"Мясорубкаға апарыңдар" деді. Жақсылықтың полицияда көрген азабы
Your browser doesn’t support HTML5
39 жастағы Жақсылық Советбековті полиция "бүлікке адам тасыдың" деп тергейді. Бірнеше сағат азаптап, халі әбден нашарлағанда ешбір айып тақпастан туысына беріп жібереді. Жан сақтау бөлімінде оянған Жақсылық тергеу кезінде тоғыз қабырғасы мен төсі сынғанын білген. Қызылағаш ауылының тұрғыны Талдықорғандағы полиция департаментінде не көргенін баяндап берді.