Прокурор Мамайдың бостандығын шектеуді сұрады
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында журналист Жанболат Мамайдың үстіне қозғалған қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Прокурор судьядан оның бас бостандығын төрт жылға шектеуді және үш жылға дейін журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салуды сұрады. Ол талаппен зардап шегуші тарап - БТА банк өкілі де келісті. Бірақ айыпталушының адвокаттары "Мамайдың айыбы толық дәлелденбеді" дейді.