Оппозиция қайраткерлері, құқық қорғаушылар мен заңгерлер ҰҚК-нің әрекеті қасіретті 1937 жылды еске түсіреді дейді. ҰҚК-нің өзі бұл пікірмен келіспейді. Өз сұхбатында ҰҚК-нің төрағасы арнаулы қызметтер тек заң шеңберінде ғана жұмыс істейді дегенді алға тартады.
«ЕЛ БАСШЫЛЫҒЫНАН КАРТ-БЛАНШ АЛҒАН»
Құқық қорғаушылармен, тәуелсіз заңгерлермен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен әңгімеден соң Қазақстанда соңғы уақыттарда болып жатқан оқиғалар оларды еріксіз 1937 жылдың қасіретті кезеңімен салыстыруға итермелейтінін білдік.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қазіргі іс-әрекеттері, барлық совет халқын, оның ішінде Иосиф Сталиннің өзін үрейде ұстаған СССР Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) жазалауларын еске түсіреді дейді сыншылар.
Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис Азаттық радиосына берген сұхбатында «Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «қасиетті сиырдың» рөлі берілгендей әсер қалдырады» деп пікірімен бөлісті.
«Бұны өте оңай түсіндіруге болады, – дейді Евгений Жовтис,– өйткені бұл орган ұлттық қауіпсіздік мәселесі дегенді желеу етіп, ешкімнің бақылауында болмайтындай дәрежеге жетті. Өзінің ерекше жағдайының арқасында бұл мекеме қарапайым азаматты да, депутат пен журналисті де, жалпы бүкіл қоғамды қорқынышта ұстап отыр».
ҰҚК баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров құқық қорғаушының бұл пікірін «ешқандай негізсіз» деп есептейді. ҰҚК органдарына парламенттік бақылау қою мәселесіне байланысты Бекназаров мырза парламенттің барлығына жуық депутаттары Комитетте болып, оның барлық бағыттар бойынша жұмыстарымен танысты деп мәлімдеді.
Баспасөз-хатшысының айтуынша, ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев осыған дейін парламент мүшелерімен ондаған кездесулер өткізген. Үкімет отырыстарына да ҰҚК басшылығының өкілі тұрақты түрде қатысады.
Солай бола тұра, Қазақстанның қауіпсіздік органдары тек мемлекет басшысы мен президент әкімшілігі алдында ғана есеп беретіндігін Бекназаров мырза мойындады:
«Иә, біз парламентке есеп бермейміз. Бірақ, біз ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты заң жобаларының жасалу процесіне қатысамыз. Сондықтан, біздің парламентпен арадағы қарым-қатынас конструктивті негізде құрылған», – дейді ҰҚК баспасөз-қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров.
Соған қарамастан, адвокат Мұстахым Төлеев: «Қазір ҰҚК ел басшылығынан карт-бланш алғандықтан болар, ол өзін тәуелсіз Қазақстандағы құқық мәселесін шешетін бірден-бір орган ретінде есептейді», – деді.
ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың өзі сәл басқаша сөйлейді. Шілде айында алматылық «Эксклюзив» журналының соңғы санында басылған сұхбатында арнаулы қызмет басшысы былай деп мәлімдеді:
«Маңызды сыбайластық және экономикалық қылмыстарға байланысты, жоғары дәрежелі шенеуніктерге қатысты көптеген қылмыстық істерді тергедік. …Мемлекет басшысы біздің атқарған жұмыстарымызға жоғары баға берді. Және бүгінде ол барлық бағыттар бойынша қатаң және ымырасыз түрде, қатаң заң шеңберінде жүргізілуде».
Бұлардан бөлек, Амангелді Шабдарбаев бұл сұхбатында ішкі қауіппен күреске басымдық берілетінін баса атап өтті. Бірақ бұл ішкі қауіптің не екенін – діни экстремизм бе, билікті түгелдей жаулап алған сыбайластық пен экономикалық қылмыстар ма, заңсыз миграция ма немесе жалпы қылмыс атаулы ма, ол жағын төраға ашып айтпады.
«ЕГЕР БҰЛ 1937 ЖЫЛ БОЛМАСА, ОНДА ПРИНЦИПТІ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?»
Тап сол кезде Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша «қатаң заң шеңберінде жүргізіп отырған» ҰҚК-нің «қатаң да ымырасыз» күресін тек құқық қорғаушы Евгений Жовтис ғана емес, сонымен бірге заңгер Мұстахым Төлеев те 1937 жылғы жаппай сталиндік зобалаңмен еріксіз
Сол бір зобалаң жылы дүниеге келген Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин: «1937 жылдың қайталанғанына менің жаным ауырады», – деді Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Бұл мәселеге байланысты қазақ ҰҚК-нің өзінде не дейді екен? «1937 жылмен қандай да бір салыстыруға ешқандай негіз жоқ», – деп жауап берді Азаттық радиосының тілшісіне ҰҚК баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров.
ҰҚК өкілі «Ұлттық қауіпсіздік органдары, сталиндік НКВД-мен немесе 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргінмен салыстыратындай, ешқандай әрекет жасаған жоқ», – деп мәлімдеді. Оның үстіне Кенжеболат Бекназаров осы жолдардың ауторына: «Сіздің немесе басқа адамның келтіре алар нақты фактілері бар ма?» деп қарсы сұрақ қойды.
Бірақ, сталиндік кезеңмен салыстыру мысалын бұрынғы Бас прокурор, Мәжіліс төрағасы, ал қазіргі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай келтірді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа 1 шілдеде жолдаған ашық хатында Тұяқбай: «елге, ұлт қауіпсіздігіне жаңа, бұрынғыдан да ауырлау қауіп төнді. Бұл – ерекше өкілеттіктерге ие болған құқық органдары тарапынан болған заңсыздық пен зорлық-зомбылықтың қаупі» деп мәлімдеді.
«Шындап келгенде елдің барлық азаматтары, бетімен кетушілікке үйренген және топтық мүдделерге қызмет етудің дәмін татқан құқық органдарының кепілдігінде қалды…Егер бұл 1937 жыл болмаса, онда қандай принципті айырмашылығы бар?» деген сұрақ қояды Жармахан Тұяқбай президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында.
ЖАБЫҚ СОТТАР МЕН «ҚҰПИЯ» КУӘЛАР
Жабық немесе сырттай деп аталатын соттар, «құпия» куәлар, дәл осы «құпия» куәлар тіпті өз отбасыларынан да жасырын ұсталатын құпия пәтерлер, ҰҚК-нің тағы бір жаңалығы, адвокаттарды өзі қорғайтын адамдарға жібермеу, міне осылардың барлығы қалыпты жағдайға айналды.
Жоғарыда айтылған сұхбатта ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев бұны «барлық арнаулы қызметтердің ерекшелігі» деп атайды. Ол: «…әдетте дәл сол қауіпсіздік үшін көптеген себептерге байланысты біз толықтай ашық бола алмаймыз» дейді.
Әңгіме сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен митингілер жасау еркіндігі, сайлаудың ашық өтуі, Адам құқын қорғау және т.б. сияқты Қазақстанның өз мойнына алған халықаралық міндеттемелеріне келгенде Ақорда сөзсіз өзінің «түсініксіз ерекшелігін» еске алады.
Ақорда арнаулы қызметінің «өз ерекшелігі» бар шығар. Бірақ ол «барлық арнаулы қызметтердің ерекшелігінен» сәл өзгерек. Бұған мына бір факті дәлел бола алады.
Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Данияр Қанафинді осы арнаулы қызмет ақыры іске жібермеді. Бұл жайында ол Алматы мен Венада мәлімдеді. Аустрия астанасында 9 шілдеде өткен баспасөз-мәслихатында ол Қазақстанның арнаулы қызметтері «құпия істер» деп аталатын істер бойынша айыпталушылар шақырған адвокаттардың барлығын іске жібермейді деп хабарлады.
Данияр Қанафиннің сөзіне бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маермановтың адвокаты Мұстахым Төлеевпен болған жағдай да дәлел болады. ҰҚК тергеушісі оған да генерал Маермановты қорғауға мүмкіндік бермеген.
Оның үстіне, Данияр Қанафин Венада журналистерге, Қазақстанда адвокаттардың өзін қызметтік міндетін атқарғаны үшін қудалайтынын, олардың ізін аңдып, психологиялық сипаттағы қысым жасайтынын айтып берді. Мысалы, Данияр Қанафиннің өзін Венаға әзер жіберген.
Құқық қорғаушылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және оппозиция жетекшілерінің бірден теріс пікір білдірулеріне қарағанда бұл құбылыстардан қоғам қорқатын болса керек. Ол – халықтың көзі ашық азаматтары түгелдей жойылып, немесе ең жақсы деген жағдайда лагерлерге айдалған жаппай қуғын-сүргінді еске түсіреді.
Соңғы кездері кеңінен қолданылып келе жатқан жабық немесе сырттай болатын соттар, «құпияланған куәлар», т.б. тәсілдер дәл сол ҰҚК жүргізетін істерде қолданылады. Онда діни немесе экономикалық себептерге байланысты істер бар. Оған мысал ретінде Мұхтар Жәкішевтің, Серік Бүркітбаевтың, Рамазан Есіркеповтың істерін келтіруге болады. Немесе саяси істердің мысалына президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына байланысты бірнеше істі айтуға болады.
Осыған байланысты Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокинаның айтуынша: ҰҚК бұл іс ұлт қауіпсіздігіне байланысты деп айтса болғаны, оған қатысты тергеу де, сот процесі де қоғамнан жасырыла бастайды. Ал, шындап келгенде ол жерде ешқандай мемлекеттік құпияның қатысы жоқ.
Алайда, құқық қорғаушылар, заңгерлер мен саясаткерлер атышулы істерге байланысты сотталушыларға адвокаттардың жіберілу мәселесіне қатысты ҰҚК-нің қызметіне алаңдаушылық білдіреді. Бұл мәселе, әсіресе, «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің, қорғаныс вице-министрі, генерал Қажымұрат Маермановтың, тәуелсіз журналист Рамазан Есіркеповтың істерінде анық көрінді.
Осы аталғандардың ешқайсысына олардың өздері немесе олардың туыстары таңдаған адвокаттар жіберілген жоқ. Мұхтар Жәкішевтің ісіне байланысты атышулы ҰҚК-нің «құпия пәтерлерінде» қамауда ұсталып отырған «Қазатомпромның» тағы төрт топ-менеджеріне олар таңдаған адвокаттар жіберілмеді.
Мәселенің асқынғаны соншалық, заңгерлердің халықаралық комиссиясы Қазақстанның тәуелсіз адвокаттарын қорғауға шықты. 9 шілдеде жарияланған мәлімдемесінде бұл халықаралық құрылым Қазақстан билігін «белгілі қазақстандық адвокат Данияр Қанафинге қатысты басталған, негізсіз және құқықты бұзатын процедураларды тоқтатуға» шақырды.
ҰҚК-НІҢ ҚҰПИЯ ПӘТЕРЛЕРІ
Адам құқы жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис құқық қорғаушылар ұсталғандар мен куәларды «ҰҚК-нің құпия пәтерлері» деп аталатын орындарда ұстау әдетіне байланысты барынша алаңдаушылық білдіретінін айтты. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол «қауіпті» деген сөзді өте жиі қайталады:
«Бұл өте қауіпті практика. Өйткені, адамды құпия пәтерде ұстайтын болса, ҰҚК органдарына не істеймін десе де еркінде. Өйткені, ол адам не күдікті емес, не айыпты емес. Сондықтан, әлгі топтағы адамдарға тиесілі құқықтарды пайдалана алмайды.
Өкінішке қарай, бұл өте қауіпті тенденция. Өйткені, бұндай жағдай заңсыздық жасау үшін бұрынғыдан да көп мүмкіндік тудырады. Ол адамдарды, атап айтқанда, «Қазатомпромның» төрт топ-менеджерін күдікті немесе айыпталушы ретінде ұстап, бірақ бұлар куәлар деп айтуға мүмкіндік береді».
Өз кезегінде, адвокат Мұстахым Төлеевтің пікірінше, маусымның соңындағы «Қазатомпромның» үш топ-менеджерінің «Хабар» арнасы телеобьективі алдындағы өздерін өздері ұстауы, ҰҚК-нің құпия пәтерлерінде өз еріктерімізбен жатырмыз деп мәлімдеулері олардың өздерінің қандай процессуалдық мәртебеде екендіктерін білмеуімен байланысты болуы керек.
«Олар қазір тергеуге көмектесуге өте құштар болып отыр дер. Ендеше, мұндай жағдайда оларға лақап аттар беріп, бостандығы мен қозғалысын шектемей, олар өз үйлерінде болулары керек еді. Міне болды. Лақап аттар арқылы оларды құпия ұстап, олардың ашық сот процесіне қатысуларына болатын еді», – деп атап өтті Мұстахым Төлеев.
Биліктегілер тәуелсіз көздер арқылы тұтқындалған «Қазатомпром» басшылары үш мезгіл ыстық тамақ берілетін, жағдайы үш жұлдызды қонақ үйіне сәйкес құпия пәтерлерде отырғандығына дәлелдер келтіре алмады. Телеэксперименттер де әзірге жалғасын тапқан жоқ.
Алайда, үкіметшіл «Время» газеті осы аптада ҰҚК түрмесінде отырған Мұхтар Жәкішевтің жағдайы жақсы, оған ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ, ол аман-есен деп мәлімдеді. Осы сөздердің дәлелі ретінде Жәкішевтің өзімен болған сұхбат делінген мәтін берілген.
«ЖАБЫҚ СОТТАР ТЕРГЕУДЕН БАСТАЛАДЫ»
Жабық соттарға байланысты Евгений Жовтистің айтуынша, барлығы тергеуден басталады. Оның пікірінше, басты мәселе мемлекет қандай деректерді құпия деп есептейтіндігіне байланысты. Журналист Рамазан Есіркеповтың ісінде ешқандай мемлекеттік құпияның жоқтығына Жовтис толығымен сенімді.
Жовтистің айтуынша, барлық «құпиялық» ҰҚК-нің әлдебір қызметкері оған құқы болмаса да аталған іске «құпия» деген белгіні қоюымен басталды. Өйткені, «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңда мәліметтерді қандай жағдайда, кімнің құпияландыра алатындығы анық жазылған. «Ал енді ҰҚК Жамбыл облыстық департаментінің қызметкері мәліметтерді ешқандай құпияландыра алмайды» деген сөзінен танбайды Евгений Жовтис.
«Бірақ мәселе мұнда емес. Мысалы, әлдебір деректердің құпия екендігін анықтады делік. Ары қарай сот процесі басталады. Әрине, мемлекеттік құпияларға байланысты сот процесі жабық өтуі де мүмкін. Ең бастысы, ол толықтай жабық болмауы керек. Мәселе мынада, ішінде құпия деректері бар кез-келген құжат толықтай жабық болуы мүмкін немесе мемлекеттік құпияға қатысы бар жерлерінде ғана жабық болуы мүмкін.
Аталған істе жағдай былай болып тұр. Мемлекеттік құпиясы бар деректер сот процесінің барлық кезеңінде бірдей қаралмауы мүмкін. Ал енді бүкіл сот процесі жабық өткенде көптеген нәрселер күмәнді түрде қалады.
Мәселен бірқатар процестердің Астанада жабық өту себебі, онда бірқатар жоғары дәрежелі шенеуніктердің істері қаралды. Бұл Бүркітбаевтің ісі, Рахат Әлиевтің екі ісі және оның сыбайластарының істері.
Ал енді «Мемлекеттік құпия туралы» заң бойынша нақты қандай деректердің құпия болғандығы, сот неге жабық өтті – бұның барлығы қоғамға түсініксіз болып қалды. Түсініксіз болған тағы бір себебі «рұқсаты бар адвокаттар» деп аталатын жүйе қолданылды». Тұтқындаулары дабырайтылып, процесі тып-тыныш өтетін, ҰҚК жүргізетін істерге байланысты адам құқы жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис осылай түсініктеме берді.
ВЫШИНСКИЙДІҢ КӨЛЕҢКЕСІ
Жақында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комиеті (ҰҚК) өзінің құрылуының 17 жылдығын атап өтті. 1992 жылдың 13 шілдесінде бұрынғы КГБ-ның негізінде ҰҚК пайда болды. Өз кезегінде, КГБ-нің өзі оқ-дәрінің иісі, сталиндік режимнің миллиондаған жазықсыз құрбандарының қаны мен көз жастары сіңген ВЧК – ОГПУ – НКВД – НКГБ – МГБ – КГБ-сының шинелінен шыққан.
Тәуелсіз Қазақстанның ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев «ескі мектептің тәрбиесінен өткенін» мақтанышпен айтады. Дегенмен, президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған елдің барлық басшылығы партиялық-комсомолдық мектепте тәрбиеленгендігін айта кету керек.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, ҰҚК органдарының телеарна бойынша «Қазатомпромның» ұсталған топ-менеджерлерінің «мойындау куәліктерінен» бейнесюжеттер беруі және бұл сюжетті Бас прокуратураның өкілі Күлзия Күйікованың «барынша маңызды көздер» деп бағалауы аты аңызға айналған сталиндік Бас прокурор Андрей Вышинскийдің «айыпталушының мойындауы – дәлелдердің патшасы» деген әйгілі сөзін еске түсіреді.
Сырттай соттау әдісі де бастауын сталиндік режим кезеңінен алады. Сталин өзінің ең қас жауы деп есептеген Лев Троцкийге қатысты сырттай өткен сотты еске алайықшы. Қазақстанда сырттай өтіп жатқан соттардың Сталиндік жаппай қуғындау кезеңіндегі «үштіктерден» көп айырмашылығы бар ма? Сөз жоқ, айырмашылық бар. Қалай дегенмен қазір ХХІ ғасыр емес пе?!
Тиісінше, ХХІ ғасыр басындағы Қазақстан ҰҚК-нің жұмыс істеу тәсілінің НКВД тәсілінен айырмашылығы бар. ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Рахат Әлиевтің Азаттық радиосына берген сұхбатында мәлімдегеніндей, атышулы құпия пәтерлер –ҰҚК-ін Амангелді Шабдарбаев басқарғалы бері енгізілген жаңа ноу-хау болып отыр.
Азаттық радиосына Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина айтып берген тағы бір жаңалық, тәуелсіз журналист Рамазан Есіргеповтың ісінде ҰҚК жәбірленуші жақ бола тұра тергеуді өзі жүргізеді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, ҰҚК қызметін Парламент те, Бас прокуратура да бақылай алмайды. Яғни, формальді түрде болса да бақылау жоқ дейді олар. ҰҚК тіпті басыбайлы Парламентке де есеп бермейді дейді сыншылар. Мұндай жағдайда ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев тек биліктің газеттеріне ғана сұхбат бергенді тәуір көреді.
Құқық қорғаушылармен, тәуелсіз заңгерлермен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен әңгімеден соң Қазақстанда соңғы уақыттарда болып жатқан оқиғалар оларды еріксіз 1937 жылдың қасіретті кезеңімен салыстыруға итермелейтінін білдік.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қазіргі іс-әрекеттері, барлық совет халқын, оның ішінде Иосиф Сталиннің өзін үрейде ұстаған СССР Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) жазалауларын еске түсіреді дейді сыншылар.
Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис Азаттық радиосына берген сұхбатында «Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «қасиетті сиырдың» рөлі берілгендей әсер қалдырады» деп пікірімен бөлісті.
«Бұны өте оңай түсіндіруге болады, – дейді Евгений Жовтис,– өйткені бұл орган ұлттық қауіпсіздік мәселесі дегенді желеу етіп, ешкімнің бақылауында болмайтындай дәрежеге жетті. Өзінің ерекше жағдайының арқасында бұл мекеме қарапайым азаматты да, депутат пен журналисті де, жалпы бүкіл қоғамды қорқынышта ұстап отыр».
ҰҚК баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров құқық қорғаушының бұл пікірін «ешқандай негізсіз» деп есептейді. ҰҚК органдарына парламенттік бақылау қою мәселесіне байланысты Бекназаров мырза парламенттің барлығына жуық депутаттары Комитетте болып, оның барлық бағыттар бойынша жұмыстарымен танысты деп мәлімдеді.
Баспасөз-хатшысының айтуынша, ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев осыған дейін парламент мүшелерімен ондаған кездесулер өткізген. Үкімет отырыстарына да ҰҚК басшылығының өкілі тұрақты түрде қатысады.
Солай бола тұра, Қазақстанның қауіпсіздік органдары тек мемлекет басшысы мен президент әкімшілігі алдында ғана есеп беретіндігін Бекназаров мырза мойындады:
«Иә, біз парламентке есеп бермейміз. Бірақ, біз ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты заң жобаларының жасалу процесіне қатысамыз. Сондықтан, біздің парламентпен арадағы қарым-қатынас конструктивті негізде құрылған», – дейді ҰҚК баспасөз-қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров.
Соған қарамастан, адвокат Мұстахым Төлеев: «Қазір ҰҚК ел басшылығынан карт-бланш алғандықтан болар, ол өзін тәуелсіз Қазақстандағы құқық мәселесін шешетін бірден-бір орган ретінде есептейді», – деді.
ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың өзі сәл басқаша сөйлейді. Шілде айында алматылық «Эксклюзив» журналының соңғы санында басылған сұхбатында арнаулы қызмет басшысы былай деп мәлімдеді:
«Маңызды сыбайластық және экономикалық қылмыстарға байланысты, жоғары дәрежелі шенеуніктерге қатысты көптеген қылмыстық істерді тергедік. …Мемлекет басшысы біздің атқарған жұмыстарымызға жоғары баға берді. Және бүгінде ол барлық бағыттар бойынша қатаң және ымырасыз түрде, қатаң заң шеңберінде жүргізілуде».
Бұлардан бөлек, Амангелді Шабдарбаев бұл сұхбатында ішкі қауіппен күреске басымдық берілетінін баса атап өтті. Бірақ бұл ішкі қауіптің не екенін – діни экстремизм бе, билікті түгелдей жаулап алған сыбайластық пен экономикалық қылмыстар ма, заңсыз миграция ма немесе жалпы қылмыс атаулы ма, ол жағын төраға ашып айтпады.
«ЕГЕР БҰЛ 1937 ЖЫЛ БОЛМАСА, ОНДА ПРИНЦИПТІ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?»
Тап сол кезде Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша «қатаң заң шеңберінде жүргізіп отырған» ҰҚК-нің «қатаң да ымырасыз» күресін тек құқық қорғаушы Евгений Жовтис ғана емес, сонымен бірге заңгер Мұстахым Төлеев те 1937 жылғы жаппай сталиндік зобалаңмен еріксіз
Амангелді Шабдарбаевтың Қазақстан президенті Күзет қызметінің бастығы болып тұрған кездегі суреті. Астана, 2000 жыл.
салыстыруға мәжбүр болады.Сол бір зобалаң жылы дүниеге келген Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин: «1937 жылдың қайталанғанына менің жаным ауырады», – деді Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Бұл мәселеге байланысты қазақ ҰҚК-нің өзінде не дейді екен? «1937 жылмен қандай да бір салыстыруға ешқандай негіз жоқ», – деп жауап берді Азаттық радиосының тілшісіне ҰҚК баспасөз-хатшысы Кенжеболат Бекназаров.
ҰҚК өкілі «Ұлттық қауіпсіздік органдары, сталиндік НКВД-мен немесе 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргінмен салыстыратындай, ешқандай әрекет жасаған жоқ», – деп мәлімдеді. Оның үстіне Кенжеболат Бекназаров осы жолдардың ауторына: «Сіздің немесе басқа адамның келтіре алар нақты фактілері бар ма?» деп қарсы сұрақ қойды.
Бірақ, сталиндік кезеңмен салыстыру мысалын бұрынғы Бас прокурор, Мәжіліс төрағасы, ал қазіргі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай келтірді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа 1 шілдеде жолдаған ашық хатында Тұяқбай: «елге, ұлт қауіпсіздігіне жаңа, бұрынғыдан да ауырлау қауіп төнді. Бұл – ерекше өкілеттіктерге ие болған құқық органдары тарапынан болған заңсыздық пен зорлық-зомбылықтың қаупі» деп мәлімдеді.
Жармахан Тұяқбай, Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы. Алматы, 16 маусым 2009 жыл.
Күш құрылымдары тарапынан заң бұзу әрекеттері ондаған жылдардан бері жалғасып келеді. Бірақ, Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, дәл бүгін күш құрылымдарының «тиімді жұмыстарының» арқасында заң бұзушылық ішінара емес, жаппай, жүйелі сипат алған.«Шындап келгенде елдің барлық азаматтары, бетімен кетушілікке үйренген және топтық мүдделерге қызмет етудің дәмін татқан құқық органдарының кепілдігінде қалды…Егер бұл 1937 жыл болмаса, онда қандай принципті айырмашылығы бар?» деген сұрақ қояды Жармахан Тұяқбай президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында.
ЖАБЫҚ СОТТАР МЕН «ҚҰПИЯ» КУӘЛАР
Жабық немесе сырттай деп аталатын соттар, «құпия» куәлар, дәл осы «құпия» куәлар тіпті өз отбасыларынан да жасырын ұсталатын құпия пәтерлер, ҰҚК-нің тағы бір жаңалығы, адвокаттарды өзі қорғайтын адамдарға жібермеу, міне осылардың барлығы қалыпты жағдайға айналды.
Жоғарыда айтылған сұхбатта ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев бұны «барлық арнаулы қызметтердің ерекшелігі» деп атайды. Ол: «…әдетте дәл сол қауіпсіздік үшін көптеген себептерге байланысты біз толықтай ашық бола алмаймыз» дейді.
Әңгіме сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен митингілер жасау еркіндігі, сайлаудың ашық өтуі, Адам құқын қорғау және т.б. сияқты Қазақстанның өз мойнына алған халықаралық міндеттемелеріне келгенде Ақорда сөзсіз өзінің «түсініксіз ерекшелігін» еске алады.
Ақорда арнаулы қызметінің «өз ерекшелігі» бар шығар. Бірақ ол «барлық арнаулы қызметтердің ерекшелігінен» сәл өзгерек. Бұған мына бір факті дәлел бола алады.
Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Данияр Қанафинді осы арнаулы қызмет ақыры іске жібермеді. Бұл жайында ол Алматы мен Венада мәлімдеді. Аустрия астанасында 9 шілдеде өткен баспасөз-мәслихатында ол Қазақстанның арнаулы қызметтері «құпия істер» деп аталатын істер бойынша айыпталушылар шақырған адвокаттардың барлығын іске жібермейді деп хабарлады.
Данияр Қанафиннің сөзіне бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Маермановтың адвокаты Мұстахым Төлеевпен болған жағдай да дәлел болады. ҰҚК тергеушісі оған да генерал Маермановты қорғауға мүмкіндік бермеген.
Оның үстіне, Данияр Қанафин Венада журналистерге, Қазақстанда адвокаттардың өзін қызметтік міндетін атқарғаны үшін қудалайтынын, олардың ізін аңдып, психологиялық сипаттағы қысым жасайтынын айтып берді. Мысалы, Данияр Қанафиннің өзін Венаға әзер жіберген.
Құқық қорғаушылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және оппозиция жетекшілерінің бірден теріс пікір білдірулеріне қарағанда бұл құбылыстардан қоғам қорқатын болса керек. Ол – халықтың көзі ашық азаматтары түгелдей жойылып, немесе ең жақсы деген жағдайда лагерлерге айдалған жаппай қуғын-сүргінді еске түсіреді.
Соңғы кездері кеңінен қолданылып келе жатқан жабық немесе сырттай болатын соттар, «құпияланған куәлар», т.б. тәсілдер дәл сол ҰҚК жүргізетін істерде қолданылады. Онда діни немесе экономикалық себептерге байланысты істер бар. Оған мысал ретінде Мұхтар Жәкішевтің, Серік Бүркітбаевтың, Рамазан Есіркеповтың істерін келтіруге болады. Немесе саяси істердің мысалына президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына байланысты бірнеше істі айтуға болады.
Осыған байланысты Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокинаның айтуынша: ҰҚК бұл іс ұлт қауіпсіздігіне байланысты деп айтса болғаны, оған қатысты тергеу де, сот процесі де қоғамнан жасырыла бастайды. Ал, шындап келгенде ол жерде ешқандай мемлекеттік құпияның қатысы жоқ.
Алайда, құқық қорғаушылар, заңгерлер мен саясаткерлер атышулы істерге байланысты сотталушыларға адвокаттардың жіберілу мәселесіне қатысты ҰҚК-нің қызметіне алаңдаушылық білдіреді. Бұл мәселе, әсіресе, «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің, қорғаныс вице-министрі, генерал Қажымұрат Маермановтың, тәуелсіз журналист Рамазан Есіркеповтың істерінде анық көрінді.
Осы аталғандардың ешқайсысына олардың өздері немесе олардың туыстары таңдаған адвокаттар жіберілген жоқ. Мұхтар Жәкішевтің ісіне байланысты атышулы ҰҚК-нің «құпия пәтерлерінде» қамауда ұсталып отырған «Қазатомпромның» тағы төрт топ-менеджеріне олар таңдаған адвокаттар жіберілмеді.
Мәселенің асқынғаны соншалық, заңгерлердің халықаралық комиссиясы Қазақстанның тәуелсіз адвокаттарын қорғауға шықты. 9 шілдеде жарияланған мәлімдемесінде бұл халықаралық құрылым Қазақстан билігін «белгілі қазақстандық адвокат Данияр Қанафинге қатысты басталған, негізсіз және құқықты бұзатын процедураларды тоқтатуға» шақырды.
ҰҚК-НІҢ ҚҰПИЯ ПӘТЕРЛЕРІ
Адам құқы жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис құқық қорғаушылар ұсталғандар мен куәларды «ҰҚК-нің құпия пәтерлері» деп аталатын орындарда ұстау әдетіне байланысты барынша алаңдаушылық білдіретінін айтты. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол «қауіпті» деген сөзді өте жиі қайталады:
«Бұл өте қауіпті практика. Өйткені, адамды құпия пәтерде ұстайтын болса, ҰҚК органдарына не істеймін десе де еркінде. Өйткені, ол адам не күдікті емес, не айыпты емес. Сондықтан, әлгі топтағы адамдарға тиесілі құқықтарды пайдалана алмайды.
Өкінішке қарай, бұл өте қауіпті тенденция. Өйткені, бұндай жағдай заңсыздық жасау үшін бұрынғыдан да көп мүмкіндік тудырады. Ол адамдарды, атап айтқанда, «Қазатомпромның» төрт топ-менеджерін күдікті немесе айыпталушы ретінде ұстап, бірақ бұлар куәлар деп айтуға мүмкіндік береді».
Өз кезегінде, адвокат Мұстахым Төлеевтің пікірінше, маусымның соңындағы «Қазатомпромның» үш топ-менеджерінің «Хабар» арнасы телеобьективі алдындағы өздерін өздері ұстауы, ҰҚК-нің құпия пәтерлерінде өз еріктерімізбен жатырмыз деп мәлімдеулері олардың өздерінің қандай процессуалдық мәртебеде екендіктерін білмеуімен байланысты болуы керек.
«Олар қазір тергеуге көмектесуге өте құштар болып отыр дер. Ендеше, мұндай жағдайда оларға лақап аттар беріп, бостандығы мен қозғалысын шектемей, олар өз үйлерінде болулары керек еді. Міне болды. Лақап аттар арқылы оларды құпия ұстап, олардың ашық сот процесіне қатысуларына болатын еді», – деп атап өтті Мұстахым Төлеев.
«Қазатомпром» компаниясының тұтқындағы басқарушыларының әйелдері (солдан оңға қарай): Жәмила Жәкішева, Марика Цоцория және Наталья Парфенова. Алматы, 1 шілде 2009 ж.
Өздерінің еріктерінсіз мемлекеттік телеарнада көрсетілген «Қазатомпром» топ-менеджерлерінің әйелдері бұның барлығы насихат мақсатындағы қойылым болғандықтан, оған сенбейтіндіктерін мәлімдеді. Кейбір ресми адамдар өз кезегінде әйелдердің мәлімдемелерін жоққа шығаруға асықты.Биліктегілер тәуелсіз көздер арқылы тұтқындалған «Қазатомпром» басшылары үш мезгіл ыстық тамақ берілетін, жағдайы үш жұлдызды қонақ үйіне сәйкес құпия пәтерлерде отырғандығына дәлелдер келтіре алмады. Телеэксперименттер де әзірге жалғасын тапқан жоқ.