ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖАС ҰРПАҒЫ ІС БАСЫНДА
«Гардиан» газеті «Қазақмыс» пен ENRC фирмаларының топ-менеджерлері құрамында аталған корпорацияларға басшылық етудің негізгі тұтқасын уысында ұстап отырған жастардың пайда болғаны жайлы мақала жариялапты. Екі компанияның да бағалы қағаздары FTSE-100 тізіміне енеді. Британияның ең ірі компанияларының ең жас саналатын 10 директорының 4-уі аталған екі корпорацияның басқарма мүшелері болып табылады, деп атап көрсетеді басылым. Британ газеті сөз арасында Бораттың да бейнесін әжуалай кетуді жөн көрген. Дегенмен ол Борат кейпінің Лондон биржасының алаңшаларына бұза-жара еніп, өз істерін оңтайлап жүрген қазақ жастарының имиджіне мүлде ұқсамайтынын да тілге тиек етеді.
Өткен жылы «Қазақмыс» фирмасының директорлар кеңесінің 29 жасар мүшесі Дәулет Ерғожин Британияның ең ірі компанияларының директорлары ішіндегі ең жасы болып шықты. Ол сонымен қатар Қазақстанның қаржы министрінің орынбасары қызметін де атқарып келген.
2007 жылға дейін Дәулет Ерғожин ENRC фирмасының директорлар кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарған. Оның орнына кейіннен оның үкіметтегі қызметі бойынша әріптесі, Лондон экономика мектебінің 32 жасар түлегі Марат Бекетаев келген екен. ENRC фирмасының бүгінгі басшысы Мигель Перри FTSE-100 тізіміне енетін компаниялардың қаржы директорлары ішіндегі ең жасы болып саналады, деп атап көрсетеді «Гардиан».
Басылымның мәліметіне қарағанда, аталған клубтағы ең жас он екі директордың орташа жасы 35,5 жылды құрайды екен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 39,75-ке тең болған.
ЕҢБЕКАҚЫ КӨЛЕМІНДЕГІ АЙЫРМАШЫЛЫҚ АРТЫП БАРАДЫ
«Гардиан» Британияның ірі компанияларының басшылары мен қатардағы қызметкерлерінің табыстары көлемінің қалай өзгергендігіне шолу жүргізіпті. Алынған мәлімет негізінде газет дүниежүзілік экономика басынан кешіп отырған дағдарыстың топ-менеджерлерден гөрі қатардағы қызметкерлердің жеке бюджеті үшін әлдеқайда ауырға түсіп отырған жайлы тоқтамға келеді.
Өткен жылы жалақысы ең көп болған топ-менеджер Reckitt Benckiser компаниясының басшысы Барт Бехт болған екен. Осынау голландиялық азамат FTSE-100 тізіміне енетін компаниялар директорларының ішіндегі ең жоғары жалақы алатын менеджер болып саналады. Оған төленген еңбекақы өзі істейтін трансұлттық компанияның қатардағы қызметкерлерінің орташа жалақысына қарағанда 1374 есе артық болыпты.
Еңбекақы көлеміндегі мұндай ересен айырмашылық Reckitt Benckiser компаниясының қатардағы қызметкерлері жалақысының мөлшерінің төмендігінде емес. Олардың орташа жалақысы 26700 фунтты құрайды дейді басылым. Топ-менеджер мен қарапайым қызметкер еңбекақысы арасындағы мұндай айырмашылық жалақы төлеу, қосымша жеңілдік беру және акция бойынша фирмаға түсетін пайда мөлшерінің өсуіне байланысты төленер ақшалай ынталандырудағы айырмашылықты білдіреді.
«Компас» зерттеу орталығының мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жыл ішінде ірі компаниялардың жоғары буынындағы басшылар мен қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы мөлшеріндегі орташа айырмашылық 47-ден 128 есе мөлшерінде асып түсу деңгейіне жеткен.
Morgan JP банкінің негізін қалаушы, финансист Джон Пьерпойнт Морган кезінде компаниялардың жоғары буынындағы басшылардың ешбіреуі бұлардың төменгі буынындағы қызметкерлер еңбекақысынан 20 еседен артық жалақы алмауы тиіс деп айтқан екен.
Өткен жылы FTSE-100 тізіміндегі компаниялар менеджерлерінің тек екеуі ғана Морган айтқан «ең шеткері шектен» аспайтын жалақы алған. Оның бірі компьютер бағдарламасын жасаумен айналысатын Autonomy фирмасының өкілі Майкл Линч екен. Линчтің еңбекақысы өз фирмасындағы көлемі 64 жарым мың фунтқа тең келетін орташа жалақы мөлшерінен 9,5 еседей ғана артық болған.
Ал аталған екеудің екіншісі жер серігі торабы арқылы ғарыштық байланыс ұстау саласында жұмыс істейтін «Инмарсат» компаниясының топ-менеджері болған. Оның жалақысы фирмасындағы көлемі 119 мың фунтқа тең келетін орташа еңбекақы мөлшерінен 16 еседей ғана артық болыпты.
ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫ МӨЛШЕРІ АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ ШЕКТЕН АСЫП КЕТІП ОТЫР
Жоғары буындағы басшылары мен қатардағы қызметкерлерінің еңбекақысы мөлшеріндегі айырмашылық ең үлкен көрсеткіштерге жеткен компаниялардың көбісінің жұмысшыларының басты бөлігі шетел аумағында қызмет істейді. Ал ол аймақтарда орташа еңбекақы Британияға қарағанда әлдеқайда төмен.
Қазақстанда темір кенін өндірумен айналысатын, ал бас пәтері Лондонда қоныс тепкен ENRC фирмасында орташа еңбекақы мөлшері 4300 фунтты құрайды. Бұл компанияның жетекшісі болып қызмет істейтін Йоханнес Ситтардтың жалақысы фирмадағы еңбекақының орташа мөлшерінен 643 есе артық, деп жазады «Гардиан».
Ал тау-кен өндірісімен айналысатын тағы бір қазақстандық компания «Қазақмыстың» төрағасы Владимир Ким болса, аталған компанияның қатардағы жұмысшысының орташа еңбекақысына қарағанда 183 есе артық көлемдегі жалақы алып отыр. Бүгінде «Қазақмыстың» қатардағы жұмысшысының орташа еңбекақысының мөлшері 8 мың фунт маңында деп есептеледі.
Владимир Ким өзі иесі болып табылатын акциялар пакеті арқылы көлемі көптеген миллион фунтты құрайтын байлыққа әрі «Қазақмыс» фирмасының активтеріне бақылау жасап отыр. Ал компанияның шахтерлері болса аталған салада тіркелген ең қауіпті жұмыс істеу ахуалдары аясында еңбек етіп, нан табуға мәжбүр.
Өткен жылғы жылдық есеп нәтижесіне қарағанда, компания кәсіпорындарындағы кісі өліміне апарған жазатайым уақиғалар саны 2007 жылғы 23 саны көрсеткіші деңгейінен өткен жылы 32 саны көрсеткіші деңгейіне жеткен. 4 жыл бұрын «Қазақмыс» өзінің акцияларын Лондон биржасында айналымға енгізуді қолға алған болатын. Биржа тәртібі бойынша, фирма иелігіндегі кәсіпорындардағы жазатайым уақиғалар мөлшері «әлемдегі аталған саладағы басқа фирмалардағы орташа деңгейден артық» екенін мойындаған.
Нью-Йорктегі «Жаңа экономика» қорының қызметкері Эва Нейтцерт аталған сандардың топ-менеджерлер атқарған жұмыстың құндылығы мен бағалылығына сәйкес еместігін тілге тиек етеді.
«Гардианның» айтуынша, «Эва Нейтцерт: «Істелген жұмыс үшін алынатын еңбекақы қоғамда өзіміз басшылыққа алатын құндылықтар шегінің аясында қалыптасуы тиіс. FTSE-100 тізіміндегі компаниялар басшыларына мектеп мұғалімінің жалақысынан 100 есе асатын еңбекақы төлейміз деп жүріп, біз мүлде артық кеттік» деген екен.