Ирандық әйелдер қарсылық ретінде шешінді

Қарсылық шарасына қатысқан ирандық әйел.

Шетелде тұратын бір топ ирандық әйел белдерінен жоғары жалаңаштанып видеоға түсіп, халықаралық әйелдер күні қарсаңында YouTube-ке жариялады. Олар бұл әрекетін отандарындағы «саясиланған исламға» қарсылық деп түсіндіреді.

Бар-жоғы 31 секунд бұл бейнежазбаға түскен әрбір әйел не себепті осындай қадамға барғанын айтады:

– Осылай еткісі келетін, бірақ жасай алмайтын адамдар үшін істедім. Мен ерлер мен әйелдердің теңдігіне сенемін. Таспен атсын деп жалаңаштанған жоқпын. Санам да, денем де, еркім де – өзімдікі. Жалаңаш денем саяси исламның меншігі емес. Неге дейсіз бе? Өйткені мен әйелмін.

Бұл видео күнтізбеге жалаңаш түскен әйелдерді қолдау мақсатында шыққаны

Египеттік блогшы Магда Әлия әл-Махдидың Facebook парағындағы суреті.

айтылған.

Ол күнтізбенің өзі египеттік белсенді, блогер Магда Әлия әл-Махдиді қолдау үшін жасалған еді.

Әл-Махди өткен жылы Египеттегі әйелдерді қудалауға қарсылық ретінде өзінің жалаңаштанып түскен суретін блогына жариялаған.

Бұл әрекет консервативті Египет қоғамында жанжал тудырып, блогердің өміріне қауіп төндірді.

ФАРАХАНИДІҢ «ӨНЕР ЕРКІНДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ» ӘРЕКЕТІ

Биыл қаңтарда Парижде тұратын ирандық актриса Голшифте Фарахани «шығармашылық еркіндігін таныту мақсатында» франциялық өнер иелерімен бірге түскен жалаңаш видеосын, суретін жариялаған.

Фараханидің ол суреті мен видеосы да ирандықтар арасында қызу талқыланды. 2011 жылы Еуропаға қоныс аударған белгілі актрисаны шариғат

Парижде тұратын ирандық актриса Голшифте Фараханидің наразылығы. Париж, 18 қаңтар 2012 жыл.

заңын қатаң ұстанатын Иранда кейбіреулер айыптап, тағы біразы мадақтап жатты.

Фарахани жалаңаш денесін көрсеткен соң әлеуметтік желілерде де көптеген әйел осы шектеуді бұзу-бұзбау жайлы дауласып жатты.

8 наурыз қарсаңында жарияланған видео да түрлі пікірлерге арқау болды. Кейбір адамдардың ойынша, наразылықтың мұндай түрі кері реакция тудырады – діни жетекшілердің «Батыс қоғамы елді бұзып жатыр» деп айтуына негіз болады».

«ЖАЛАҢАШ АКЦИЯ» – ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ТАНЫС

Наразылық немесе қолдау мақсатында суретке немесе видеоға жалаңаштанып түсу қазір Қазақстан қоғамына да таныс.

Қазақстанда мұндай акцияны guljan.org сайтының құрылтайшысы, журналист Гүлжан Ерғалиева бастады. Ол өткен жылы сайтын жарнамалау үшін «Әдемі өтіріктен жалаңаш шындық артық» деген ұранмен камера алдында шешінген еді.

2011 жылдың соңында 12 фотограф-әйел де «шұғыл операция күтіп жатқан науқас

«12» қайырымдылық жобасына қатысушылар. Алматы. 23 қараша 2011 жыл.

балаларға қаржылай қолдау таныту мақсатында» суретке жалаңаш түсіп, «12» деген күнтізбе шығарды.

Күнтізбені шығарушылардың айтуынша, оларға белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл күнтізбенің тұсаукесер шарасын өткізетін күні кейіпкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы күзет қойылды.

«Біз саған шіріген жұмыртқа лақтырамыз» деп қорқытып-үркіткен соң ню-фотосессиясының тұсаукесеріне 12 әйелдің біреуі келмей қалды.

Facebook әлеуметтік желісіндегі айтылған пікірлерді саралағанда, жұрттың көбі мұндай күнтізбенің жарыққа шыққанына емес, оның қайырымдылық мақсатқа қаржы жинау үшін жасалғанына наразы.