Ресейдің басып кіргені жайлы жалған хабар таратқан телеарнаны грузин оппозициясы сотқа бермек

Грузияның «Имеди» жекеменшік телеарнасының хабарынан көрініс.

Грузин оппозициясы елге Ресей әскері басып кіргені туралы «Имеди» телеарнасының жалған хабарын өздеріне қарсы соққы ретінде бағалады. Елдегі оппозиция Ресейге кетіп, Грузия президенті Михаил Саакашвили қаза болғаны жайлы телеарна хабары жұрт арасында дүрбелең туғызды.

ҮРЕЙ ТУҒЫЗҒАН СУЫТ ХАБАР

Сенбі күні кешкісін «Имеди» телеарнасы ойдан шығарылған бағдарламаны көрсеткенде көптеген көрермен дүрбелеңге түскен.

Грузиялықтар Тбилиси шекарасына Ресей танкілері басып кіріп, Грузия президенті Михаил Саакашвилидің қаза тапқаны жайлы өтірік хабарды көргенде үрейленіп, байбалам салған. Кейбірінің тіпті жүрегі ұстап, аурухана түскен.

Жекеменшік «Имеди» телеарнасының сенбі күні түнде берген хабары жексенбі күні қоғамда көптеген сындарға тап болды. Онда саяси
Грузия аумағына Ресей әскері басып кіріп, ел астанасында президент Михаил Саакашвили қаза болғаны туралы хабар сенбі күні «Имеди» жеке меншік телеарнасының «Арнайы репортаж» бағдарламасынан берілген соң жұртшылық арасында дүрбелең туды. Ақпараттың жалған екені бағдарламаның ең басында және ең соңында ғана айтылды.
оппозиция бәрін тастап Ресеймен кетті делініп, оппозиция жетекшісі Нино Бурджанадзе мен бұрынғы премьер-министр Зураб Ногайделидің аттары аталған.

Грузия оппозициясы «Имеди» арнасының бұл хабарын ашу туғызатын әрі жауапсыздық іс деп атады.

«Мен осылай біреу сені еш жауапкершіліксіз басқа бір елдің тыңшысы деп атайтын, мұндай жағдайлар болуы мүмкін басқа бір дұрыс елді елестете алмай отырмын. Мен Грузия халқы тұрақтылық, елдің бірлігі мен демократия үшін өз таңдауларын жасайтынына өте сенімдімін. Бізге бұл қылмысты, жауапсыз үкіметті ауыстыру керек», - деді парламенттің бұрынғы спикері, оппозиция жетекшісі Нино Бурджанадзе.

Грузин оппозициясы «Имеди» телеарнасының сенбі күнгі дүрбелең туғызған бағдарламасын үкіметтің жүргізіп отырған насихаты деп сынады.

Тбилисиден түскен хабарларға қарағанда, бұл хабарды көрген кезде үрейленген адамдар бірден есікке жүгіріп, көптеген адам бір-біріне телефон шалып, тіпті жүрегі ұстап жедел жәрдем шақырушылар көбейген.

ОППОЗИЦИЯ ТЕЛЕАРНАНЫ СОТҚА БЕРМЕК

Ел астанасындағы православ шіркеуінің священигі Давид әкей Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында, телеарнаның шындыққа келмейтін хабар бергені қылмыстық іс деді.

«Жағдай онсыз да қиын болып отырғанда мұндай мәселені қалжың етіп хабар беру қылмыс болып саналады. Олар бұл үшін жауап беруі тиіс. Сот арқылы жауап алынуы керек», - деді православ шіркеуінің өкілі.

«Имеди» телеарнасының бұл хабары 2008 жылдың тамызында Ресей әскери бөлімшелерінің Грузияға басып кіргеніне 18 ай толған кезде
«Имеди» телеарнасының алдына наразылық шеруіне жиналған жұрт жалған ақпарат таратқаны үшін телекомпанияны жауапқа тартуды талап етуде. Тбилиси, 14 наурыз 2010 жыл.
берілді. Бұл хабарда осыдан бір жарым жыл бұрынғы әскери қақтығыстан алынған бірқатар видео-сюжеттер көрсетілді.

Грузия президенті Михаил Саакашвилидің досы иелік ететін «Имеди» телеарнасы бағдарламаның алдында оның болуы мүмкін оқиғалар туралы ойдан құрастырылған екеніне тоқталған. Бірақ толық бағдарлама барысында ол нағыз шынайы оқиға сияқты көрсетіліп, оның сайқымазақ хабар екені ескертілмеген. Кейін бұл арна өздерінің халықты әбігерге салған бағдарламасы үшін халықтан кешірім сұрады.

Жексенбі күні президент Саакашвилидің өкілі Манана Манжгаладзе «Имеди» телеарнасына барып, оның қызметкерлеріне президенттің ескерту жасаған жолдауын жеткізген.

«Мені президент телеарна қызметкерлеріне жолдап, біздің елге әлі де төніп тұрған қауіп-қатер жағдайына қарамастан, мұндай бағдарлама жасауда оның шындық емес екенін хабардың басында ғана бір сөзбен ескертіп қоймай, оның болуы мүмкін оқиғалар негізінде құрастырылғаны жайлы экранға жазып қою қажет болғанын айту үшін жіберді», - деді Грузия президентінің өкілі.

Оппозиция лидері Нино Бурджанадзе өзінің «Біріккен Грузия-Демократиялық қозғалысы» бұл бағдарлама үшін «Имеди» телеарнасы мен билікті сотқа беретінін айтты.