Қарашаның 18-і күні таңертеңгілік Қарағанды қаласы орталығындағы «Казтелерадио» АҚ телехабар тарату мұнарасының басына бір ер адам «Помогите» деген жазуы бар жалаумен шығып алған. Оны құтқарушылар мен полиция үш сағаттан кейін ғана мұнара басынан түсірді.
Ол осыдай жанкештілік әрекетке баратынын полицияға қоңырау шалып ескерткен көрінеді. Алайда дәл солай болар деп ойламаған полиция бұл хабарды бей жай қалдырған екен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар, жедел жәрдем қызметі және полиция қызметкерлері оны келіссөздер арқылы 3 сағат өткенде әзер дегенде жерге тусуге көндірді. Жерге түсісімен оны полиция қызметкерлері көліктеріне мінгізіп алып кетті.
Полицейлер мұнара басына шығып алған азаматтың аты жөнін анықтады. Ол – 1970 ші жылы туған Қарағанды қаласының азаматы Юрий Хореев болып шықты. Юрий Хореев осының алдында 3 рет ұрлық жасағаны үшін 2 рет есірткі заттарын сақтағаны үшін жазасын өтеген екен. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаеваның айтуынша, Юрий бұл қадамға тағы да түрмеге түсу қауіпінен барғанын айтады.
-Юрий Хореев осының алдында 5 рет істі болған деп айттық қой. Осы жолы да ол есірткі сақтағаны үшін ұсталып бүгін сағат 9:30 да оның ісі бойынша сот процесі болуы керек еді. Алайда ол осы мәселеден шығу үшін мұнара басына шығып алып, көпшілік назарын өзіне аудармақ болды,- дейді Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаева.
Есірткі сақтады деген күдікпен ұсталған Юрий Хореев кәмелеттік жасқа толмаған 3 және 5 жастағы балалары болғаны ескеріліп ешқайда шықпау туралы қолхатпен сот ісі қаралу уақытында бостандықта жүрген. Полицейлер оның бұл қадамға баруының тағы бір болжамын айтып отыр.
Юрийдің әйелі 1972 жылы туған Екатерина Шебанова қазіргі таңда есірткіге және ішімдікке тәуелділерді мәжбүрлеп емдейтін наркологиялық орталықта ем қабылдап жатыр. Екі бала болса бір ай бойына бөбектер үйінде бағылып-қағылуда. Юрийге қарсы іс қозғалған сәттен бастап әлгі бөбектерді мемлекет қарауына өткізу үшін құжаттарды дайындау ісі де басталып кеткен. Балаларының жетімдер үйіне өткізілетінін білген ол осы қадамға баруы ықтимал,- дейді Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаева.
Мұнара басынан түскен сәтте тілшілерге Юрий Хореевтің айтып үлгергені мынау еді:
-Ия бұрын ішкеніміз рас. Бірақ қазір бәрін қойдық. Әйелім емделіп жатыр. Сот процесінде маған жеңілдік жасап, балаларымды алып қоймаса екен деп осы әрекетке бардым,- деді Юрий Хореев.
Полиция қызметкерлерінің айутынша бүгінгі әрекеті үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалмайды. Дегенмен осындай оқиғаның қайталанану мүмкіндігі ескеріліп, ол әзірше уақытша қамауға алынған.

Телемұнараға шығып алып наразылық білдірген Юрий Хореев жерге түсісімен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ғалым Көпжасаров онымен тілдесті. Қарағанды, 18 қараша 2009 жыл.
Полицейлер мұнара басына шығып алған азаматтың аты жөнін анықтады. Ол – 1970 ші жылы туған Қарағанды қаласының азаматы Юрий Хореев болып шықты. Юрий Хореев осының алдында 3 рет ұрлық жасағаны үшін 2 рет есірткі заттарын сақтағаны үшін жазасын өтеген екен. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаеваның айтуынша, Юрий бұл қадамға тағы да түрмеге түсу қауіпінен барғанын айтады.
-Юрий Хореев осының алдында 5 рет істі болған деп айттық қой. Осы жолы да ол есірткі сақтағаны үшін ұсталып бүгін сағат 9:30 да оның ісі бойынша сот процесі болуы керек еді. Алайда ол осы мәселеден шығу үшін мұнара басына шығып алып, көпшілік назарын өзіне аудармақ болды,- дейді Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаева.
Есірткі сақтады деген күдікпен ұсталған Юрий Хореев кәмелеттік жасқа толмаған 3 және 5 жастағы балалары болғаны ескеріліп ешқайда шықпау туралы қолхатпен сот ісі қаралу уақытында бостандықта жүрген. Полицейлер оның бұл қадамға баруының тағы бір болжамын айтып отыр.
Юрийдің әйелі 1972 жылы туған Екатерина Шебанова қазіргі таңда есірткіге және ішімдікке тәуелділерді мәжбүрлеп емдейтін наркологиялық орталықта ем қабылдап жатыр. Екі бала болса бір ай бойына бөбектер үйінде бағылып-қағылуда. Юрийге қарсы іс қозғалған сәттен бастап әлгі бөбектерді мемлекет қарауына өткізу үшін құжаттарды дайындау ісі де басталып кеткен. Балаларының жетімдер үйіне өткізілетінін білген ол осы қадамға баруы ықтимал,- дейді Қарағанды облысының ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Роза Ібілдаева.
Юрий Хореев сот процесінің алдында наразылық білдіріп телемұнараның басына шығып алды. Қарағанды, 18 қараша 2009 жыл.