Зайсанда "Қытайдан қашқан" екі қазақтың соты басталды
Your browser doesn’t support HTML5
6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған этникалық екі қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының соты басталды. Бірінші сот отырысына айыпталушыларды қолдауға елдің әр аймағынан ондаған адам келді.