ҮНДІ КОМПАНИЯСЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Халықаралық компаниялардың Қазақстан мұнайына деген ықласы шетелдік БАҚ назарын өзіне тағы тартуда. Оilgasexploration.energy-business-review интернет – басылымы үндінің ONGC Mittal Energy компаниясының Каспий теңізінің табанындағы Сәтпаев кенішіне 400 млн. доллар инвестиция салатынын хабарлайды. Бұл компания Үндістанның мемлекеттік ONGC Videsh мұнай фирмасы мен әйгілі миллиардер Лакшми Митталдың капиталын біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын болып табылады.
Қазақстан үкіметіне, келісім шарт бойынша, үнді компаниясы өзінің кеніш үлесінің 25 пайызын иеленгені үшін «контрактіге қол қою құны» деп 26 млн. доллар, «концессия алу құны» деп 80 млн. доллар ақша төлегелі отыр. Компания кеніштегі барлау жұмыстарына ең азы 165 млн. доллар қаржы салуы тиіс әрі опционалды негізде барлау ісіне қосымша 235 млн. доллар сала алады.
Аталған жаңалықты Үндістан мұнай министрлігінің ресми өкілі жария етті, деп жазады басылым. Жоба бойынша, мемлекеттік ONGC кәсіпорыны аталған кенішті игеруге 204 млн. доллар қаржы жұмсамақ. Үндістан үкіметінің ресми өкілі, бұл жобаның үкіметтің арнайы орынының мақұлдауына жіберілгенін айтқан.
Сәтпаев кеніші Каспий теңізінің солтүстік қайраңында, теңіз бетінен 5-10 метр тереңдікте жатыр. Оның қойнауында 256 млн. тонна немесе 1,75 млрд. баррель мұнай бар деп болжануда. Келер жылдарда мұнай өндірісінің ең үлкен көрсеткішіне қол жеткізілген кезде, кеніште тәулігіне 287 мың баррель мұнай өндіріліп отырады деп жоспарланған. Сайттың мәліметі бойынша, аталған кеніштің акциялар пакетінің қалған 75 пайыздық үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншісінде екен.
Бұл орайда, Үндістанның Қазақстан мұнайынан үміткер елдер қатарына кірсе де, өзінің аталған табысына жылдар бойы жүргізілген ауыр күрестен соң, әрең дегенде қол жеткізіп отырғанын айта кету керек.
ҮНДІСТАНҒА ҮЛКЕН КӨЛЕМДЕ МҰНАЙ ҚАЖЕТ
Талдаушылар пікірінше, Жапония, АҚШ, Қытай, Еуропа Одағымен қатар, бұл ел 2030-шы жылдарда әлемдегі ең дамыған 5 елдің қатарына енбек. Саны 1 миллиардты маңайлаған (2050 ж. таман Үндістан халқы саны жөнінен әлемде алдыңғы орынды иемденеді деп болжануда) халқын асырау үшін, әрине, оған қарқынды дамитын экономика керек. Ал экономиканың қаны – ол ақша мен энергия ресурстары, соның ішінде мұнай. Бұлар болмаса, ел дамуы мандымайды, экономика тұралайды.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Үндістан 2025 жылға таман мұнай импорты бойынша әлемде, АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынды иеленер түрі бар. 2030 жылдары, дейді талдаушылар, бұл ел күніне 6 млн. баррель мұнай импорттамақ, бұл Қазақстанның бүгінде тәулігіне өндіретін мұнай мөлшерінен 4 еседей артық.
2030 жылға қарай Үндістанның энергия ресурстарына деген қажеттілігі 2 еседен астам өсуі тиіс, бұл сұраныс орташа есеппен жылына 3,6 пайыз қарқынмен өседі делінуде. 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіру 3 еседей артып, соның нәтижесінде қатарға қосылатын қосымша электр қуатының мөлшері 400 гигаватты құрамақ. Бұл қазіргі Жапония, Оңтүстік Корея және Аустралия үшеуінің өндірер электр қуатын қосып есептегенде, одан асып түсер шаманы білдіреді.
Сайттың айтуынша, үнді суперэкономикасында 2030 ж. маңында, 2005-ші жылғы 62 пайыздай емес, тұрғындардың 96 пайызы электрге еркін қол жеткізетін болады. Мамандар, Үндістанның энергетика саласын дамытуға 2030 жылдарға дейін 1,25 трлн. доллар керек болады деп отыр. Оның 75 пайызы – электр өндіру саласына жіберілмек.
Еcoworld онлайн-басылымы қазіргі уақытта Үнді республикасының, алыс мерзімді бажайлай отырып, бүкіл әлем бойынша өзіне тұрақты және сенімді негізде газ әрі мұнаймен қамтамасыз етіп отыратын серіктестер іздестіріп жатқанын тілге тиек етеді.
Бүгінде Үндістан өзі тұтынатын мұнайдың 70 пайызын импорттап отыр. Табиғи газдың тұтынылуы 1995 жылы 0,6 трлн. текше. фут болса, 2015 жылдары 1,6 трлн. текше. фут болады деп күтілуде. Енді 5 жылдай уақыт өткен соң, деп атап көрсетеді Еcoworld, тұтынылатын газдың үштен бір бөлігін импорттың арқасында қамтамасыз етуге тура келетін болады.
Газбен қамтамасыз ету ісін тұрақты жолға қоймақ мақсатта Үндістан Оман мен Иранда сұйылтылған газ өндірер зауыттарға қомақты инвестиция салды, Бангладеш, Бирма Ираннан (Пәкістан арқылы) әрі Түркменстаннан тіке құбыр тарту жобаларын қарастыруда.
ҮНДІСТАН ӨЗ БӘСЕКЕЛЕСІ ҚЫТАЙҒА ЕСЕ ЖІБЕРІП КЕЛДІ
Алайда, Үндістан компанияларының халықаралық нарықта мұнай бизнесіне енуі, бақталас фирмалар тарапынан қатты қарсылықтарға тап болуда. Мәселен, ONGC соңғы бірнеше жылда әлемнің бірқатар елінде мұнай кеніштерін барлау мен өндіруге концессия алу ісінде Қытай фирмаларымен қатты таласып келеді. Соның бір де бірінде ONGC жеңіске жеткен емес.
Себебі, қытайларда ақша да көбірек, әрі олар бүкіл әлем бойынша әлдеқайда белсенді әрекет етуде және ресми Бейжің өз мұнай компанияларына халықаралық деңгейде тегеурінді түрде дипломатиялық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, егер 2003 жылға дейін шетелдерде концессия алу үшін Үндістан 3,5 млрд. доллар ғана жұмсаса, Қытай бұған 40,0 млрд. доллардан астам қаржы жұмсапты.
Dnaindia сайтының ақпараты бойынша, ONGC-ың «Маңғыстаумұнайгаздан» да үлес алмақ ниеті болыпты. Алайда, ондағы сатуға қойылған үлесті Қытай компаниясы алып кеткені белгілі. Сөйтсе, аталған қытай компаниясына кеніш үлесін бергені үшін, Астана ресми Бейжіңнен 10 млрд. доллар несие алуға қол жеткізген.
Мұның қомақты бөлігі, Қазақстанның экономикасын тұрақтандыруға жұмсалады деп күтілуде. ONGC аталған Қытай компанияларымен 2006 жылы Колумбия және Нигериядағы кеніштерге таласқанда, 2005 жылы Қазақстанда «PetroKazakhstan» саудаланғанда және Эквадорда кенішті сатып алу үшін бақталастырғанда ұтылып отырыпты.
Ал Сәтпаев кеніші бойынша жасалған осы келісім шарт Үндістан компаниясының қазақ жерінде мұнай саласында жолы болған бірінші табысы боп табылады.
ҮНДІСТАН АТЫРАУДА МҰНАЙ-ХИМИЯ КЕШЕНІН САЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ
Newkerala онлайн-басылымының айтуынша, Сәтпаев кенішінің акциялар пакетінің бір бөлігін сату туралы келісім-шартқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға сапары кезінде, осы жылғы қаңтарда қол қойылған екен. Басылым Қазақстанның бүкіләлемдік мұнай қорының 3,2 пайыз үлесіне (39.8 млрд. баррель) әрі әлемдік газ қорының 1,1 пайыздық үлесіне ие екенін (67.20 трлн. текше фут) айтады.
Бұдан тыс басылым беттерінде, Үндістан мен Қазақстан арасында Атырауда мұнай-химия кешенін салу мен елдің әр түпкірінде жылу электр стансаларын тұрғызу жөнінде келіссөздер жүргізіліп келе жатқаны айтылған. Сонымен қатар, екі ел ядролық энергетика саласында да өзара ынтымағын күшейтпекші.