Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумаққа жатады. Табиғат жанашырлары осы гүлдердің жойылып кету қаупі барын айтып дабыл қағуда. Жергілікті билік қаржы тапшылығын сылтауратып, гүлді түп-тамырымен жұлатын суыққолдыларға тосқауыл қоя алмай отыр.
Оңтүстік өңірде өсетін өсімдіктердің үш мыңнан астам түрінің 118-і «Қызыл кітапқа» енгізілген. Алайда, табиғатта аса сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғау жағы ақсап тұр. Солардың бірі аумағы 20 гектар жерді алып жатқан Қызыл төбешік гүлдердің элиталық санатына жататын грейг қызғалдағы ерекше көп өсетін жер ретінде танылған.
Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар көктем келіп, тіршілік жаңарған шақта бүкіл алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Қызғалдақпен көмкерілген төбешік табиғат-ананың адам баласына деген мейірімі түсіп, құшақ жайып тұрғандай әсер қалдырады.
Табиғатқа тамаша сулулық беріп, жайқалатын осынау ерекше жер қазір қараусыз жатыр. Қарауыл жоқ. Қорушысыз жерге демалуға келушілер құшақ-құшақ қызғалдақтарды аяусыз жұлып, гүлдерді басып-жаншып жатады, дейді табиғат қорғаушылар.
Қызғалдақ тауына күзет қоюға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қаржысы жоқ. Мемлекеттің бар қолынан келетіні – облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының қызметкерлері және табиғатты қорғау прокуратурасы мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен жылына бір мезгіл арнайы рейдтер ұйымдастыру ғана.
– Қызыл төбешік ерекше табиғи ескерткіштердің бірі. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын бұл жердің сұлулығы сейіліп барады. Заң бойынша, «Қызыл кітапқа» енгізілген қызғалдақтың бір түбі үшін 636 теңге залал мөлшері қаралған. Өткен жылы 2 оқиға анықталып, шара қолдану үшін құжаттар Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасына жолданған еді. Бірақ, белгісіз себептермен аяқсыз қалды. Бұл қылмысты дәлелдеу қиын. Сондықтан заң бұзғандар, жауаптан жалтарып жатады. Дегенмен, айыптылардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 290-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылуы керек. Аса сирек кездесетін өсімдіктерге нұқсан келтіргендер, заң бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Биылдың өзінде бірнеше күн ішінде 6 оқиға анықталып, тергеу жүргізілуде. Солардың ішінде қызғалдақтың 150 түбін жұлғандар бар, – дейді облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен басқару бөлімінің бастығы Нұрмахан Жұмағұлов.
– Қызыл төбешікке табиғат-ананың өзі сыйға тартқан грейг қызғалдағын «Жауқазындар королі» деп те атайды. Бұл гүлдер Қаратау, Алатаумен шектесіп жатқан Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Ең көп шоғырланған жері осы Қызыл төбешік. Бокал тәрізді гүлінің ұзындығы 8 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары да ірі келеді. Табиғатта жабайы өсіп жатқан өсімдіктің бұл түрі соңғы жылдары сиреп барады. Қызғалдақтарды түбімен қазып алып, сатып пайда таппақ боландардың кесірінен, олардың мүлдем жойылып кету қаупі бар, – дейді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Шолпан Анарбаева.
Қызыл төбешікке деген қызығушылық шетелден келген саяхатшылар тарапынан жылдан жылға артып келеді, дейді мамандар. Олардың айтуынша, табиғи ескерткішті туристтік аймаққа айналдыруға әбден болады.
Ең бастысы, табиғаттың берген сыйын сақтап, келер ұрпаққа сол күйінде жеткізу. Ал ол үшін Қызыл төбешік қызғалдақтарын қорғауды мемлекет жедел қолға алу керек, дейді табиғат жанашырлары.
Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар көктем келіп, тіршілік жаңарған шақта бүкіл алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Қызғалдақпен көмкерілген төбешік табиғат-ананың адам баласына деген мейірімі түсіп, құшақ жайып тұрғандай әсер қалдырады.
Табиғатқа тамаша сулулық беріп, жайқалатын осынау ерекше жер қазір қараусыз жатыр. Қарауыл жоқ. Қорушысыз жерге демалуға келушілер құшақ-құшақ қызғалдақтарды аяусыз жұлып, гүлдерді басып-жаншып жатады, дейді табиғат қорғаушылар.
Қызғалдақ тауына күзет қоюға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қаржысы жоқ. Мемлекеттің бар қолынан келетіні – облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының қызметкерлері және табиғатты қорғау прокуратурасы мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен жылына бір мезгіл арнайы рейдтер ұйымдастыру ғана.
– Қызыл төбешік ерекше табиғи ескерткіштердің бірі. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын бұл жердің сұлулығы сейіліп барады. Заң бойынша, «Қызыл кітапқа» енгізілген қызғалдақтың бір түбі үшін 636 теңге залал мөлшері қаралған. Өткен жылы 2 оқиға анықталып, шара қолдану үшін құжаттар Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасына жолданған еді. Бірақ, белгісіз себептермен аяқсыз қалды. Бұл қылмысты дәлелдеу қиын. Сондықтан заң бұзғандар, жауаптан жалтарып жатады. Дегенмен, айыптылардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 290-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылуы керек. Аса сирек кездесетін өсімдіктерге нұқсан келтіргендер, заң бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Биылдың өзінде бірнеше күн ішінде 6 оқиға анықталып, тергеу жүргізілуде. Солардың ішінде қызғалдақтың 150 түбін жұлғандар бар, – дейді облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен басқару бөлімінің бастығы Нұрмахан Жұмағұлов.
Шолпан Анарбаева, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері. Оңтүстік Қазақстан облысы, сәуір, 2009 ж.
Мамандардың айтуынша, грейг қызғалдағы көктемде гүлдейтін өсімдіктердің ішінде ең әдемісі. Бұл өсімдік топырақ пен ауаның қолайсыз жағдайына да өте төзімді. Тіпті қарсыз қыстағы -40 градусқа жететін сақылдаған сары аязда, жаздың шіліңгір аптап ыстығында, жердің қызуы 50 градусқа дейін барып, 1-2 метр тереңдікке дейін су болмай қалған жағдайда да өсе береді екен. Дала гүлі дауылға да төтеп беруге бейімделген.– Қызыл төбешікке табиғат-ананың өзі сыйға тартқан грейг қызғалдағын «Жауқазындар королі» деп те атайды. Бұл гүлдер Қаратау, Алатаумен шектесіп жатқан Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Ең көп шоғырланған жері осы Қызыл төбешік. Бокал тәрізді гүлінің ұзындығы 8 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары да ірі келеді. Табиғатта жабайы өсіп жатқан өсімдіктің бұл түрі соңғы жылдары сиреп барады. Қызғалдақтарды түбімен қазып алып, сатып пайда таппақ боландардың кесірінен, олардың мүлдем жойылып кету қаупі бар, – дейді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Шолпан Анарбаева.