Американың «Wet Mountain Tribune» басылымы рождество мейрамы қарсаңында өз оқырмандарына сол елге Қазақстаннан барған қыз туралы әңгімелепті. Алина Сагимулдина жаңа жылды АҚШ елінде алғаш рет қарсы алғалы отыр.
Қазақстан алда келе жатқан ЕҚЫҰ төрағалығына қатысты материал даярлау үшін жалдаған американдық сарапшылар тобы өз жұмысын аяқтады. Баяндамада Қазақстанның даулы беделіне оң баға берілген.
Хиджаб киюге рұқсат беру керек пе, жоқ па, мешіт мұнарасын салуға ше, ер адамның көп әйел алуын заңдастырған жөн бе – исламның қоғамдағы орны туралы мәселе Батыс әлемінде өзекті күйінде қалып отыр. Франция президенті осы мәселеге орай отандастарына үндеу тастауға мәжбүр болды.
Бұл күндері Эдинбургте «Қызғалдақ» («Тюльпан») фильмі көрсетіліп жатыр. Ол былтыр Канны қаласындағы (Франция) өткен Халықаралық кинофестивальде «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Қазақстан компаниялары инвестиция тарту жөніндегі қызметінің бір бөлігін Лондоннан Дубай мен Гонконгқа көшірмек. Ұлттық банктің төрағасы Марченко мұндай шешім Лондон Ситиде жұмыс істейтін инвесторлардың іс-әрекетіне байланысты дейді.
Дүниежүзілік банк өз баяндамасында дағдарыс салдарынан 2009-2010 жылдары Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда 35 миллиондай адам кедейлер қатарын толықтыратын болады деп жазады.
Саяси эмигрант Мұхтар Әблязов «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында ендігі басты мақсаты – Нұрсұлтан Назарбаевты тақтан тайдыру екенін мәлімдей келе, келешекте Отанына қайтып баратынын айтқан.
Қазақстан банк секторының бұрынғы көшбасшысы БТА Банк Лондонда өтіп жатқан сот ісінің басты нысанасы болып отыр. Банк сонымен қатар несие берушілермен қарызын қайта құрылымдау келіссөздерін жүргізуде. Сарапшылар БТА айналасындағы тартыстың көзі билік үшін күресте жатыр дейді.
Жекелеген Азия елдері жетекшілері үшін шетелдіктердің олардың елінің атауын дұрыс атауы маңызды мәнге ие болып отыр. Алайда, басшылардың барлығы бірдей мұндай ережені қатаң ұстануды талап етпейді.
Нью-Йорктің қайта шағымдану соты белгілі сайқымазақ артист Саша Барон Коэннің пайдасына үкім шығарды. «Борат» фильмінде кейбір рольдерді сомдағандар оның үстінен сотқа шағымданған болатын.
Гуманитарлық көмекті алу үшін адам құқықтары ахуалын жақсартуға тиіс болғандықтан, Астана ол көмекті алмағанды жақсы көріп отыр. Ал Ирландия азаматтары Семей полигонынан зардап шеккен балаларға арналған жаңа аурухана салуға қайырымдылық қаржысын жинап жатыр.
Шетелдік сарапшылар қазақ ұлттық валютасының бағамы тағы көтерілуі мүмкін дейді. Халықаралық нарықта мұнай бағасының қымбаттап кетуінен кейін бұл сөздің шындыққа айналу мүмкіндігі ұлғая түсті.
Италия премьері Сильвио Берлусконидің қазақ еркектерінің ұрпақ өрбіту қуатының әлеуетіне айтқан мақтауын британ баспасөзі «Борат стиліндегі желөкпелік» деп атады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Римге сапарының алдында италиялық басылымдарда Арал өңіріндегі ахуал жайлы мақала жарияланған еді.
Қазақстанның батысында жаңа да сәнді ғимаратқа толы әрі құны 38 миллиард долларға жетіп отырған Ақтау-Сити тұрғызылуда. Ал аймақтағы халықтың басым бөлігі қайыршының күнін кешіп жатыр.
Бүкіләлемдік нарықта Қазақстанда өндірілетін сирек кездесетін металдарға деген сұраныс арта түсуде. «Қазатомпром» тағы бір жапон фирмасымен сирек металдарды өндірумен айналысатын бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойды.
Интернет домендік атаулар латыннан басқа да әріптермен де толтырылатын жаңа жүйе аясына көшпекші. Яғни бұдан былай ТМД аумағында орналасқан ұйымдар сайтына енгенде ондай сайттардың атауын кирилл әрпімен теруге мүмкіндік туады.
Батыста Қазақстанның ядролық жоспарларына қатысты сенімсіз ой-пікір әлі де кеңінен таралып отыр. Елдегі демократия дамуы мен жемқорлыққа қатысты мәселелер мұндай пікір отына май құя түсуде. Ал Қазақстан біртіндеп әлемдегі нөмірі бірінші уран өндіруші елге айналып келеді.
АҚШ-та мектеп оқушыларының біліміне жасалған тест нәтижесі жарияланды. Ол Қазақстанның төртінші сынып оқушыларының математика саласында білім деңгейі бойынша америкалық құрдастарынан алда келе жатқанын көрсетті. Америка үкіметі жағдайды түзетуге шара қолданбақшы.
«Тур де Франс 2009» турнирінің дүйім жұртқа аты әйгілі жеңімпазы «Астана» велотобы тыйым салынған дәрілерді осы топтың спортшылары пайдаланғандығы себебінен тағы да тергеу нысанасына айналды.
Девелопер Марк Адвент өзінің Қазақстанда құны 30 миллиард долларлық қала түріндегі ойын-сауық орталығын салмақ ойы бар екенін жария етті. Қала Алматының солтүстігіне қарай жатқан аумақта бой көтермек.
Тағы