Жекелеген Азия елдері жетекшілері үшін шетелдіктердің олардың елінің атауын дұрыс атауы маңызды мәнге ие болып отыр. Алайда, басшылардың барлығы бірдей мұндай ережені қатаң ұстануды талап етпейді.
ПЕКИН БЕ ӘЛДЕ БЕЙЖІҢ БЕ?
Қазақстан баспасөзінде әлі де болса Пекин, Бомбей, ал кейде Бирма, Түркмения, Киргизия және тағы осы тәрізді атаулар бой көрсетіп қалады.
«Нью-Йорк таймс» басылымы мұндай құбылысты осы елдердің қалауын менсінбеу деп бағалап отыр. Өз сөзіне мысал ретінде газет АҚШ президенті Барак Обаманың айтқанын алға тартады. Таяудағы Қиыр Шығыс аймағына сапары барысында ол Мьянма жайлы сөйлей келе, бұл мемлекетті Бэма (Бирма) деп атады. Бұл елдің қазіргі басшылығы өз мемлекетін «Мьянма» деп атаған дұрыс дегеннен танбай отыр, дегенмен кей халықаралық саяси ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары мұны мойындамауда.
Қытай тілінде Обаманың өзінің ата-тегінің айтылуы аталған тіл диалектінің қайысының қолданылып отырғанына байланысты өзгеріп кетіп отырады: бір жағдайда ол Ау-ба-ма боп дыбысталса, енді бірінде - У-ба-ма болады, деп жазады газет.
Қалай болмасын, АҚШ президентінің ата-тегі атауының бастапқы буынын жазу үшін қолданылатын баламалы қытай иероглифтерінің дыбысталуы бұл әріптер қытай тілінің мандарин бе, әлде кантон диалектінде оқылып жатыр ма, осы шартқа байланысты құбылып кетеді.
Азияда ел атауын дұрыс атамауға байланысты туып отырған дау-дамай толастар емес, деп жазады басылым. Дұрыс емес деп есептелетін атауды қолдану мұнда саяси астарлы әрекет не отаршылдық қалдығы деп қарастырылады. Дегенмен, Санкт-Петербург атауының орнына Ленинградты қолданудағы тәрізді идеологиялық мақсаттан емес, шындығында бұл қойыртпақ грамматикалық мәселеден туындайды.
Шатақтың басы әртүрлі жер атауларын ағылшын тілін қолдану арқылы атауға тырысудан басталады. Әсіресе, былық алуандаған қытай диалектілерінің романдандырылған пішінінің бір-бірімен үйлеспеуінен пайда болады, деп атап көрсетеді «Нью-Йорк таймс».
Барак Обама Бейжіңді Бейжің емес, Пекин деп атаса, бұған Қытай басшылары өте қатты ашуланар еді. Бейжің – бұл соңғы бірнеше онжылдық ішінде қолданылып келе жатқан қаланың ресми атауы.
Алайда, АҚШ президенті егер одан Гонконгты Сянган деп атауын талап етсе, бұған қабағын кере таңданыс білдірер еді. Гонконг та, Пекин де аталған қалалардың ағылшын тіліндегі атауы болып есептеледі. Формасы бойынша алып қарағанда, бұл қазір қолданыстағы осы қалалар атауларының ресми романдандырылған формасынан гөрі кантон диалектісіне жақын.
Алайда неге бір атау дұрыс саналса, енді бірі бұрыс саналады? Француздар «Пекин» атауын қолданса да, оған ешбіреу қымс етпейді. Алайда ағылшын тілінде сөйлейтіндер, Гонконгты есептемегенде, Бейжің ресми түрде бекіткен жер-жерлердің романдандырылған атауын қолдануы керек деп саналады.
Бұл ретте Қытай ел атауы ретінде шетелдіктердің «Чжуньго» демей, «Чайна» (Қытай) терминін қолданып жүргеніне төзім танытып отыр. Бұл атау елді осыдан екі мың жылдай бұрын билеген әулеттің билік құру заманында туған. Ал «Пекин» дегенге неге сонша бұлар түлен түрткендей болады?
РЕЖИМДЕР МЕН АТАУЛАР
Қытай жер-су атауларының ағылшын, португал, француз бен басқа да дәстүрлі түрі кантон диалектісінен бастау алады. Себебі, еуропалықтар көбіне Оңтүстік Қытаймен қарым-қатынас орнатып, Қытайдың аталған аумағымен етене байланыста болған еді.
Егер Қытай фонетикалық дәлдіктің ұқыпты түрде орындалуына қол жеткізуді армандап отырса, онда бұл ел дереу қазіргі сәттен бастап Америка, Британия мен Францияны тиісінше Мэйго, Иньго және Фаго деп атауын доғаруы қажет, деп жазады газет.
Кәрістер өздерін шетелдіктердің осылайша атауына еті үйреніп кеткен болар. Өйткені, «Корея» термині осы елді мың жылдай бұрын билеген әулеттің арқасында дүниеге келген болатын. Ел тарихынан бейхабар шетелдіктер капиталистік Ханкукті коммунистік Чосонмен шатыстырып алуы мүмкін. Әйтсе де, елдің екі атауының екеуі де тарихи тұрғыдан дұрыс болып саналады: Ханкук (не Хангук) көбіне оңтүстікте қолданылады, ал Чосон (не Чосун) – елдің солтүстігінде кең қолданыста.
Сиджанның (тіке аудармасы «Жасырулы Батыс») байырғы тұрғындары өз елін Хань империясының шеткері бір шылауы болғандығын мақтан тұтады деу күмәнді болған болар еді.
Шығу тегі беймәлім боп қалып отырған әрі ғалымдар мұны ағылшын тіліне араб не түркі тілдерінен енген сөз деп есептейтін «Тибет» термині осы атаумен аталатын елдің байырғы тұрғындарының өз елдерін атайтын атауымен арадағы айырмашылығы жер мен көктей алшақ – олар отанын Бод дейді. Дегенмен, Сиджань сөзімен салыстырғанда Тибет атауының жергілікті халық үшін ерекше бір саясатпен байланысты қитұрқы мәні жоқ.
Дәл осы сөзді Шыңжаңның (қытай тілінде «Жаңа өңір») жергілікті халқына байланысты да айтуға болады. Бұлар өз елдерінің Қытайдың ең жаңа бөлігі емес, Ұлы Түркістанның бөлігі ретінде өмір сүргенін қалауы әбден мүмкін. Батыста Шығыс Түркістан деп ежелден Азияның дәл осы аумағын атап келеді.
Ал енді Бирмаға келейік. Егер бұл елдің әскери басшылары «Мьянма» өз мемлекетінің ресми атауының романдандырылған формасы болсын деп шешсе, онда еріктері, ол олардың жұмысы. Алайда, ағылшын тілді адамдар мен (олардың тайландтық көршілерін қоса алғанда) басқа да шетелдіктер бұл елді өз үйренген атауларымен атағылары келсе, олардың аузына кім қақпақ қояды?
Мүмкін Камбоджадағы тәрізді режим өзгерісі нәтижесінде мұндай қарым-қатынастың өзгеруіне әкелер? Қызыл кхмерлер тақтан тайған соң іле-шала бұл ел өзін ағылшын тілінде Кампучия деп атаңдар деген талабын аузына алмайтын болды.
Осы бір атауларға қатысты небір саяси мәселе туындап кетіп жатады. Сондықтан олардың аудармасы мен романдандырылуы жөніндегі мағынасыз дау-дамайды қою керек. Мейлі, ол ағылшын тіліндегі «Пекин» сөзінің айтылуы болсын, не қытай иероглифімен жазылған - «Обама» сөзі болсын бәрібір, дұрысы осылай істеген, деген тоқтамға келеді «Нью-Йорк таймс».