Рахат Әлиевтің төңірегінде тағы да бұрқ-сарқ еткен айғай-шу көтеріліп жатыр. Бұл жолғы жанжалдың құрығына Бостандық партиясының (FPÖ) бас хатшысы Харальд Филимски ілігіп отыр. Австриялықтар елдегі оңшыл радикалдар көсемі Қазақстанның құпия қызметінің «қолжаулығына» айналып кетпеді ме екен деп күдіктенуде.
Қазақстан Қашаған мұнай кенішін игеруге бөлінетін инвестиция көлемін қысқартпақшы. Қытайға тартылған газ құбырының Қазақстандағы құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, Астана «Набукко» жобасына қатысатыны туралы шешімін өзгертуі мүмкін. Бұл жайында халықаралық баспасөзде тағы да сөз болып жатыр.
«Блумберг» агенттігі Қазақстан банктеріне инвестиция салған несие берушілерге олардың салымының 80 пайызынан айырылу қаупі төніп тұрғанын айтады. Бұл жөніндегі ақпарат өзін «дефолт» деп жариялаған ел банктері қарыздарын бірінші рет қайта құрылымдағаннан соң белгілі болып отыр.
Британияның «Дейли Телеграф» газеті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың 2007 жылы Британияның патшайымы отбасынан 15 миллион фунт стерлингке сарайдай үй сатып алғанын жазады. Бұл үйдің нарықтық құнынан 25 пайызға артық дейді басылым. Ол ранчо әлі күнге дейін бос тұр екен.
БҰҰ даму бағдарламасы маусымның 29-ында Орталық Азияның төрт мемлекеті өз аумақтарында қордаланған 800 миллион тоннаға жуық токсинді уран қалдықтарын қауіпсіздендіру туралы келісімге келгенін мәлімдеді.
Қазақстанның ресми басшылығы халықаралық ауқымда өз имиджін жақсарту жөніндегі іс-әрекетіне тың серпін беріп жатқан сыңайлы. Бұған Вашингтонда шығатын «Хилл» газетінде жарияланған мақала куә бола алады.
Азиядағы алдыңғы жүздіктегі жоғары оқу орындарының қатарында Қазақстаннан ешбіреуі жоқ. Ал, жазғы демалыста жұмыс істеп табыс табу мақсатымен АҚШ-қа баратын қазақстандық студенттердің көпшілігі ол жақтан жұмыс таба алмай жүргені туралы халықаралық баспасөз жазып жатыр.
Батыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы билік және кәсіпкерлік пирамиданың қатарын астан-кестен еткен соңғы уақыттағы «элита сілкіністері» мен тұтқындаулар тағы да сөз болып, шулы тақырып ретінде талқыланып жатыр.
Қазақстандық сәндік киім тігу шеберлерінің беделі батыс елдеріндегі сән талғампаздары арасында өсіп келе жатқан сыңайлы. Мамыр айында ұйымдастырылған Алматыдағы Қазақстан сән апталығы күндерінің оқиғалары мен жай-жапсарлары кейбір халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында тағы да сөз боп жатыр.
Әлемге танымал тенор Пласидо Доминго шілденің 5-інде Орталық Азиядағы тұңғыш концертін Астанада өткізбекші. Концерт Астана қаласына мемлекеттің ресми орталығы мәртебесі берілгендігінің 11 жылдық мерейтойына арналмақшы.
АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэртте басылатын «Стар тэлигрэм» газеті қазақ жерінде балалар үйінде тәрбиеленіп өсіп, АҚШ-та асылып қаза тапқан бір қазақ бозбаласының тарихын әңгіме етіп жазыпты. Оның есімі – Мақсат Айтбаев.
Бірқатар халықаралық баспасөз құралдары Қазақстандағы кейбір іскер адамдардың тұтқындалуы болмаса шетелге қашуы осы елдің инвестициялық тартымдылығына кері әсер ететінін жазады.
Әлемнің ақпарат құралдары Қазақстан, Ресей және Беларусь кедендік одақ құру туралы келісімге келіп, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға байланысты келіссөздерде ортақ ұстанымда болу жөнінде ұйғарым жасасқандарын хабарлайды.
Батыс басылымында шикізатты сатудан түскен кірісті азаматтарға бөліп беру мәселелері қозғалған. «Ак жол» партиясының осы жайында көтерген бастамасын еске алған Ораз Жандосов тек экономикалық мүмкіндіктердің жетіспейтіндігін айтады.
Әлемдік баспасөз Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына кірісетін 2010 жылдың жақындап қалғанын ескертеді. Осыған орай, EurasiaNet сайты Қазақстандағы ахуал туралы баяндамалар мен ұсыныстар дайындайтын орталықтарды Ақорда қаржыландыратынын жазады.
6 маусымда, Алматыда, Қазақстан мен Англияның құрамалары кездесіп, футболдан әлем біріншілігінің іріктеу ойынын өткізеді. Әлем чемпионатының финалдық ойындары келесі жылы Оңтүстік Африка Республикасында, маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында өтеді деп жоспарланған.
Батыс сарапшылары Орталық Азияның көшбасшысы тақырыбын тағы да қозғап отыр. Олар аймақтағы бір-бірімен бақталас елдердің әрқайсысы өз алдына жеке дамып кетуі күмәнді мәселе екендігін атап көрсетеді.
«Амнести Интернешнл» ұйымы, 28 мамыр күні, әлемдегі адам құқықтары мен бостандықтары- ның ахуалы туралы баяндамасын жариялады. Онда дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан бұл саладағы жағдайдың күрделене түскені айтылған.
Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалуына байланысты әңгіме халықаралық баспасөздегі Қазақстан туралы жарияланымдарда ең атышулы тақырыпқа айналып отыр. Өзінің жеке блогында Рахат Әлиев оны өзінің досы және кезекті саяси тұтқын деп атапты.
Британ астанасындағы қазақ мейрамханасының ас мәзірі мен Алматыдағы сәнді киім үлгілерінің көрмесі шетелдік басылымдардың назарын аударды.
Тағы