Алматы қаласындағы «Столичная недвижимость» компаниясының жүздеген үлескері 65 миллион долларды талан-таражға салған компанияның басшыларына қарсы қылмыстық істің сотқа берілуін талап етті. 2008 жылы шілде айында қозғалған қылмыстық іс прокуратураның қарауында әлі жатыр, айыпталушы қашып кеткен.
Алматы қаласының ең қымбат аудандарының бірі - әл-Фараби – Марков көшелерінің қиылысындағы 16 қабатты 4 бірдей зәулім тұрғын үйлер, жоспар бойынша, 2007 жылы бой көтеруі тиіс еді. Алайда «Солнечный квартал» деп аталатын бұл тұрғын үй кешені құрылысының тоқтап тұрғанына 2 жыл болды.
Құрылысқа жауапты «Столичная недвижимость» акционерлік қоғамы басшыларының үлескерлердің қаржысын талан-таражға салғаны 2008 жылы ғана белгілі болды. Соның салдарынан не үйлеріне кіре алмай, не төлеген ақшаларын кері қайтара алмай сергелдеңге түскен үлескерлер сейсенбі күні баспасөз мәслихатын шақырып, компания басшыларына қатысты қылмыстық істің жылдам қаралуын талап етті.
«Столичная недвижимость» компаниясының жалғыз (100 пайыз акция иесі) акционері Евгений Белавиннің айтуынша, қазіргі таңда 818 үлескердің тұрғын үй құрылысы аяқталмай қалған: «Шығыс» – 364 ; «Солнечный квартал» – 370; «Шанырақ» - 65 және «Жетіжол» – 19. Қолды болған қаражат көлемі – 65 млн доллар.
Алданған үлескерлер 2008 жылы шілде айында ғана қалалық қаржы полициясына шағым түсірген. Сол арыздың негізінде Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының негізінде қылмыстық іс қозғалып, «алаяқтық» жасаған деген айыппен «Столичная недвижимость» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Серік Бектаев қамауға алынды. Сонымен қатар, компанияның басқа да басшылары - Татаринов, Тұтқұшев, Шалбаев, сондай-ақ кәсіпкер Нұров және т.б. осы іске тартылған.
Компанияның акционері Евгений Белавиннің айтуынша, қазірдің өзінде күдіктілердің бірқатары Қазақстан аумағынан шығып үлгерген.
- Іс бойынша «Столичная недвижимость» компанияcының бас директоры Балабеков және «Столичная недвижимость. Құрылыс» компаниясының бас директоры Тұтқышев айыпталушылар ретінде қаралуда. Бірақ, олардың екеуі де абақтыға түскен жоқ. Одан қалды, Балабеков Қазақстаннан ың-шыңсыз көшіп кеткен, - дейді акционер Евгений Белавин.
Оның айтуынша, қазіргі таңда сөз болып отырған істің материалдары прокуратураның қарауында жатыр. Алайда тергеу амалдарының аяқталуын бір жылға жуық уақыт күткен үлескерлер іс материалдары бұл мекемеде тағы жатып қала ма деп қорқады.
- Біз қазір өз мүддемізді қорғаудың кез келген тәсіліне жүгінуге бармыз. Өйткені, құрылыстың 70 пайызы бітіп тұр. Қалған аз бөлігін салып бітсе, үлескерлер өз пәтерлерін алар еді. Бірақ біздің тілегіміз орындалар емес. Бір жылдан бері «Столичная недвижимость» компаниясының бұрынғы басшыларының ісін қарап жатқан қаржы полициясы бұл процесті тездетер емес. Іс созылып кетті. Біз бұл істің тез арада сотқа берілуін, шешім шығарылып, құрылыстың аяқталуын талап етеміз, - деді үлескер Алма Рысқалиева.
Компанияның акционері Евгений Белавиннің айтуынша, «Шығыс» тұрғын үй кешенін аяқтауға 2 млрд теңге, ал «Солнечный квартал» кешеніне – 1 млрд 300 млн теңге қажет екен.