Accessibility links

Батыс қоғамында ислам жайлы қызу пікірталас әлі жалғасуда


Ұлыбританияның Бирмингем қаласында мұсылмандар жұма намазына бара жатыр.
Ұлыбританияның Бирмингем қаласында мұсылмандар жұма намазына бара жатыр.

Хиджаб киюге рұқсат беру керек пе, жоқ па, мешіт мұнарасын салуға ше, ер адамның көп әйел алуын заңдастырған жөн бе – исламның қоғамдағы орны туралы мәселе Батыс әлемінде өзекті күйінде қалып отыр. Франция президенті осы мәселеге орай отандастарына үндеу тастауға мәжбүр болды.


МҰСЫЛМАНДАРДЫ АҢДЫМАУДЫ ӨТІНУ

Біріккен корольдіктің министрлер кабинетінің мүшесі, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі департаменттің хатшысы Джон Дэнхам мұсылмандардың экстремистік ұйымдарға мүше болып кетуінің алдын алуға бағытталған Британ үкіметінің бағдарламасы діни азшылықтар жамағатын аңду үшін қолданылмауы керектігін мәлімдеді.

Биылғы жылы «Prevent» («Алдын алу») бағдарламасын қаржыландыруға 150 миллион фунт стерлинг бөлініп отыр, деп жазады «Айриш таймс» газеті.

Бұл бағдарламаның аясында ұстамды, заңға мойынсұнатын мұсылман ұйымдарын жергілікті билік орындары өз бюджетінен
Лондондағы мешітте намазға жығылған мұсылман жамағат. 27 желтоқсан 2007 жыл.
қаржыландыра алады. Алайда, бұл бағдарламаны сынаушылар аталған шара мұсылмандар арасында өздерін аңдуы мүмкін алаңдаушылықты күшейтіп, мұсылмандар мен өзге діни азшылық топтарының арасындағы өзара сенімсіздікті өршітуі мүмкін екенін айтады.

Өткен айда жарияланған Нәсіларалық қарым-қатынастар жөніндегі институттың баяндамасында «Prevent» бағдарламасы тиімсіз әрі бірбеткей жасалған деп қатты сын айтылған.

Мұсылман жамағатының бес адамы мамыр айында өздерін Британияның қарсыбарлауы (MИ-5) жансыз болуға көндірмек болып, Лондон маңындағы Камден кентінде қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеген болатын. Егер олар көнбесе қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеге қамалатындарын айтып қорқытпақ болған, деп жазады басылым.

Бирмингемде жастардың әлеуметтік мәселелерімен айналысатын саланың бір қызметкері құқық орындарының қырына ілінген, дейді мұсылман топтары өкілдері. Оның бар «кінәсі» – кейіннен «Талибан» қозғалысына көмек көрсетті деп айыпталған біреумен таныс екендігі болыпты. Оған қарсы ешқандай айғақ-дәлел болмаса да біраз уақыттан соң жұмысынан қуылған.

Ал жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі департамент болса мұндай күстәналаудың ешқайсысын мойындамай, жоғарыда сөз болған институттың баяндамасында айтылған әр мәлімдеме тексерілгені, алайда олардың ешбірінің растығын айғақтайтын дәлел табылмағаны туралы ресми ақпар таратты, деп жазады басылым.

ҚАРТ ҚҰРЛЫҚТЫҢ БОЙЫНДА КІСІКИІКТІК КЕСЕЛ БАР МА ЕДІ?!

Швейцарлықтар – француз, неміс немесе британдықтарға ұқсас – өздерінің ортасында өмір сүріп жатқан мұсылмандармен қарым-қатынастарының ертеңіне байланысты қатты алаңдаулы, дейді «Нью-Йорк таймс» басылымы. Минарет мәселесі бойынша Швейцарияда өткізілген референдумда минаретке тыйым салуға қолдағандардың дені негізінен село тұрғындары болды. Олардың өз елінде қанат жайып келе жатқан исламға үреймен қарауына өмірлік тәжірибеден гөрі сол туралы мәліметінің аздығы көбірек себеп болғанға ұқсайды

Олардың көбі нақты минаретті өмірінде көрмепті де. Көргені тек осы мәселеде үрей тудыруға мүдделі топтар мүшелері таратқан плакаттардағы зымыран түрінде салынған минарет суреті екен. Ондағы минарет суреті нағыз минареттен гөрі әзіл-оспақ басылымындағы әжуа суретке көбірек ұқсайды, деп атап жазады «Нью-Йорк таймс».

Саны 500 миллионды құрайтын Еуропа одағының халқы арасында қазір 20 миллиондай мұсылман өмір сүруде. Исламның кең тарауына байланысты алаңдаудың туындауының да өз себебі бар.

Оның кейбірі мынау: исламды лаңкестік не джихадпен жиі байланыстырады; кейде мұсылмандар өздеріне қатысты ерекше қарым-қатынас жасалғанын талап етіп жатады, ал ондай талаптар еуропалық нормаға қайшы болып естіледі, мәселен, қоғамдық жүзу бассейндерінде әйел мен еркектердің бөлек шомылуын міндетті ету талабын көтереді; сол секілді, Батыс елдерінде заңсыз саналатын көп әйел алушылық. Мұсылмандар сөз бостандығы және мемлекет пен дінді бөлу құндылықтарын бағаламайды дейтін еуропалықтардың таптаурын пікірі де мұның қатарына кіреді, деп түсіндіреді газет.

Бүгінде Еуропаның өз мұсылман азаматтарын бауырына тартып, қоғамына сіңістіре білуі кәрі құрылықтың басты әлеуметтік мәселесінің біріне айналды. Бұл істе дінді даттау мәселені шешудің дұрыс жолы бола алмайды.

Сарапшылардың көбісі, полиция, тіпті сол бір оқиғаға қатысушылардың өздері де 2005 жылы Францияда қала маңындағы геттоларда болған бүлік мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімсіз болғанының кесірінен туғанын тілге тиек етеді. Исламның таралуының оған ешбір қатысы болмаған.

Минарет тұрғызу, не пәренжі киіп жүру тәрізді тақырыпты талқылап кету аталған маңызды әлеуметтік мәселені тиімді реттеуге мүмкіндік береді деп айту қиын. Өткен аптада «Монд» газетінде пәренжі киюге қатысты бас мақала жарияланды. Онда пәренжінің әйел атаулының қадірін лайықты қастерлеуге қандай қатысы болуына тәуелсіз, Француз республикасының іргетасы боп саналатын дін мен мемлекеттің бөлінуі принципіне ешбір қауіп төндірмейтіні жөнінде орынды пікір айтылған, деп атап көрсетеді «Нью-Йорк таймс».

ТӨЗІМДІЛІККЕ ШАҚЫРУ

Пәренжені бұрын Францияда мұсылман әйелдерінің азшылығы ғана киіп жүретін еді және бұған президент Саркози өршелене қарсы болды.

Өзге еуропалықтар секілді француздар да өз мәдениеті мен өркениеті Азия мен Африкадан келіп жатқан эммигранттар ағынының астында қап, олардан біржола айырыламыз ба деген мазаң ойдан тағат таба алар емес. «Монд» газетінің мәліметіне қарағанда, Францияда тіршілік етіп жатқан мұсылман саны бүгінде 6 миллионға жуықтапты.

Осы басылымда исламның Еуропа мен Францияда таралуына қатысты әртүрлі пікір айтқан ауторлардың мақалалары көптеп жариялана
Франция президенті Николя Саркози.
бастады. Қазақстандағы тәрізді Францияда да әртүрлі діни ағымды ұстанушылар арасындағы өзара қарым-қатынас орны бөлек, күрделі мәселе болып саналады.

Соңғы уақытта аталған мәселенің шиеленісіп кеткендігі соншалық, Франция президенті Николя Саркози таяуда «Монд» газеті арқылы тікелей өз елінің азаматтарына сөз арнап, оларды өзара төзімділікке үндеді.

Өткен айда «ұлттық ерекшелікті» қорғау жөніндегі жалпыұлттық пікірталастың басталуына Николя Саркозидің өзі мұрындық болған еді. Бұл шара Францияның түрлі қоғамдық топтарының арасында исламға қарсы ой-пікір толқынының өршіп кетуіне біршама түрткі болды.

«Монд» газетінде жарияланған мақаласы арқылы Саркози бұл істің артының насырға шабуына жол бермеуге тырысты. Сонымен қатар, ол аталған әрекеті арқылы Швейцариядағы минаретке қатысты референдумның француздарға кері ықпал етуінің де алдын алмақ болды.

«Мен өзімнің мұсылман отандастарыма мынаны айтқым келеді: олар өзін кез келген басқа (француз - Азаттық) тәрізді теңқұқылы азамат ретінде сезіне алуы үшін мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, – деп уәде берді Франция президенті. – Олар әркімде бар құқықты пайдалана алуы, өзінің иманы бойынша өмір сүріп, өз дінін еркін әрі лайықты түрде ұстана алуы үшін мен кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы тұратын боламын».

«Алайда, сонымен қатар, мен оларға келесіні де айтқым келеді, – деп сөзін жалғастырады ол. – христиан өркениеті терең із тастап, республикалық құндылықтар біздің ұлттық бет-бейнеміздің ажырағысыз бөлігіне айналып кеткен біздің елде осы аталған мұра мен құндылыққа қайшы болуы мүмкін әрбір іс-әрекет Францияда исламды ұстануды лайықты деңгейде заңдастырудан бас тартуға жол ашатын болады».

«Христиандар, еврейлер мен мұсылмандар – қандай дінді ұстанатындығына қарамастан барлық діндарлар бояма менмендік пен арандатудан бойын аулақ ұстап, өз дінін парасаттылыққа мойынсұна отырып ұстанғаны абзал», – деп жазды «Монд» газетінде президент Саркози.

Өз сөзінде ол төзімділік пен ашықтық тәрізді республикалық құндылықтардың бар екенін отандастарының есіне сала отырып, елге «келіп жатқандар» мен «оларды қарсы алушыларды» өзара сыйластыққа үндеді.
XS
SM
MD
LG