“ҮКІМЕТТІ БІР НӘСІЛШІЛДЕН ҚҰТҚАРУ ҮШІН МЕН ӨЗ ЕРКІММЕН МИНИСТР ОРЫНТАҒЫНАН ТҮСТІМ”
– Жәмилә ханым, сіз Чехияның тұңғыш өзге ұлтты министрі болдыңыз. Енді министр қызметінен босаған кезіңізде үкіметтен кетуіңізге және үкіметке келмей тұрып сіздің қатты сыныңызға ұшыраған Иржи Чунектің вице-премьерліктен босауына не себеп болғанын айта аласыз ба? Иржи Чунек бір қаланың мэрі болып тұрғанда, 2006 жылы сол қаладан коммуналдық төлемдер бойынша көп жылдық қарызы бар ондаған сыған отбасыларын қоныс аудартуымен әйгілі болған еді ғой.
– Әңгіменің ашығына келетін болсақ, жуырдағы саяси дағдарыстың әсерінен қазіргі үкіметті сақтап қалуға саяси қажеттілік туып отыр. Мұнда Премьер-министр Мирек Тополанек бұрыннан белгілі тәжірбиені қолданды. Ондай тәжірбиені уақытында Социал-демократиялық партияның үкіметі де кабинет мүшелерінің бір бөлшегін, яғни әр партиядан бір немесе екі министрді ауыстыру үшін пайдаланған болатын.
Мирек Топаланек өз партиясынан екі, христиандық демократтардан бір үкімет мүшесін ауыстырды. Соңғысы – вице-премьер Иржи Чунек. Олардың өздері оны ауыстырғысы келмеді. Бірақ, біз оны ауыстыруды табанды түрде талап еттік. Өйткені, біздің үкіметке Иржи Чунектің нәсілшілдігі көп кедергі келтірді.
Сол себепті де Жасылдар партиясы үкімет құрамының жаңаруын талап етті. Біз осы талабымызды айтып, баспасөз мәслихатын өткізген күннің ертеңінде Иржи Чунектің өзі үкімет құрамынан кететінін мәлімдеді.
Біз үшін оның кетуі мен бірнеше министрдің ауысуы саяси тазару іспеттес еді, сол үшін біз құрбандық жасағандай болдық. Бұл өте маңызды еді. Себебі, Иржи Чунек бір өзі бүкіл үкіметтің аяғына тұсау болып отырды.
Құрамында ол отырған үкіметке қоғамның да, Еуропа Одағының да көзқарасы түзу болмас еді. Денсаулық сақтау және көлік министрлерінің ауысуы да өте маңызды болды. Жасылдар партиясы, соның ішінде мен де бармын, әрине, ол өзгерісті қолдады.
Осы өзгерістердің арқасында үкіметке деген көзқарас анағұрлым жақсарды. Соның белгісі ретінде премьер-министрдің рейтингісі күрт өсіп, 10 пайызға бір-ақ шықты. Бұл өте үлкен жетістік. Үкіметтегі ол ауыс-түйістің өзіндік мәні болды. Біз үшін үкіметтің орнында қалып, оның құрамында Жасылдар партиясының сақталғаны өте маңызды болды.
Ал егерде жағдай қиындап бара жатса, үкімет тұтасымен тарауы мүмкін еді. Ол жағдайда жасылдар да біржола биліктен кетер еді. Мұны болдырмаудың амалы кейбір министрлерді ғана ауыстыру болды. Біз осылайша мәселенің ең тиімді жолын таба білдік.
Жасылдар партиясының үкіметтегі бір мүшесін қайтару керек болды. Біз — партия басшылығы бас қосып, кімді ауыстыруымыз керектігін ойластырдық. Партия жетекшісін қайтаруға болмайды, өйткені ол партия төрағасы әрі қоршаған орта мәселелерімен айналысуда. Келесісі – сыртқы істер министрі Карл Шварценберг, өте маңызды шаруа — газ тасымалы мәселесімен айналысып жатқандықтан оны да ауыстыруға болмайтын болды.
Сол кезде ең дұрысы үкімет құрамынан менің шыққаным жөн деген ұсынысымды ортаға салдым. Осылайша, қалған әріптестерімді мені үгіттеу немесе көндіру қажеттілігінен құтқарып, тығырықтан шығарып жібердім.
Менің үкімет құрамынан шығуым өзімнің бекем тұжырымыма орай оңай шешілді. Қазір ойлап отырсам, мұным ақыл болған екен. Менің кетуім қазіргі үкіметке халық ұнатпайтын бірқатар саяси тұлғалардан құтылуға көмектесті деп есептеймін. Олар — Иржи Чунек пен Томаш Юлинек.
МИНИСТР ЖӘМИЛӘ СТЕХЛИКОВАНЫҢ САЯСИ МҰРАСЫ
– Жәмилә ханым, адам және аз ұлттардың құқықтары жөніндегі министр бола салысымен, шағын министрлігіңіздің алдына бірнеше маңызды міндеттер қойдыңыз. Олардың алғашқысы да, әрі бастысы да азшылықты алалаушылық мәселелері жөніндегі заң жобасын, яғни кемсітуге қарсы заңды даярлау еді.
– Мен ол заң жобасының даярлануына, үкіметтің келісімін алуға, чех парламентінің қос палатасының жобаны қабылдауына қол жеткіздім деуге болады. Бірақ, өкінішке қарай, түпкілікті бекіту үшін республика президенті Вацлав Клаусқа қол қоюға жолданғанда ол жобаға вето салды.
Бұл менің министр боп тұрған кездегі ең ауыр күндерімнің бірі болды деп есептеймін. Чехия — Еуропа одағындағы әлі күнге кемсітуге қарсы заң қабылдамаған жалғыз мемлекет. Менің көзқарасым бойынша, ЕуроОдақтың өзге елдерінің алдында біз ұялуымыз керек. Оның үстіне, ол заң Чехияның ЕуроОдаққа төрағалығының тұсында қабылданбады.
Еуропалық одақта кемсітуге қарсы заң адамды жасына, жынысына, ұлтына, дініне немесе басқа да белгілеріне қарай алалаушылықтан қорғайтын негізгі заңдардың бірі боп табылады. Сондықтан бұл заң жобасы депутаттардың қайта дауысқа салып, қолдау білдіруін күтіп, парламентте жатыр.
Мен оның қабылданатындығына үмітімді үзбеймін. Себебі, менің орныма барған адам және аз ұлттардың құқықтары жөніндегі министр депутаттарды, соның ішінде оппозиция депутаттарын да осы заң жобасына тағы да қолдау көрсетуге келістірем деп уәде берді.
– Жәмилә ханым, өзіңіздің және министрлігіңіздің алдына қойған міндеттеріңіздің тағы бірі – аз ұлттар мәселесімен, әсіресе сыған геттосымен айналысатын агенттік құру болғанын білеміз. Ресми статистика бойынша, Чехияда олардың саны 200 мыңдай адам, көбісі бәсекеге жарамды кәсібі жоқ, яғни әлеуметтік қорғауға зәру жандар. Агенттік жұмысы жайында не айтар едіңіз?
– Агенттік құрылған және бүгінде Чехиядағы кедейліктің пайыздық көрсеткіші өте жоғары 13 қаласы мен елдімекендерінде жұмыс істей бастады. Оның алдындағы мақсат — тек жаңағы 13 қала мен елдімекенде ғана емес,Чехияның түкпір-түкпірінде жұмыс істеп, бәріне көмек көрсету. Сондықтан агенттіктің атқарар шаруасы әлі алда деген ойдамын.
– Жақсы. Сонымен қатар сіз алдыңызға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Холокост құрбандарымен қатар 326 сыған азаппен өлген неміс фашистерінің концлагерінің орнында тұрған шошқа фермасын жабамын деген міндет қойғансыз. Министр Жәмилә Стехликова сол шошқа фермасы тұрған орынға ескерткіш орнатуды мойнына алған сияқты еді?
– Дәл қазір ол жоба қымбатқа түсетіндіктен өзге бір жобаға орын берді. Моравияда тағы бір сондай лагердің орнында демалыс аймағы орналасқан. Чехия үкіметі бір кезде әскери тұтқындар орналастырылған барақтар әлі күнге сақталған сол аймақты сатып алып, ол жерге Холокост тарихы бойынша халықаралық зерттеу және білім беру орталығын салуды жоспарлауда.
Ғаламдық дағдарыс уағында үкімет ескерткіш салуға қажетті көп қаражат таба алмас. Алайда, Моравияда тарихи-танымдық педагогикалық зерттеу орталығын салуды анағұрлым ақылға қонымды санайды. Ол жоба қазір дайын десе де болады, министр қызметіндегі менің ізбасарым оны аяқтап қалды.
– Қателеспесем, сіз “Реликттер” қоғамдық бірлестігінің төрайымы болғансыз, Усти-над-Лабем қаласындағы университетте қоршаған орта психологиясынан және мәдени антропологиядан сабақ бергенсіз. Брно қаласында Масарик университетінің докторантурасын аяқтағансыз. Алда немен айналыспақсыз, ғылыми-оқытушылық қызметке ме, әлде қоғамдық қызметке ме, қайсысына ораласыз?
– Иә, сіз дұрыс айтасыз! Әлбетте, мен осы қызметтің бәрін жалғастырам. Бәлкім, “Реликттер” жобасының кеңейгені сізге қызық көрінер, біз Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Чехияның шеткі аймақтарында өмір сүрген немістердің ғана емес, сонымен қатар жеке адамдардың тарихын зерттеп, деректер жинаумен шұғылданамыз.
Бүгіндері жобамыз “мақпал революциясынан” кейін Чехияға қоныс аударған өзге де шетелдіктерді қамтиды. Олардың Чехияда дүниеге келген балалары, егер ана тілі мен ұлттық мәдениетін сақтай білсе, бірден екі мәдениеттің өкілі бола алады — чехтың және өз ұлтының. Мен орыстар, украиндер, венгрлер, поляктар және басқа да ұлттар жайлы айтып отырмын. Әрине, Қазақстаннан келушілер жайлы да. Мұнда өзге халықтармен салыстырғанда аздау болса да, ондай отбасылар баршылық.
Бізге қызығы — шетелден келіп қоныс тепкендердің балаларының жаңа Отанға деген сезім-көзқарастарының қандай болатындығы және жаңа елде оларды өз ата-аналарымен салыстырып байқау. Өз елдерінен ұлттық мәдениеттерінің нәрін бойына сіңіріп, осында бақыт іздеп келген, дәл қазір кемел шақтағы әлгі ата-аналар ол қасиеттерін жоғалтып алмай ма, былайша айтқанда, олар «могиканның соңғы тұяғы» болып қала ма деп те қауіптенем. Өйткені, кейбір неміс отбасындағы балалардың ассимиляцияға ұшырағанын көріп отырмын. Яғни, олар чех мәдениетіне жұтылып кетіп жатыр.
Өзге ұлттардың ұрпағының тағдыры да дәл сондай болады-ау деп болжаймыз. Осындай өмір тарихтары мұражай үшін қызықты дүние. Адамдық көзқарас тұрғысынан да бұл өте қызық. Бірақ біз тарихи талдаумен айналыспаймыз.
Біздің ісіміз — жеке адамдардың өмір тарихынан шындығын бұзбаған күйі дерек жинау. Сосын оны мұражайға қоямыз, жеке адамның тағдыры, өмір тарихы қызықтырған жандар келіп тамашалай берсін. Сол келген адамның да Чехия немесе Чехословакия кезіндегі болған үлкен немесе кішігірім халықтар көші кезеңіндегі оқиғаларға адами тұрғыдан өзіндік қызығушылығы артар еді.
ТУҒАН ӘЖЕМ АСТАНАНЫҢ ҚЫЗЫ
– Жәмилә ханым, сіздің отбасылық және жеке өміріңізге ауыспас бұрын, Қазақстанның — сіздің тарихи отаныңыздың қазіргі жаңа астанасы қандай әсерге бөлегенін сұрасам деп едім. Ұмытпасам, сіз осыдан жарты жыл бұрын Чехия министрі ретінде Астанада болғансыз.
– Менің Астанаға деген өзіндік қызығушылығым болды. Себебі, Астана немесе бұрынғы Ақмола — әжемнің туған жері. Әжемнің аузынан туған жері жайлы бала кезімнен естіп өстім.
Бірақ, әрине, көзбен көргендей қайдан болсын. Астананы алғаш көргенде ерекше әсерлендім. Бір кездегі шеткері жатқан шағын қалашықтың Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның орталығы болуға лайықты астанаға айналуы ғажап-ақ. Жас мемлекеттің сыртқы саясаттағы қадамдарын бақыласаңыз, сөз жоқ, аймақтық орталық болуға деген құлшынысын аңғарасыз.
– Бәлкім, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің дерсіз...
– ...немесе тіпті Еуразияның. Әуелгі таңданыс, әрине, осындай қаланың бой көтергендігі. Қала әлі де жасану үстінде. Яғни, Астана әлі салынып біткен жоқ. Қаншама жаңа құрылыстар жүруде! Ол да терең әсерге бөлейді. Қала ықпалды орталық болу, жас мемлекеттің екпінін және болашақта қандай роль ойнағысы келетінін көрсету, дәлелдеу мақсатында салынуда.
Конференция бір күнге ғана белгіленгендіктен және бағдарламаның ауқымдылығына байланысты жергілікті тұрғындардан аз ғана адаммен тілдесе алдым. Түсінгенім — олар Алматының адамдарына қарағанда өзгеше екен. Бұл сөзімді кешірерсіздер, мен өзім Алматыда туып-өскенмін, сол себепті Астанаға қызыға да, қызғана да қараймын.
Яғни, менде ескі астанаға деген сағыныш әлі бар. Меніңше, Астананы көріп қайтқан адам Қазақстанды көріп қайттым дей алмайды. Олай деу үшін ол адам екі астананы да — ескісін де, жаңасын да көру керек. Сонда ғана, иә, мен Қазақстанда болғанмын деуіне болады.
– Жәмилә ханым, енді отбасыңызға, жеке өміріңізге уақытыңызды көбірек арнайтын боларсыз? Отбасылық өміріңіз жайында айтып берсеңіз?
– Әрине, солай. Енді отбасыма көңіл бөлуге уақытым жетеді. Министр лауазымындағы адам мәжілістерден, не қызмет бабымен Чехия бойынша ғана емес, әлем бойынша сапар шегуден қолы тимеген кезде шынымен өзін отбасының алдында кінәлі сезіне бастайды екен.
Ал, бүгіндері бос уақытымның көбірек екені рас. Қазір мен нешетүрлі отбасылық шараларды ойластыруға көбірек уақыт жұмсаймын. Қызым Кәмилә шетелде оқиды. Мен министр лауазымынан босағаннан кейін ол да Чехияға жиі келетін болды, жиі көрісетін болдық.
Серігіммен екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас та жақсарды. Шынын айтқанда, министр кезімде отбасым менің елесімде ғана болатын, ешбір уақытым болмайтын.
Меніңше бұл — саясаттағы барлық әйелдің ортақ мәселесі. Әйел адамға жас кезінде, бала-шаға жоқ кезде, немесе балалары есейген соң саясатпен айналысуға болады дер едім. Өзім осы екінші топқа жатамын, балаларым ересек, әрқайсысы өзімен- өзі.
Қазір енді күн сайын қандай да бір міндеттің бар-жоғын ұмытып кетесің. Енді, сұрамасаңыз да айтайын, өзіме де уақыт бөлуге мүмкіндігім бар, отбасыма ғана емес, дос-жаранға да уақытым жетеді.
– Балаларыңыз Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысы барын сезіне ме?
– Меніңше оларда туыстық сезім бар. Олар Қазақстанда бірнеше рет болған, жай-жапсарды біледі. Олар үшін Қазақстан — ата мен әже, аға мен әпке, немере ағайын. Қазақстан олардың жүрегінде. Өйткені, біз туған-туыспен жиі кездесіп тұрамыз. Бұл олардың түп-тамыры,отбасы.
Яғни, олар Қазақстанды география немесе халықаралық жетістіктері арқылы емес, отбасы арқылы қабылдайды. Әрине, ол жағынан да таниды, фильм көреді, музыка тыңдайды дегендей, бірақ, ең бастысы, олар біздің үлкен отбасының мүшелері. Олар өздерін осы отбасының толыққанды мүшесі сезінеді. Меніңше, осыдан-ақ бәрі түсінікті секілді.
Шетелде оқитын қызым Кәмилә ең әуелі өзін Қазақстанмен байланысы берік еуропалық сезінеді. Былайша айтқанда, ол бірнеше әлемнің азаматы боп табылады.
Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, ұлым Аланның өз көзқарасы әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Қызым болса, жиырмада, нағыз ел танып, жер көретін жаста.
– Қызықты әңгімеңіз үшін рахмет, Жәмилә ханым.

Чехия министрі болып тұрған кезінде Жәмила Стехликова Украина президенті Виктор Ющенкомен әңгімелесіп тұрған сәті.

Чехияның бұрынғы министрі Жәмила Стехликова Азаттық радиосының журналистерімен бірге. Прага, ақпан, 2009 жыл.