БТА банкі америкалық банкроттық заңнаманы шетелдік сотта қаралып жатқан өзінің ісінде қорғану үшін қолданбақ болған. Алайда АҚШ-тың федералдық сот қазысы өз шешімі арқылы банктің бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
Дағдарыстан кейін ұлттық экономиканың қаржылық саласын әртараптандыруға ұмтылып отырған Қазақстан араб және малайзиялық инвестицияларды өз аумағына тартуға күш салып жатыр. Осы арқылы Астана елде ислам қаржылық индустриясын дамытуды көздейді. Бұл индустрия елде өмір сүріп жатқан миллиондаған мұсылманға қызмет етуі тиіс.
Қуғында жүрген банкир Мұхтар Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілетін болса, британ компаниялары пайдалы келісім-шарттардан қағылады деп Астана Лондонға сес көрсетті.
Ақорданың бірнеше айға жалғасқан қысымынан соң, Қарашығанақ кенішін игеру үшін құрылған KPO консорциумының үлескерлері үлестің бір бөлігін Қазақстан үкіметіне беруге келісті. Бұл уақытта Қытай Қазақстаннан өз жеріне бағытталған тағы бір мұнай құбырын салуды жоспарлап отыр.
Қазақ даласы Сталин кезінде ССРО-ның әртүрлі ұлттық аймақтарынан ғана емес, советтік империя құрамына енбеген мемлекеттерден айдалып келгендерге де пана болған. Режиссёр Ванжа Д'Алькантараның фильмі осындай бір оқиға жайлы баяндайды. Ал жаңазеландиялық турист Қазақстанда көрген меймандостық жайлы ризашылықпен жазады.
Қалта телефонына арналған жаңа қосымша бағдарламалар мұсылмандардың Құран оқып, құбыла бағытын табуына септігін тигізіп жүр. Жаңа технологияның арқасында ораза кезінде ауыз бекітіп, күн батқанда ауызашар уақытын дәл біліп отыру мүмкін болды.
Құрғақшылықтан туған астық тапшылығы халықаралық нарықтағы трейдерлерді әбігерге түсірді. Қазақстан астық экспортына тыйым салмаймыз деп ресми түрде мәлімдесе де, Астана Ресейдің қысымына көніп, мұндай шараға баруы мүмкін. Сарапшылар бұл жағдайға байланысты теңге бағамының да өсуі мүмкін деп болжайды.
Қазақ режиссері Еркін Рақышев «Менің бауырым Борат» атты фильм түсірмек ойда. Жұрттың көбі осыған дейін түсірілген «Борат» фильмі әлемде Қазақстанның атына кір келтірді деп санайды. Кинорежиссердің ойынша, жаңа фильм ел абыройын күйеден тазартатын туынды болмақ.
Қытай компаниялары Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібі саласында табысқа кенеліп жатыр. Елдегі томат өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынға айналған «Цинказ» фирмасының тасы өрге домалауының бір себебі - мұнда негізінен жергілікті тұрғындар жұмыс істейді деп түсіндіреді қытайлар.
«Гардиан» газеті жүргізген зерттеуде адам құқықтарын аяққа таптап отырған елдердегі биліктің беделін көтерумен айналысатын жұртшылықпен байланыс фирмалары жыл сайын миллиондаған фунт пайда табатыны жазылған. Ондай елдердің қатарында Сауд Арабиясы, Руанда, Қазақстан мен Шри-Ланка бар.
Әйгілі «Тур де Франс» халықаралық велотурнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Альберто Контадор 2010 жылдың жарыс маусымы аяқталған соң «Астана» велотобынан кететінін мәлімдеді. Ол осы топтың құрамында екі дүркін «Тур де Франс» сайысының жеңімпазы атанды.
Биыл Ресейде соңғы жүз отыз жыл ішіндегі ең қатты қуаңшылық болып отыр. Ол көлемі жағынан Португалияның жер аумағына пара-пар егіс алқабындағы егінді тып-типыл етті. Бидай бағасы қымбаттап кетті. Күзде халықаралық нарықта бидай тапшы болады деген болжам бар.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, яғни ФСБ-нің қызметкерлері жаңа құқықтар мен қосымша өкілеттілікке ие болмақшы. Алайда, түрлі қоғам өкілдері мұндай қадам ФСБ қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзу әрекетінің одан сайын күшеюіне себеп болып, елдің демократиялық дамуына тұсау болады деген қауіп білдіріп жатыр.
Америкалық кәсіпкер Джеймс Гиффенге қарсы сот отырысы шілденің 29-ына ысырылды. Қазақстанның лауазымды тұлғаларына пара берді деп АҚШ билігі таққан айыпты Гиффен мойындаған жоқ. АҚШ заңгерлері арасында бұл сот процесі аяғына дейін жететіндігіне күмәнмен қарайтындар көбейіп келеді.
Металлургия саласында құлдырау байқалады. Соған байланысты «АрселорМиттал» компаниясының кейбір басқарушылары Қазақстаннан кетуді ұйғарды. Әйткенмен, Қазақстан ірі шетелдік инвесторлар үшін тартымды ел болып қалып отыр.
Саяси элита арасындағы президент мұрагеріне байланысты күрестің өршуі мен шетелдік компанияларға қатысты үкіметтің талапты күшейтіп, қатаң саясат ұстануы елдегі шетел инвесторларын алаңдатып отыр. Мұның ақыры немен аяқталары әзірге белгісіз.
Қазақстан Каспий теңізіндегі аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз әскери-теңіз флотын құрып жатыр. Мемлекет қарулы күштерінің бұл ажырағысыз бөлігін нығайту арқылы біртіндеп теңіз өңіріндегі әскери державаға айналуды көздеп отырған сыңайлы.
Таяу арада ақсерке уылдырығының тапшылығына тап болсаңыз, таң қалмаңыз. Себебі Орталық Еуропа мемлекеттері Каспий теңізінде бекіретұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу мәселесін талқылап жатыр. Бұл өз кезегінде уылдырық бағасын одан әрмен ұшындырып жіберуі мүмкін.
Көшпенділер дәстүрін ұстанатын, дегенмен тұрғындары қазіргі заманға сай өмір сүретін елде, кең байтақ жазира төсінде қазақ ковбойлары қожалық етеді. Қазақстанда қонақ болып қайтқан шетелдік турист осындай тұжырым жасайды.
Мемлекетке инвестиция салу жолына жемқорлық бөгет болып отыр дейді «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры сэр Дик Эванс. Бір қызығы, осы адамның өзі бір кездері коррупция шатағына қалған болатын.
Тағы