Әйелдерді сүндетке отырғызу, оларды өртеу, омырауларын үтіктеу тәрізді сорақылықтар әлемде әлі күнге кездеседі. Мәселе діннің не діни сенімнің қайсыбір түрінде емес. Мәселе әйел құқығының әлемнің әр түпкірінде әлі де аяқ асты боп тапталып жатқанында болып отыр.
Жеке күнделігіндегі жазбалары Интернетте жарияланғаннан соң Қытайдың мемлекеттік компаниясының бас менеджерін полиция тергеуге алып, ол жұмысынан айрылды деп жазады британдық «Дейли телеграф».
Бұрынғы кәсіпқой хоккейші, Қазақстанда туып-өскен Богдан Руденкоға АҚШ-та адам өлтірген деген айып тағылды. Өзінің кінәсіз екендігін айтып келген ол, жақында тергеу ісіне қарсыласуын доғарды. Енді оны сотқа тарту үшін Солтүстік Каролина штатына апармақ.
МАГАТЭ ұйымының бұрынғы басшысы Мохамед әл-Барадей Египетте алдағы жылы өтетін президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Оның мәлімдемелері мен бастамалары Египетте кең қолдау табуда.
Дағдарыс салдарынан Қазақстан басшылығы ел экономикасын басқару стратегиясын өзгертуге мәжбүр болды. Қолданылған шаралар нәтижесінде мемлекеттің реттеуші рөлі айтарлықтай күшейіп, өсу қарқыны бәсеңдеді. Ал Өзбекстанда үкіметтің экономикаға ықпалы азайғаны туралы айтылып отыр.
АҚШ-тың арнайы өкілі Ричард Холбрук Өзбекстаннан әуе күштері базасын ашу Вашингтонның жоспарында жоқ деп мәлімдеді. Әндіжандағы қанды оқиғадан соң АҚШ тарапынан сын естіген өзбек үкіметі өз аумағындағы американ әуе базасын жауып тастаған еді. Орталық Азия елдерімен байланысын нығайтып жатқан АҚШ Өзбекстанға да баса назар аударып отыр.
Бейжің Шыңжаңдағы өз саясатын өзгертуге кетәрі еместігіне емеурін білдіріп отыр. Қытай басшылығының елдегі ұйғыр зиялыларына қарым-қатынасы жұмсарғандай көрінгенімен, жас профессор Тохти қарама-қайшылықтардың аз еместігін айтады.
Саяси билік басындағы әулеттер әсіресе Азияда жиі кездеседі. Кейде олар елдегі жағдайдың тұрақты болуына оң әсер ете алады. Бірақ феодалдық инстинктер мен шыққан тегінің атақ-даңқы ел дамуына тұсау болар бөгетке айналатыны тағы бар.
Еуроодақ мемлекеттерінде кедейлік пен оқшаулау проблемасын шешу - мұсылмандарға қоғамның еті үйренуіне оң әсер етпек. Анда-санда Еуропаның әр тұсында ксенофобиялық пиғыл байқалғанымен, ондағы жұрт өздеріндегі мұсылман қауымдастығына үйреншікті жайт ретінде қарайды.
«Еуразиянет» сайты Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Вашингтонға сапарының негізгі мақсаты - Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы Ақорданың бастамасына Вашингтоннан қолдау таба алмай қайтқанын жазады.
Қазақ түрмесінде отырған ағайынды екі бизнесмен әділеттік іздеп, АҚШ сотына жүгінді, деп жазады американдық интернет-портал. Олар Қазақстанның заң орындарына рейдерлікпен айланысады, қорлап-азаптайды деген кінә тағып отыр.
Nomura International компаниясы сарапшысының болжамы бойынша, енді алты-жеті жылдан соң уран шикізаты қат тауарға айналып, Қазақстан әлемдегі уран кенін өндіретін елдердің көшбасына шығады.
Освенцим мен ГУЛАГ-тың айырмашылығы біреу ғана: ГУЛАГ-та крематорий болған жоқ. Алайда, ГУЛАГ тұтқындары да аса ауыр қара жұмыс азабы мен аштықтан шыбындай қырылды.
Қазақстандағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі Уильям Кортни, «Нью-Йорк таймс» газетінде жарияланған мақаласында, қазіргі ЕҚЫҰ төрағасына кезігетін проблемалар туралы жазыпты.
Кедендік одаққа енген Қазақстан экономикасының Ресей экономикасы тарабынан жасалатын қыспаққа төтеп беру қабілеті төмендеп кетуі мүмкін деп ескертеді талдаушылар. Бұл одаққа енген соң Қазақстан тәуелсіздігінің аясы біршама тарылды және болашақта одан әрмен тарыла түсуі ықтимал.
«Пью» зерттеу орталығының баяндамасы бойынша, әйелдер білім жағынан күйеулерін басып озған, ал әрбір бесінші отбасының негізгі асыраушысы - әйел, деп жазады «Вашингтон пост» газеті.
Польшадағы бұрынғы нацистік концлагерлердің тұтқындары Германияның мемлекеттік темір жол компаниясынан өздеріне өтемақы төлеуді талап етіп жатыр. Олардың пікірінше, фашистік Германияның режимі келтірген залалы үшін компания бұларға ақы төлеуі тиіс.
Таиланд жерінде Қазақстан үлескерлерінің ақшасын жымқырды деген күдікпен іздеуде жүрген қазақ елінің екі азаматы ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, олар 9 миллион АҚШ долларын заңсыз иемденіп, Қазақстаннан қашып кеткен. Тұтқындар өздерін кінәсізбіз деп отыр.
Шетелдік баспаөз құралдары Қазақстан елді демократияландыру туралы өз уәдесін орындамаса да ЕҚЫҰ төрағасы болды деп жазып жатыр. Сарапшылар бостандықтың түбірлі принциптерін құрметтеп отырған ел ғана ЕҚЫҰ басшысы болуға лайық деп санайды.
Қытай мысықтабандап Орталық Азия елдері экономикасының негізгі ойыншысына айналып келеді. Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл үдерістің арты игі болатындығына сенімді деп жазады британ газеті «Файненшл таймс».
Тағы