Бристол соты "БТА Банкі" бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің үстінен «алаяқтықпен 4 миллиард доллар банк қаржысын жымқырды» деген айыптау негізінде ары қарай сотқа арыз түсіре алады деген үкім шығарды.
Ресейде оңшыл әсіре ұлтшылдық тағы да бас көтерді. Мәскеуде нәсілшілдер ылаң салды. Бұл осы елде 2018 жылы өткізілетін әлемдік футбол жарысы кезінде қауіпсіздік мәселесі қалай болар екен деген алаңдаушылық туғызып отыр.
Исламофобия және жалпы діни төзімсіздікті тек санкциялар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылдау арқылы еңсеруге болады деу бекершілік. Тек төзім ғана әлемде діни бостандықтың салтанат құруына жол аша алады.
Қырғызстандағы АҚШ–тың әуе базасына реактивті отын жеткізу бизнесі жемқорлық көзіне айналған. Осы елдің екі бірдей президентінің түбіне жеткен бұл мәселе жаңа қырынан ашылып отыр.
Қазақстан билігі Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO) консорциумынан салық есебінде жиыны 1,2 миллиард доллар өндіріп алу туралы жаңа талап қойып отырғанын мәлімдеді. Астана бұл жобаның он пайыздық үлесіне ие болғысы келеді деп жазады шетел баспасөзі.
Қазақстан туралы кітап жазған Марта Брилл Олкотт ЕҚЫҰ төрағасының Қырғызстандағы ахуалды реттеудегі іс-әрекетіне оң баға берді. Бірақ, оның пікірінше, Кавказдағы ұзаққа созылған жанжалға ықпал жасау Астананың қолынан келмеуі мүмкін.
Қытай коммунистік партиясының Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары болып Си Цзиньпин тағайындалды. Қытайдағы жазылмаған ереже бойынша, бұл қызметке тағайындалған адамның Қытай төрағасы лауазымына үміткер екендігін білдіреді.
Соңғы отыз жыл ішінде тұрғындарының өмір жасының орташа көрсеткіші айтарлықтай қысқара түскен Ресей елі үшін героин басты пәлеге айналды. Ресейде ерлер орташа есеппен 60 жыл өмір сүреді.
Қазақстан Балқаш маңында жылу электр стансасын (ЖЭС) салу туралы Оңтүстік Кореямен келісім жасады. Сонымен бірге бес бірдей атом электр стансасын салуды жоспарлап отырған Қазақстанға бұл істе Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан көмектесуі мүмкін.
Грекия үкіметі несиегерлер алдындағы өз қарызының ішінара өтемі ретінде оларға ел аумағындағы аралдарды иеленуді ұсынған. Блумберг агенттігі осы аралдардың бірін қазақстандық бір миллиардер сатып алмақ болғанын жазыпты.
Владимир Ким «Қазақмыс» акцияларын сатудан 1 миллиард 342 миллион доллар пайда тапты. Корпорация істеріне Қазақстан элитасындағы мүдделі тұлғалардың күмәнді ықпалы мен бақылау жасауы шетелдік инвесторларды алаңдатып отыр.
Түркияда полиция қызметкерлері рейді барысында бұрын Мұстафа Ататүрік қарамағында болған кеме ұсталды. Қазір ол кеменің жеңіл жүрісті әйелдер жын-ойнағына айналғаны белгілі болды. Кемеде тұтқындалған адамдар арасында Қазақстанның ірі кәсіпкерлері мен үкімет қызметкерлері де бар екен.
Қазақстанда ел режиссерлері түсірген кинофильмдер көбейіп келеді. Кино түсіру саласына жұмсалатын инвестициялар көлемі де артып жатыр. Ұлттық кинематограф Еуропа, Азия және Америкадағы өнер орталықтарынан серіктестерді көптеп таба бастады. Мамандардың айтуынша, соңғы үрдіс болашақта елдегі кино өнеркәсібінің көптеген табыстарға жетуіне жол ашады.
Жасы жүзден асып, шөбере-немене көрген адамдар не себепті денсаулығы тың, парасатты күйде қалады? Ғалымдар «бұған тұқым қуалайтын қасиеттер себепші болуы мүмкін» дейді. Оқымыстылар жастары 108, 100 және 104-ке келген, Америкада тұратын ағайынды Кандардың отбасын зерттеу арқылы көп жасаудың сырын табуға ұмтылып отыр.
Көнерген авторитарлық тәсілдерге сүйеніп және жұртты алдау арқылы басқарғысы келетін Ресей билігінің әрекеті елдегі жағдайды одан әрмен күрделендіре түсуі ықтимал деген түйін жасайды батыс баспасөзі.
Қазақстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер армияларының жаттығуы өтіп жатқан кезде, НАТО Өзбекстанмен қарым-қатынасын нығайтуға кірісті.
Қытай басшысы Ху Цзиньтяо елдің оңтүстігінде саяси реформалар бастайтынын ресми түрде мәлімдеді. Аталған реформа аясында демократиялық сайлау өткізілмекші. Алайда, Қытайдағы қазіргі билік жүйесінің қарсыластары Қытай президентінің уәдесіне күмәнмен қарайды.
Орталық Азия базарларында жыл сайын шамамен 10 миллиард доллардың тауары сатылады. Сарапшылар заманауи сауда орталықтары мен супермаркеттер тегеурініне қарамастан, аймақтағы базар саудасы әлі де дами беретіндігін айтады.
«Гленкор» компаниясы «Қазмырыш» құрамындағы алтын өндіруші кәсіпорындар акцияларын 2011 жылы қор нарығына орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазақстан АҚШ-қа өңделмеген титан жеткізу жөнінен келер жылы да бірінші орында қала бермекші.
Орталық Азиядағы әр түрлі этносаралық қақтығыстар советтік ұлт саясатының ұзаққа созылатын салдары екеніне Қырғызстандағы ахуал куә. Дегенмен аймақтағы мемлекеттердің бір-біріне қарсы ашық соғыс қимылдарына бара қояды деу тым артық. Әйтсе де Орталық Азияда Өзбекстанның ықпалы үздіксіз артып келе жатыр.
Тағы