Украинаның президенті бола ала ма?» деген сұраққа сол кездегі Украина президенті Леонид Кучма «тарихи, моральдық, әлеуметтік жағынан да Украина бұл үшін әлі пісіп-жетілген жоқ» деген еді.
Арада небары жеті жыл өткен соң келесі президенттік сайлаудағы басты фаворит Юлия Тимошенко боларын ол кезде Леонид Кучма, әрине, білген жоқ. Бүкіл әлем көз алдында өрбіген Америкадағы президент сайлауын да жіті назарда ұстады. Ондағы жасалған тәжірибе тіпті қиындау болды. Америкалықтарға әйел мен афроамерикалықтың бірін таңдауға тура келді.
Құрама Штаттары өзі күтпеген, бірақ көп адам үшін қызықты сынақтан сүрінбей аман өтті. Шектен шығар ешнәрсе бола қойған жоқ. Алып ел аса ауыр салмақты арқалап, қалыпты өмір сүруде.
Маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу қажеттігі туған кезде нәсілдік комплекстер де, әйел факторы да алдыңғы орынға шықпайды. Оның үстіне бұл комплекстер мен факторлар жұмсара түскендей. Енді ол бұрынғыдай қорқынышты бола қоймайды.
Бүгінде осыған ұқсас жағдайды Украина да бастан кешуде. Юлия Тимошенконың Украинаның президенті болып сайлану мүмкіндігі көбірек сияқты.
Әйел-басшыға деген дәстүрлі, феодалдық деп айтуға боларлық қарым-қатынас орнаған мемлекетте қазіргі қалыптасқанды дәуірлік жағдай деп атаса да болғандай.
Дәл қазір Украинада Юлия Тимошенконың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті өте жоғары. Славян қоғамында осы күнге дейін әйелдер мұндай жоғары деңгейге көтеріліп көрген емес.
АЗИЯДА ӘЙЕЛДЕР БИЛІККЕ ТАЛАЙ МӘРТЕ КЕЛГЕН
Орталық Азияға мұндай саяси секіріс, осындай әлеуметтік-демографиялық ұмтылыс жасауға мүмкіндік бола ма?
Әзірге Қырғызстан нақты қадам жасап отыр. Тағы да айтамыз, мәселе бұл қадамның жемісті болуында емес. Мәселе, жағдайдың осылай өрбу мүмкіндігінің болуында.
Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстандарда президенттікке кандидаттардың арасында әйелдің болуы бұл елдерге жаңа серпін берер еді.
Әдетте Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты кісілер сілтеме жасауға әуес кезекті «азиялық ерекшеліктің» бұл жерде еш қатысы жоқ.
Азияда билікке әйелдердің келген жағдайлары жетіп-артылады. Ондай жағдай Үндістанда, Цейлон мен Пәкістанда сан рет болған. Одан Азия әлемінің аяғы аспаннан келген жоқ.
ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР ДЕГЕН ӨМІРЛІК ҚҰҚЫҚ
Әйтсе де, әзірге ондай жағдай Орталық Азия үшін ертегі сияқты қалып отыр. Мәселе бұл аймақтарда лайықты үміткердің жоқтығында емес.
Оған қарағанда салмақтырақ, шетіндеу себеп бар. Президент сайлауында көп үміткердің болуының өзі Орталық Азияның көпшілік елдерінде күмәнді болып тұр. Нақтырақ айтсақ, мұндай мәселе жоқ.
Әзірге осы аймақта орныққан негізгі принцип бар: президенттіктен үміткер бір-ақ адам, ол – қазіргі президент.
Енді президенттік қызметтің өзі ғана емес, одан үміткерлік те әлгі жалғыз адамның өмірлік құқығына айналғандай. Бұл жерде тек әйелдер ғана емес, өзге еркектерге де орын жоқ...