Грузиядағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы алудың үміті пайда болды

Еуропалық сот, Грузияны, ата-аналары сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болды деп табылған ағайындыларға өтемақы төлеуге міндеттеді. Грузия заңдағы олқылықтарды жойып, советтік қылмыстың мыңдаған құрбандарына өтемақы төлеуі керек.

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҮШІН ЖАУАП БЕРУ

Сталиндік диктатура кезінде олардың отбасылары бастарынан өткерген қуғын-сүргінге байланысты әділеттің салтанат құруын көру үшін ағайынды Клаус және Юрий Киладзелерге 70 жылдан аса күтуге тура келді.

Ақпанның басында Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Грузияны ағайынды Киладзелерге өтемақы беруден бас тартқан істі қайта қарап, олардың әрқайсысына 4 мың еуродан төлеуге міндеттеді.

Еуропалық соттың осы шешіміне байланысты аймақта советтік режимнің қылмыстары туралы және осы қылмыстар үшін кім жауап беруі керек деген мәселе қайта көтерілді. Өзін СССР-дің мұрагерімін деп жариялаған Ресей ме, әлде кезінде Мәскеудің нұсқауымен жұмыс істеген жергілікті үкіметтің мұрагерлері ме?

АТА-АНАСЫН ГУЛАГҚА

Клаус Киладзе оның заңдық жеңісі Грузиядағы өзге де қуғын-сүргін құрбандарына өз үкіметінен өтемақы талап етуге қозғау салады деген үмітте. Атап айтқанда Киладзе былай деді: «Арамызда тірі жүрген қуғын-сүргін құрбандары жоқ шығар. Олардың балалары тірі, әне солар алу керек өтемақыны».

Клаус Киладзе қазір 83 жаста. Оның әкесі сталиндік террор қызып тұрған кезеңде атылып, ал анасы ГУЛАГ-қа тасталған. Олардың Тбилисидегі пәтерін өзге мүліктерімен бірге тәркілеген. Ағайынды Киладзелер еркіндікте қалған туыстарынан ажыратылып, Ресейдегі жетімдер үйіне жіберілген.

Әжелерінің қажымай-талмай ізденуінің арқасында ағайындыларды екі жылдан соң жетімдер үйінен шығарып алуға мүмкіндік туады. Олардың аналары ГУЛАГ-та тірі қалып, Грузияға қайтып келеді. 1950 жылдары, Сталин өлгеннен соң, ол да, марқұм күйеуі де ақталады.

СОТТАРДЫҢ БАС ТАРТУ СЕБЕПТЕРІ

Грузия тәуелсіздік алғаннан кейін сегіз жыл өткен соң, 1998 жылы ағайынды Киладзелердің ата-анасы ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандары деп мойындалды.

2005 жылы Клаус пен Юрий Киладзелер, 1997 жылы Грузияда қабылданған, қуғындалған азаматтарды қорғау туралы заң негізінде моральдық және қаржылық өтемақы талап етіп, сотқа шағым түсірді.

СССР тарқаған соң аймақтағы көптеген елдер коммунистік кезеңмен байланысты проблемаларды шешу мақсатында мұндай заңдарды
Сталинді дәріптеушілер совет көсемінің туған күні қаланың орталық алаңында оның суретін ұстап тұр. Грузия, Гори қаласы, 21 желтоқсан 2009 жыл.
қолдады. Алайда, Грузия соттары өтемақы мөлшерін анықтау үшін қосымша заңдар керек деген себеппен ағайынды Киладзелердің өтінішін қанағаттандырмады.

Бұдан кейін ағайынды Киладзелер француздың Страсбург қаласында орналасқан Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданды.

Еуропалық соттың шешімі Клаус және Юрий Киладзелердің моральдық және қаржылық талап бойынша көптен күткен көңілдерін орнына түсірді.

КӨЗІ ТІРІ КЕЗДЕГІ ӨТЕМАҚЫ

Бұл шешімнің кеңірек мәні бар. Страсбург соты грузин үкіметін жедел түрде заңнамадағы кемшілікті жойып, арнайы заң қабылдауға міндеттеді.

Осылайша, режимнің қарт құрбандарына көзі тірісінде өтемақы алуға мүмкіндік туады. Үкіметтің есептеулері бойынша, мұндай жағдайда
Гори қаласының тұрғыны Сталиннің туған күні оның ескерткіші алдында, совет көсемінің айтып кеткен сөзін еске алып, ұрандатып тұр. Грузия, 21 желтоқсан 2009 жыл.
советтік қылмыстардың құрбандары ретінде бұған құқы бар 16 мың азаматқа Грузияның өтемақы төлеуіне тура келеді.

Грузия әділет министрінің бірінші орынбасары Тина Буржалиани үкімет Страсбург сотының шешімін мойындайды және бұл тек Киладзелер ісіне ғана қатысты болмайды деп мәлімдеді.

МӘСКЕУДІҢ НҰСҚАУЫМЕН

Бұған қоса Тина Буржалиани өтемақы туралы сот шешімінде, Киладзелер отбасын қудалауда Ресейдің рөлінің есепке алынбағандығына қынжылыс білдірді.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімі Грузияда ашу-ыза толқынын тудыруы да мүмкін. Елде Грузия күшпен басып алынған және Ресей советтік қылмыстардың қатысушысы деген пікір кең тараған.

Президент Михаил Саакашвилидің үкіметі Тбилисиде советтік оккупацияның мемлекеттік мұражайын ашып, бұл көзқарастың тереңдей түсуіне өз үлесін қосты. Елде советтік кезеңнің символдары барлық жерден алынуда.

Алайда, Грузияда коммунизм идеясы жолында жасалған жауыздықтар үшін грузиндер де жауапкершілікті бөлісулері керек деп есептейтін көптеген адамдар бар.

Ағайынды Киладзелерге Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымдануларына көмектескен Грузия жас адвокаттар ассоциациясының басшысы Тамар Хидашели де осындай көзқараста.

Тамар Хидашели Грузия – Совет Одағының бір бөлігі болғанын еске салады. Бұйрықтар көбінесе Мәскеуден келгенімен, саяси жазалауларды грузиннің билеуші ортасы іске асырғанын ұмытпау керек деп атап өтеді ол.