Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2009 жылғы квотаны үш есеге қысқарту жөнінде қаулы алды. Ал, республикаға ағымдағы жылдың 11 айында алыс-жақын шетелден 1 млн. 137 мың 214 адам жұмыс істеу үшін шекара асып келген екен.
Қазақстан үкіметінің аталмыш қаулысы көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген еңбек мигранттарын шарасыз күйге түсіретін түрі бар.
Өзбекстандық Азизжон есімді азамат мұндағы жағдайларының мүшкіл екенін, жұмыс берушілер жалақыны қаласа беріп, қаламаса татырмай қоятынын, оның үстіне полицияның күнделікті құжат тексерісінен қашып, жертөлелерде күнелтіп жүргендерін айтқанымен, делріен қайтуға асығар емес. Ал тәжікстандық Фатхиддин Кәрімов «тәжіктердің көбі сырт елдерде жұмыста, егер олар елге қайтатын болса, Тәжікстан үкіметі оларды жұмыспен қамту жайын ойластыруы қажет» - дейді.
Қазақстандық экономист Рахман Алшанов үкіметтің бұл шешімі амалсыздан болғанын айта келіп:
— Қазақстанға келетін еңбек мигранттарының көпшілігі құрылыста істеді ғой. Қазір құрылыс қаңтарылып тұр. Ал шетелдерде жұмыс істейтін тәжіктер Тәжікстанға жылына 1 млрд. доллар апаратын болса, қырғыздар өз елдеріне 500 млн., өзбектер 2 млрд долларға жуық көлемде қаражат енгізеді екен. Бірақ, ресми қаулыға қарамастан, заңсыз келетін еңбек мигранттарына тоқтам болмайтын шығар. Арзан жұмыс күшін пайдаланып ақша үнемдегісі келетін кәсіпорындар мен басқа да салалық жұмыс орындары олардың келуіне мүдделі, - дейді.
Қазақстан аумағына нәпақа іздеп келген 141 068 мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 9924 алыс шетелдіктер болса, 131 144 ТМД елдерінен келген мигранттар. Бұл жағдайды саясаттанушы Айдос Сарым:
— Соңғы мәліметтерге қарағанда елдегі қылмыстың 50 пайызын шетелден келген жұмысшылар жасайды екен. Бұл да алаңдайтын жайт. Оның үстіне сырттан келетін еңбек мигранттарын бақылауға тиісті полиция қызметкерлері заңсыз келгендерді еліне қайтарудың орнына олардан пара алып, оның жұмыс істеуін заңдастырып қояды. Ал келесі жылы Қазақстан үшін ауыр жыл болайын деп тұр. Өзіміздің қаншама азаматтар жұмыссыз қалуы мүмкін. Сондықтан үкіметтің бұл шешімін дұрыс шешім деп ойлаймын, - деп түйіндейді.
Ал, Алматыдағы Хельсинки комитетінің жетекшісі Нинель Фокина:
— Еңбек мигранттары барлық қылмыстың 50 пайызын жасап отыр дегенге сенбеймін. Айталық, Алматыда 100 мың шетелдік жұмысшы бар болса, ол дегеніңіз 1 млн адамның 10 пайызы. Ал осы 10 пайыз адам қылмыстың тең жартысын жасайды деген ақылға сыймайды. Меніңше, кейбір шенеуніктер өздерінің зәулім сарайлары қандай еңбек күшімен және қанша ақшаға салынғанын жасыру үшін осындай ақпарат таратып отыр, - деген пікірін білдірді.
Биылғы жылы Қазақстан аумағынан 15795 еңбек мигранты өз елдеріне қайтарылған. Ал Қазақстандағы еңбек етуге қабілетті адамдардың саны 8,5 млн. адам.
Жалпы әлем бойынша, 190 млн. адам өз елінен алыстағы сырт мемлекеттерде жұмыс істеп, күн кешіп жатқан көрінеді.