Шығыстағы миллиардтар. Даниал Ахметовке жақын кәсіпкерлердің бизнесі
Your browser doesn’t support HTML5
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасында салынып жатқан елдегі ең ұзын көпір құны биыл екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асты. Азаттық көпір салып жатқан компанияға иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес серіктес болғанын анықтады. Әкімдік жобаның қымбаттауына "нарық пен қосымша жол құрылысы себеп" дейді. 19 наурыздағы сайлауда қос кәсіпкердің бірі мәжіліске, екіншісі облыстық мәслихатқа депутат болды.