"Менің арманым". Сырқат балалардың тілегін орындайтын қор құрылды
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда бір топ ерікті "Менің арманым" атты қайырымдылық қорын құрды. Олар онкологиялық ауруға шалдығып, ауруханада емделіп жүрген балалардың арман-тілегін орындайды. Қорға ата-ана мен бала өтініш береді. Еріктілер "мақсатымыз — көп уақыты емге кететін ата-ана мен бала көңілін сергіту" дейді.