Қазақстан Ішкі істер министрлігі есірткі түрлерінің көпшілік демалыс орындарында таратылу ауқымы артқанын айтса, дәрігерлер есірткі заттарын дәріханалардан оңай сатып алуға болатындығына алаңдайды.
Жас нашақордың әңгімесі
14 жасар Валераның қазіргі бар арманы – үйіне оралу. Бір жыл бойы ине арқылы есірткі қабылдап, анаша шеккендігі анықталған соң ол Алматыдағы наркологиялық орталыққа орналастырылған.
- Мен біздің үйдің жалғыз тентегімін. Мамам менің есірткі қабылдайтынымды біліп қойып, милицияға хабарлады. Содан соң осында әкелді. Енді үйге қайтқым келеді. Бірақ мамамды биыл ата-аналық құқығынан айырды. Сондықтан, енді мені балалар үйіне жіберетін шығар, - деп мұңайды Валера.

Одан әке-шешесінің немен айналысатындығын сұрағанымызда, "ештеңемен. Мамам ішпейді. Тек мереке күндері ғана... Ол бұрын гүл сатқан. Қазір жұмысқа орналасам деп жүр ғой. Өгей әкем жүк тасиды" - деп, жауап қайтарды.
Ол былтыр алғаш рет туысқан ағасының қолқа салуымен есірткі қолданып көрген. Содан бері шешесінен сылтауратып азын-аулақ ақша сұрап, оған егілу үшін дәрі алып отырыпты:
- Оған мұқтаж болған соң, қажетсініп тұрғаныңды қатты сезінесің. Мектепке барып, одан құтылғым келді. Бәрібір көмектеспеді. Бір-екі апта жүріп, қайта инеге отырдым. Ақыры былтыр мектептен кетіп, күні бойы үйде жүретін болдым. Аңсарым есірткіге қатты ауғанда, дәріханадан тетралгин мен демидрол сатып алатынмын. Бұрын олар 70 теңге тұратын. Қазір 100-200 теңге. Арасында желім иіскеп жүрдім.

Дәріханадан есірткі алу оңай
Алматыдағы жеке меншік наркологиялық емхананың бірінде жұмыс істейтін дәрігер Махамбет Шаймерденұлы нашақорлықтан дауа іздегендердің барлығы - жастар, көпшілігі - студенттер екендігін айтады. Дәрігер олардың есірткі заттарды қаланың қараңғы бұрыштарынан ғана емес, кез-келген дәріханадан ашықтан-ашық сатып алатындығына алаңдайды:
- Неге мұндай дәрі-дәрмектер дәрігердің арнайы қағазынсыз сатылады?! Мен соны түсінбеймін. Темпалгин, кодтерпин, пенталгин сияқты дәрі-дәрмектердің құрамында кодеин бар. Мұны біздің нашақорлар жақсы білгендіктен, оны жиі қолданады. Мұндай дәрінің бір орамасы кез-келген дәріханада 70-140 теңге тұрады. Сондықтан, көп нашақорлар героиннен гөрі арзанырақ кодеинге әуес.
Есірткінің ошағы қайда?
Ал, біз әңгімеге тартқан 14 жасар Валера құрбы-құрдастарының арасында өзі сияқты ине арқылы есірткі қабылдайтындар жоқ екендігін әңгімелеп берді:
- Бірақ бәрі анаша шегіп, арақ, сыра ішеді. Бір таныс бала бір үйден анаша әкеліп тұрады. Сол үшін анашаның төрттен бірін өзі алады. Біз оның стақанын 5 мың теңгеден, сіріңке қорабына салынғанын 500-700 теңгеге сатып алып мәз боламыз.

Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігері Зүбайда Бердебекова жастардың көбісінің алғаш есірткінің «дәмін» осындай бас қосу, демалыс орындарында татып көретіндігін айтады:
- Балалардың көбі анашадан бастайды. Басында оған үйретушілер оны тегін таратады. Сосын бірнеше рет беріп, үйретіп алған соң, ақша сұрайды. Ал анаша тартып көрген бала біре-бірте есірткінің басқа ауыр түрлерінің де дәмін татып көре бастайды. Олар анашаны дискотекаларда, түнгі клубтарда, жастардың бас қосу кештерінде алатындықтарын айтады.

Дүйсенбі күні Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жастардың ойын-сауық орындарындағы есірткі заттарының таралу деңгейінің артып отырғандығын хабарлаған.
- Есірткінің ошағы – көпшіліктің демалыс орындары, адамдар жиі бас қосатын кафелер, мейрамханалар және басқа да ойын-сауық мекемелер, - дейді Алматы қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы Арман Жусанбай.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі жастардың ойын-сауық орындарында жиі таратылатын эсктази, ЛСД, марихуана сияқты «клуб есірткілерінің» тәркілену деректерінің жиілегеніне алаңдаушылық білдірсе, нарколог-дәрігер Махамбет Шаймерденұлы мұндай есірткі түрлерін қолданушылардың қоғамға қауіп туғызатындығын ескертеді:
- «Клуб есірткілерін» қолданғандардың естері шығып, делқұлы болып қалады. Көп қылмыстар осы «клуб есірткісін» қолданған кезде жасалады. Өйткені, мұндай есірткілер нашақорларға уақытша күш-қуат, сенімділік береді. Бұл денсаулыққа да зиян. Себебі, бұл есірткілер уақытша адамның психикасына, денесіне серпіліс беріп, қуаттандырғанымен, оның уақыты өткен кезде дене күші сарқылып, бүкіл ішкі мүшелері қатты құлазиды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда есірткі қолданушылардың 51 пайызы 18-30 жас аралығындағы жастар да, 5,6 пайызы – 15-17 жастағы жасөспірімдер. Есірткі тұтынушылардың 74 пайызы еш жерде жұмыс істемейді, оқымайды. 2007 жылы есірткіні мөлшерден тыс қолданып қайтыс болған 473 адамның, 90 пайызы - жастар.