Анголада өтіп жатқан Африканың ең үлкен футбол жарысына қанды шабуылға тап болған тоголық футбол құрамасы қатыспайтын болады. Басында қаза тапқан үш адамының рухына арнап, жарысқа қатысамыз деген футбол командасының қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытқан Того үкіметінің басшысы оларды елге қайтарып алды.
Жылына екі рет өтетін футболдан Африка елдерінің жарысы жексенбі күні Ангола астанасы Луандада от шашумен басталып, ашылу салтанатында Мали ойыншылары өнер көрсетті.
Бірақ бірнеше жыл азаматтық соғысты бастан кешірген Ангола елінің бейбіт жағдайына көлеңке түсірген оқиға болды. Жұма күні жарысқа келген тоголық футбол құрамасына қанды шабуыл жасалып, бұл топ жарысқа қатыспастан, елдеріне қайтып кетті.
Тогоның футбол командасы кетіп бара жатқан автобусқа Анголаның Кабинда провинциясында жікшілдер оқ жаудырып, қастандық әрекеттен үш адам - топтың баспасөз өкілі, топ мүшесі және автобус жүргізуші анголалық қаза тапты. Тағы сегіз адам жарақат алды, олардың қатарында қақпашы Коджоби Обилае де бар.
Бұл шабуылға жауапкершілікті алып отырған - Анголаның тәуелсіздік үшін күресіп жүрген, бірақ 2006 жылы атысты тоқтату келісіміне қол қойған Кабинда анклавының “Азаттық үшін майдан” атты сепаратистік тобы.
Бұл қанды шабуылға тап болған Того құрамасы Африка елдерінің бұл жарысына жоғалтқан үш адамының рухы үшін қатысқысы келетіндіктерін айтқан болатын. Бірақ Тогоның премьер-министрі Жильбер Унгбо жексенбі күні ұлттық құрамасының қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытып, олардың елге қайтуын сұрады. Ол ұлттық футбол командасы елге қайту керек, елдің делегациясы бұдан былай ешқашан Анголадағы турнирге бармайтын болады деп ескертті.
“Егерде топтың болмаса кейбір адамдар өз бетінше Анголадағы ашылу салтанатына немесе жарыс алаңына Тогоның туын алып шығамын десе, мен оларға бұл дұрыс емес әрекет болады деп ашық айтқым келеді”, - деді премьер-министр Жильбер Унгбо.
Үкімет басшысы мұны осының алдында шабуылға ұшыраған тоголық екі ойыншы дүйсенбі күні Гана құрамасымен жарысқа түсеміз деп айтқан соң ескертті.
Францияның AFP ақпарат агенттігіне команда мүшесі Томас Доссеви “біз өзіміздің нағыз ер азамат екенімізді танытатын ұлттық ерекшелігімізді, өз құндылықтарымызды көрсеткіміз келеді” деген. Олар өздерінің қорқаулар сияқты қашып кетуді намыс көретінін айтқан.
Африкандық футбол ойындарын ұйымдастырушылардың өкілі Того ойыншылары жарысқа қатысатынын растады дей келе, өздерінің енді Того үкіметінен нақтылау күтіп отырғанын алға тартқан еді.
Алайда, жексенбі күні, жарыс басталуға бірер сағат қалғанда, Того үкіметі ұлттық құрамасын елге қайтарып алды.
Сонымен қатар Того елі Анголадан Кабинда аймағына бару қауіпті екені не себепті ескертілмегенін түсіндіруді талап етті. Ангола ресмилері болса, тоголық футболистердің Конго Республикасы аймағына дейін не үшін қыдырып барғанына таң қалып отыр.