АТА–АНА АҚШАНЫ ОҚУ САПАСЫ ҮШІН ТӨЛЕЙДІ
Халықаралық бизнес академиясының құрамына кіретін колледжге балаларын оқыту ата-аналардың қалталарына ауыр тиеді. Егер оқушы 5-ке оқыса, оқудың бағасы жылына 65 мың теңгені құрайтын болады, ал егер ол “жақсы” бағаларын алып жатса қалтадан 72 мың теңге шығаруға тура келеді. Үлгерім көрсеткіші “қанағаттандырарлық” оқушылардың ата-аналары болса жылына 78 мың теңге төлейді. Әрине, осындай қаражат шығарып жатқан ата-аналар колледжде білім берудің де жоғары деңгейде болуын талап етеді.
- Директор колледждің бағытын гуманитарлық қылып ауыстырғысы келіп отыр. Соңғы уақытқа дейін бұл жерде информатика, математика, физика, химия және география пәндері тереңдетіліп оқытылатын. Енді олардың сағаттары қысқартылды. Демек бұл қарапайым орта мектептің бағдарламасы деген сөз. Ендеше колледждің кез-келген тегін оқытатын басқа мектептерден айырмашылығы қандай болады? - дейді колледж оқушысының анасы Ольга Степанова.
ЖАҢА ДИРЕКТОРДЫҢ ӨЗГЕРТУЛЕРІНЕ ОҚУШЫЛАР ДА НАРАЗЫ
- Жаңа директор келгеннен кейін біздің ұстаздарымыз ауыса бастады. Қазірдің өзінде 15 мұғалім жұмыстан шығып кетті, - дейді колледж студенті Альбина.
Мектеп басшылығына наразылықтарын айтайын деген ата-аналарға мекеме қызметкерлері бөгет жасап, оқу орны ғимаратына кіргізген жоқ. Ал біраз уақыттан кейін тағы бір өзін таныстырмаған азамат ата-аналарды директордың кабинетіне шақырды. Алайда бұл ретте де
Кейіннен телефон арқылы колледж басшылығымен тілдеспек болғанымызда ондағылар директордың сырқаттанып қалғанын айтып, сөйлесу мүмкін емес деді. Колледжге жаңадан тағайындалған директор Зинаида Петренко осының алдында Қарағанды қаласының № 93 орта мектебінің директоры қызметін атқарған.
Ішкі тәртіпті бұзғаны үшін мектеп оқушыларының ата-аналары наразылық білдіріп, содан дау-дамайы туындаған. Тексеріс нәтижесінде директордың мектепте жұмыс істемеген мұғалімнің жалақысын өзі алып келгені анықталған. Үстіміздегі жылдың көктемінде оны кінәлі деп тапқан сот оған жаза ретінде айыппұл салу шешімін қабылдап, директорлық қызметке сәйкес емес деп тапқан.
Осыдан кейін ол лауазымынан босатылған. Колледжде балалары оқитын ата-аналар мұндай қызметкердің араға аз уақыт салып қалайша басқа бір оқу орнының тізгінін ұстағанын түсінбейтіндіктерін айтады.
ата-аналармен қоса Азаттық тілшісі директорға кіре алған жоқ. Білім беру мекемесінің басшылығы тілшінің ата-аналармен қоса кіретінін естіп, ғимаратқа ешкімді маңайлатпай қойды.