"Жолайрық ашылды, кептеліс күшейді". Ұлжан ықшамауданы халқы неге наразы?
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда құрылысы ұзаққа созылған Рысқұлов-Емцов қиылысындағы жолайрық пайдалануға берілсе де, кептелісті азайтуға әсері болмады деп шағынады тұрғындар. Себебі жолайрықтан кейінгі көшенің бағдаршамы өшірілген. Бұл жаяу адамдар мен көліктердің Ұлжан ықшамауданына қарай өтуін қиындатқан. Жолды кескен кейбірін көлік қаққан.