Францияның кейбір басылымдары президент Николя Саркози Астанаға сапары барысында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің қолдауын көрсетті деп жазады. Дегенмен, ол қолдаудың артында француз бизнесі мен жұмысшыларының мүддесін қанағаттандыру мақсаты жатқан екен.
Американ баспагері Гордон Кровитц батыстық журналистер мен баспагерлердің ислам қағидаларын сынауға қатысты құқығына қолдау көрсетіп отыр. Ал, мұсылмандардың пікірінше, мұндай істер киелі нәрселерді ашықтан-ашық қорлау болып табылады.
Қытай Халық республикасы өзінің 60 жылдық меретойын дүркірете тойлады. Аспан асты елі бұл мерекесін Орталық Азия аймағындағы өзінің сыртқы экономикалық экспансиясын одан әрмен өрістете түсумен атап өтіп отыр.
Канада Қазақстанға ядролық реакторлық технологияны сату жөніндегі сауда келісіміне қол қойды. Республиканы шырмап алған жемқорлық пен адам құқықтарын бұзу мысалдарын алға тартқан жекелеген сарапшылар бұл жобаның бейбіт мақсатта пайдаланылатындығына күмән білдіріп жатыр.
1994 жылы өте құпия операция барысында Қазақстаннан 500 келіге жуық аса байытылған уран Америкаға әкетілді. «Вашингтон пост» газетінің дерегі бойынша, ядролық қарудың құпия қоймасын сатып алу үшін Қазақстанға шамамен 27 миллион доллар төленген.
Кейбір қазақстандықтар Батыстағы кәсіпкерлік элита ішінде өз тұғырларын сәтті түрде нығайтып жатыр. Алайда, мұнда топ-менеджерлер еңбекақысының әсіре көп мөлшерде, олардың өздері атқаратын қызмет маңыздылығымен сәйкессіз болып жататын мысалдар да кездесіп қалады.
Қазақстанда дәулеттілер мен тұрмысы төмен әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылық арта түсуде деп жазады «Бизнес уик» журналы. Осындай әлеуметтік теңсіздікті ірі қалалар мен аймақтар арасынан да байқауға болады.
Жақында Қазақстан президентінің мақаласын жариялаған «Вашингтон таймс» газетінің Салли Такер деген оқырманы басылымның бүгінгі санында Қазақстан бір ғана адам үстемдік құрған биліктен бас тартуы керек деп өз пікірін білдіріпті.
Шетелдік баспасөз шолушылары Евгений Жовтистің ісінде саясаттың құлағы қылтиып тұр деп санайды. Белгілі адвокат Роберт Амстердам бұл сот үкімі ЕҚЫҰ төрағасы лауазымын қабылдау сәті таяған сайын Қазақстан басшылығының дегбірі кете бастағанын көрсетеді деп санайды.
Сенбі, 5 қыркүйек күні Қазанда «Париж – Дакар» класындағы аутомобильдер сайысы "Жібек жолы" деген атпен бастау алғалы тұр. Темір тұлпарлар сайысы қыркүйек айында ТМД елдері аумағынан өтеді. Бұл туралы «Мотор спорт» сайты хабарлады.
Алпыс жыл бұрын Семей сынақ алаңында бірінші атом бомбасы жарылған еді. Ресейдің ядролық қару саласы бойынша ғалымы Аркадий Брич бүгінде бұл күнді ұлттық мейрам ретінде атап өтуге шақырады.
Альянс банктің негізгі акционері Марғұлан Сейсембаев өзінің «шетелдегі демалысынан» әзірше Отанына оралу ниеті жоқ екенін мәлімдеді. Қазақстанда жеке басының қауіпсіздігіне байланысты еліне қайтып барудан бас тартатын тағы бір ірі банкир пайда болуы мүмкін.
«Тур де Франс - 2009» турнирінің жеңімпазы Альберто Контадордың 2010 жылы да «Астана» велотобы құрамында қала беретіні жайлы әлемдік баспасөз жазып жатыр. Американдық Лэнс Армстронг команданың құрамынан кетті.
Қазақстан әлемдегі ең ірі уранмен қамтамасыз етуші ел мәртебесіне қосымша, өңделген әрі қолданылуға даяр ядролық отын мен реакторлық технологияларды экспорттаушы мемлекетке айналу үшін маңызды шаралар қолданып жатыр деп жазады кейбір батыстық басылымдар.
Қазақстанда өндірілген мұнайдың көбі болашақта Түркия арқылы тасылатын болады, ал «МаңғыстауМұнайГаздың» нақты бағасы 100 миллиард доллардан асады
Астана мен облыс және алыс елдімекендердегі ел тұрмысы арасындағы айырмашылық Батыстан келген саяхаткерді ерекше таң қалдырыпты. Канадалық турист өз жолжазбасында сәулетті ғимараттарға толы жарқ – жұрқ еткен Астананы республиканың бүгінгі табыстары тізілген сөрелерге ұқсатады.
БТА банктың кредиторлары аталған қаржы мекемесіне салған ақшасынан түгелдей айрылуы мүмкін. Халықаралық валюта қоры банкке елдің сенімін қайтару үшін Қазақстан үкіметін қажетті шараларды атқаруға шақырады.
Британдық «Дейли мейл» газеті ханзада Эндрюдің ранчосын Қазақстанның дөкейлері ағылшын корольдік отбасының осы мүшесін Ақорданың Батыстағы ықпалды достарының қатарына қосып алу үшін сатып алды деп жазыпты. Бұл орайда басылым Рахат Әлиевтің кітабына сілтеме жасапты.
Австрия парламентіне социал-демократтар партиясынан сайланған депутат Антон Гааль Қазақстан арнайы қызметінің Ильдар А. есімді өкілімен өзінің байланыста болғанын мойындады
Британдық «Гардиан» газетінде Джонатан Айткеннің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітабына рецензия мақала жарияланды. Оның ауторы Питер Престон Айткеннің сөз болып отырған кітабы «пайғамбарлар қиссасы» жанрында жазылған әдебиетке көп ұқсап кеткенін айтады.
Тағы