Автобус өртенген аймақ
Your browser doesn’t support HTML5
Ақтөбе аймағында автобустағы өрттен қаза болған 52 адамның сүйектері облыс орталығына жеткізілді. Қаңтардың 18-інде Ақтөбеден 320 километр қашықтағы "Самара-Шымкент" тасжолында жолаушылар автобусында болған өрттен қазаға ұшыраған 52 адамның барлығы - Өзбекстан азаматтары. Қазақстан үкіметі құрған арнайы комиссия өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Өзбекстан үкіметі де комиссия құрған. (Ақтөбе облыстық телеарнасының 18 қаңтарда оқиға орнынан түсірген видеосы пайдаланылды.)