Борышкерлерге берген несиелердің қайтарылмай қалуын тоқтату үшін Қазақстан банктері батыл қимылдауы қажет деп санайды Халықаралық валюта қорының өкілдері. Ұлттық экономика шапшаң қарқынмен өсіп отырғанымен, елдегі активтер сапасын арттыруға оның қауқары жетпейтін тәрізді.
Шетелдік қару өндіретін мердігерлермен байланысында Астана, бұрынғыдай емес, серіктес елдер аясын кеңейтуге ынта танытып отыр. Алайда, бұл процесс баяу қарқынмен дамып келеді.
Қазақстан жұртының басым көпшілігі елді дұрыс бағытта дамып барады деп санайды және Нұрсұлтан Назарбаевқа кең қолдау танытады дейді Baltic Surveys/The Gallup Organization ұйымы өз зерттеуінде.
Си-Эн-Эн телеарнасында «Жер шекарасы» атты телехабар көрсетілімі жүріп жатыр. Әлемдегі биологиялық әр алуандықты қорғау тақырыбына арналған бұл хабарда дүниежүзілік ауқымда әсері бар экологиялық апат аймақтары мәселесі сөз болады. Олардың арасында Қазақстандағы Арал теңізі де бар.
Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тэйлор Наоми Кэмпбелге «қанқызыл гауһар тас» сыйлапты деген қаңқу сөздің жайылып кетуі супермодельдің 40 жастық мерейтойының берекесін алды.
Ресей Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуден дәмелі.
ICANN интернетте ұлттық әліпби әріптерінің көмегімен домендік атаулар беруді мақұлдаған шешімін жариялады. Аталған шара арқылы ICANN интернеттің «балкандануына» шек қоймақшы.
«Қазақстан Халық Банкі» басшылығы БТА-ның бақылаушы пакетін сатып алмақ ниеті бар екенін жариялады. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі ел экономикасының дамуына қатысты оптимистік мәлімдеме жасап отыр.
Германия астанасында нацистердің қылмыстары жөніндегі мұражайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Мұражай гестапоның – Үшінші рейхтың мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы штаб-пәтерінде қоныс тепкен.
Бельгия парламентінің пәренже киюге қатысты шешімі Батыс мемлекеттерінде қызу пікір-талас тудырып отыр. Адам құқын қорғау жөніндегі ұйымдар бұл жаңа заңның қабылдануын сынап жатыр. Франция да өз аумағында осындай тыйым салмақ.
Никита Михалковтың «Утомленные солнцем 2» фильмі Ресейдегі бастапқы көрсетілімінде-ақ сәтсіздікке ұшырады. Киносыншылар шовинизм мен озбыр ел билеушілерді аңсаудан көрерменнің көңілі суый бастағанын айтып отыр.
Әскери мүдделерге бола Орталық Азиядағы жемқор басшыларға жалпақшешейлік көрсетіп отырған Вашингтон екіұдай саясатының кесірінен келешекте аймақтағы елдерде билікке келетіндердің алдында абыройдан айырылуы мүмкін деп ескертеді американдық сарапшылар.
Қазақстан үкіметі бірқатар шетелдік мұнай компанияларымен жасасқан келісім-шарттарды қайта қарауда. Ел аумағындағы ең ірі мұнай-газ кенішінде жұмыс істейтін компанияға қысымды күшейткен Қазақстан бұл жобадан өз үлесін алғысы келеді.
Нью-Йоркте «Қазақгейт» сот процесі қайта жалғасты. Бұл іс бойынша АҚШ құқық орындары американдық кәсіпкер Джеймс Гиффенге Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына пара берген деген айып тағып отыр.
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанда қағазбастылықтың әуре-сарсаңы еркін кәсіпкерліктің аяғына тұсау болып отырғанын айтады. «Мұра қоры» әзірлеген экономикалық еркіндік көрсеткіші бойынша Қазақстан былтыр әлемдегі 183 елдің арасында 83-ші орынды иемденген.
Постсоветтік елдер аумағындағы Батыстың мүдделеріне қауіп төнді деп санайды «Мұра қорының» сарапшысы Ариэль Коэн. Оның пікірінше, Кремль кейбір көршілес елдерге жарым-жартылай болса да өз ықпалын жүргізуге мүмкіндік алып отыр.
Тікұшақтан Арал теңізінің ахуалын көрген БҰҰ-ның басшысы Пан Ги Мун бұл көрініс өзінің еңсесін езіп жібергенін айтты. Ол Орталық Азия елдері басшыларын экология мен су тапшылығы мәселесін өзара күш біріктіре отырып реттеуге үндеді. Ал оның адам құқығын құрметтеу туралы сөзі Өзбекстан президентінің шамына тиді.
Қытайдан миллиардтап несие алатын дамушы елдердің қатары жыл санап көбейіп келеді. Бірақ бұл қаржылай көмек биліктің халық алдында есеп беруі, келісім-шарттарды ашықтығы және адам құқығын құрметтеу секілді маңызды істерге көлеңке түсіреді дейді талдаушылар.
Берлиндегі халықаралық туризм көрмесінде Азия, Аустралия және Тынық мұхиты аймағы елдері тобында Қазақстан бірінші орынға ие болды. Дегенмен, елде браконьерлік құбылыстың кең етек алуы туризмнің дамуына кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес.
«Индепендент» газетінің оқырмандарына британ турисі Дом Джоули нысана көздеуден өзінің қалайша Қазақстан чемпионы болғаны жайында баяндап беріпті.
Тағы