Саяси қылмыскер деп айыпталып жиынтығында 40 жылға жуық Қытай түрмелерінде отырған қазақ қаламгері Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» атты романының толық нұсқасы 6 кітап болып Қазақстанда алғаш рет жарық көрді. Жасы биыл сексеннің төртеуіне келген Қажығұмар Шабданұлы туған жерін, елін көруге зар болып отыр.
ҚЫТАЙ ТҮРМЕСІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ТУЫНДЫ
Аумалы-төкпелі заманда аласапыран күй кешіп, аштықтан, жазықсыз жазалаудан жансауғалап, әр қиырға көшкен қазақ тағдыры мен өмірінің жартысын жаны мен тәні қиналып, тас қапас түрмеде өткізген адам тағдыры барынша шынайы, көркем суреттелген әрі оқыған адамды бей-жай қалдырмайтын «Қылмыс» деп аталатын роман қазіргі қазақ әліпбиімен Қазақстанда алғаш рет толық басылып, баспадан жарық көрді.
Романның бірінші жолы «Құдіретті тергеушім, зәредей өтірік айтсам, тас төбемнен ұрыңыз», – деп басталады. Жаңа кітаптың таныстырылымы қарашаның 24-і күні Алматыда өтті.
Шығарма ауторының азапқа толы тағдыры секілді бұл кітап та көпшілік оқырманға жетпес бұрын талай тауқыметтен өткендігі айтылды.
– Бұл кітапты шығару оңай болған жоқ. Және де мұндай шығарма Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, жарық көрмеген. Ұзақ жылдар бойы түрмеде жазылған кітаптың қолжазбасы әртүрлі жолдармен маған жеткен болатын. Алайда, осы кезге дейін құзіретті орындарға қанша айтылып, қанша жазылғанымен еш нәтиже болмай, демеуші табылмады. Және қатарынан екі-үш жыл үкіметтің жоспарына енбей келді. Сөйтіп, ақыры биылғы жылдың жоспарына еніп, жарық көріп отыр. Биыл жасы 84-ке келген Қажығұмар Шабданұлының көзі тірісінде кітабының Қазақстанда жарық көргеніне қуаныштымын, – деді жазушы Қабдеш Жұмәділов.
Алты томнан тұратын «Қылмыс» романы Қазақстанда Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына қарасты «Атажұрт» баспасынан 2 мың дана таралыммен басылып шықты.
– Бұл Қазақстанда толық жарияланып отырған роман. Оның алғашқы екі кітабы түрмеде жазылғанын көзіқарақты оқырман білуі керек. Роман жанры жағынан мемуарға жатады. Алайда, шығарма жеке адамның өмірімен шектелмейді. Шығармада Шыңжаң қазағының қилы-қилы жарты ғасырлық тарихы қамтылған. Бүгінгі ұрпақ ұлттық езгінің не екенін, отаршылдық зорлықтың небір түрін осы кітаптан оқи алады, – деді «Атажұрт» баспасының бас редакторы Ақберен Елгезек.
Қытайдан келген қазақ ақыны Дәулетбек Байтұрсынұлының айтуынша, Қажығұмар Шабданұлының Такламахан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда жүріп жазған «Қылмыс» романының бірінші кітабы 1982 жылы Қытайдың Үрімжі қаласындағы халық баспасынан жарық көрген. Ал, 1985 жылы романның екінші кітабы аталған баспадан басылып шыққан. Үшінші кітабы басылып шығып, бірақ мұқабасы қапталмаған күйі «кісенделген». Өйткені, ауторы кезекті рет тұтқындалған болатын.
– Қажығұмар Шабданұлына кезекті рет жала жабылып, қайтадан тұтқындалған кезде баспадан шыққалы тұрған «Қылмыс» романының үшінші, төртінші томы сол баспаның өзінде туралып, көзі жойылды. Сол кезде біз, туралып жатқан жерінен әртүрлі жолдармен «Қылмыстың» үшінші, төртінші кітабын алдық. Ол кітаптар қолдан-қолға өтіп оқылды, – дейді ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы.
Ол «Қылмыс» романы Совет өкіметі мен Қытай өкіметі секілді екі бірдей империяның езгісінде қалып, табанында жанышталған қазақ ұлтының трагедиясын суреттейтін шығарма деп сипаттады.
Осыдан бес жыл бұрын, 2004 жылы, Қазақстанда Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы басылып шыққан болатын. Бес мың данамен шыққан ол шығармаға Шыңжаң қазақтарының ұлт азаттығы үшін күрескен Зұқа батырдың өмірі арқау болған.
АТАМЕКЕНДІ АҢСАҒАН ЖАЗУШЫ
Жазушының кенже қызы Жайнар Қажығұмарқызы қазірде Алматы облысында тұрады. Ол әкесіне «Қылмыс» романы 6 том болып Қазақстанда толық басылып шыққаны туралы хабарды телефонмен жеткізгенін, оны естіп әкесінің қатты толқығанын баяндады.
Жайнар Азаттыққа берген сұхбатында әкесінің ендігі бар арман-тілегі кіндік қаны тамған Қазақстанға келу екенін айтады.
Бірақта Қытай өкіметі Қажығұмар қартты елден шығармайды. Бұл тұрғыда Қазақстан жағынан жасалған қарекеттерге Қытай билігі илікпей отыр дейді Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев:
– Біз Қажығұмар Шабданұлын түрлі жолдармен Қазақстанға әкелуге әрекет жасадық. Біз Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының, Көші-қон комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағының және жақын-туыстарының атынан да түрлі шақыртулар ұйымдастырдық. Әзірге үйқамағында ұстап отырған ағамызды Қытай өкіметі жіберетін емес. Былтыр мен тікелей елбасына хат жазып, Сыртқы істер министрлігіне осы мәселені тапсырыңызшы, Қажекеңді шығаруға көмектесіңізші деп өтініш айттым. Ол кісі тікелей сыртқы істер министріне тапсырма да берді. Олар дипломатиялық жолдармен де айналысып көрді. Бірақ, әзірге шешілетін емес. Қызы Жайнардың айтуы бойынша, ол кісінің үйқамақтағы уақыты 2010 жылы ресми түрде бітеді деген әңгіме бар. Егер, 2010 жылы үйқамақтағы мерзімі ресми бітсе, бұл мәселе оң шешіліп қала ма деген үмітіміз де бар.
«Қылмыс» романында өзге кейіпкерлердей өзгертіліп емес, өз есімімен аталатын Жағда Бабалық кезінде Шыңжаңдағы ұлт-азаттық қозғалысының бел ортасында болған, өткен ғасырдың 50-ші жылдары Қытайдың Тарбағатай аймағының, Іле қазақ автономиялы облысының басшы қызметтерін атқарған. Бірақ кейіннен қуғындалып, 1961 жылы Қазақстанға қоныс аударған.
Қазірде жасы 90-нан асқан этнограф-ғалым Жағда Бабалық Қажығұмардың Қазақстанға келуіне Қытай өкіметін көндіру үшін бүкіл ел-жұрт болып халықаралық қауымдастыққа хатпен шығу керек дейді:
– Қажығұмардың енді қанша өмірі қалғанын бір Алла біледі. Оны әлі шығармай отыр. Біз енді не істеуіміз керек? Мен жігіттерге айтып жүрмін: мұны халықаралық дәрежеге көтеріп, ел болып БҰҰ-на хат жазуымыз керек. Осы ойымды құптасаңыздар, сол хатты жазуға көмектесіңіздер.
«ҚЫЛМЫС» АУТОРЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ
Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.

Қажығұмар Шабданұлының қызы Жайнар (сол жақта) және жазушы Сұлтанәлі Балғабай Қазақстанда жарық көрген 6-томдық «Қылмыс» романының таныстырылымы кезінде. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.
Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.