«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық ұйымының баяндамасында Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы ЕҚЫҰ-ның келешек төрағасының роліне сәйкес келмейтіндігі атап көрсетілген.
Лондонда болған кезінде, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко биылғы жылы теңге девальвациясы болмайды деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол жалпы ішкі өнімнің өскенін хабарлады. Әйткенмен халықаралық сарапшылар ол көрсеткіш төмендейді деген болжам айтады.
Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бактың 12- 13 мамырдағы Қазақстанға ресми сапарының барысында елдің энергетика саласына 5 миллиард АҚШ долларына тең жаңа инвестициялық жобалар әкелу туралы жоспарлар талқыланды.
Велосипедшілердің халықаралық одағы «Астана» командасынан мамыр айының соңына дейін қаржы мәселесін шешуді талап етіп отыр. Өйтпесе, велотопқа турнирге қатысушылар сапынан күнібұрын кетуге тура келмек.
Шетелдік бақылаушылар, егер ресми Астана қоғамды демократияландыру жөніндегі нақты іс-шараларды атқармаса, онда күн тәртібіне Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның төрағалығынан айыру мәселесі қойылатындығын айтады.
Шетелдік басылымдардың талдаушылары БТА банк жабылуы мүмкін деп жазады. Сарапшылардың пікірінше, БТА банктың дефолтқа ұшырауының салдары Қазақстанның күллі қаржы саласына орасан нұқсан тигізуі ықтимал.
Әлемдік баспасөздің хабарлауынша, «Қазатомпром» компаниясының қызметінің кеңеюі Қазақстанның әл-ауқатын жақсартып, елдің халықаралық уран бизнесінде үлкен табысқа жетуіне жол ашпақ.
Батыс талдаушылары экономикадағы қиындықтар Орталық Азияда этникааралық жанжалдарды, әсіресе тіл мәселесі өзекті проблемаға айналған елдерде, өршітуі мүмкін деп жорамалдайды.
Халықаралық ақпарат құралдары Каспий қайраңындағы Қазақстанның Сатпаев мұнай кенішін игеру құқығына ие болған үнділік ONGC мұнай-газ компаниясы осы саладағы жұмыстарын кеңейітуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Батыс баспасөзі Қазақстанда суверендік қарыздар өссе, қарқынды рецессия болса немесе елдегі әлеуметтік-саяси ахуал ушығып кетсе Fitch агенттігі Қазақстанның рейтингін төмендететінін айтып отыр.
Халықаралық баспасөз құралдары Қазақстанда экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты елдің наразылығы күшеюі мүмкін деп жазады.
Баспасөз құралдарының хабарлауынша, Қытай Қазақстанға 10 миллиард доллар бөлмек, оның жартысына «Маңғыстаумұнайгаздың» үлесі сатып алынбақшы. Бейжіңде екі елдің басшылары осындай келісімге келді. Қазақстанның энергетика саласында Қытайдың үлесінің артуын батыс сарапшылары тұрақтандырушы фактор ретінде атап отыр.
Сәуірдің 15-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен Қытайға аттанды. Батыс баспасөзінің жазуынша, осы сапар кезінде Қытай Астанаға 10 миллиард доллар көлемінде қарыз беріп, есесіне «Маңғыстаумұнайгаздың» үлесін сатып алу жөнінде келісімшартқа отыруы мүмкін.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі себепті, сәуірдің 10-ынан бастап Қазақстанның алты әуе фирмасы Еуропаға және одан бері қарай жүк пен адамдарды тасу құқынан айрылды. Аталған фирмалардың басшылары Еурокомиссияның бұл шешімін «әділетсіз бәсекелестіктің» көрінісі ретінде қабылдап отыр.
Талдаушылар Қазақстан аумағында ядролық отын банкін құру туралы президент Н.Назарбаевтың ұсынысын ресми Астананың халықаралық деңгейдегі өз беделін көтеру ниетімен байланыстырады. Сонымен бірге, бұл бастамадан Вашингтон – Теhран – Астана үштігі пайда болуы мүмкіндігін де жоққа шығармайды.