"Сырт әлемнен оқшау қалғандаймыз". Пәкістандағы хазарлар

Хазар-таунның кіреберісінде әскерилер тұрғындарды тексеріп жатыр. 

Кветта маңындағы төбешікте ойнап жүрген бала. Соңғы жылдардағы конфессияаралық кикілжіңдердің кесірінен Пәкістанның күштік құрылымдары ел аумағында оның ішінде Кветтаның кейбір аудандары мен Белужистан әкімшілік орталығын дуалмен қоршаған

Кветтадағы хазарлық балалар. Хазарлардың басым бөлігі - мұсылман-шииттер. Сүнниттік экстремистер оларға жиі шабуыл жасайды. 
 

Хазар-таундағы такси жүргізушісі. Ер адам қолына жарылыстан қаза тапқан досының атын жазып алған. 
 

2011 жылы қазан айында содырлар шабуылы кезінде қаза тапқан туысын жоқтап, жылап жатқан азамат. Бұл шабуылдан 13 адам көз жұмды. Пәкістандағы этникалық топ өкілдерін түр-тұлғасы жағынан жергілікті тұрғындардан айыру өте оңай. 

Кветтадағы хазарлық ұста. Хазарлардың этнологиялық түп-тамыры жайында зерттеушілер арасында дау көп. Бірақ көбі оларды 13 ғасырда Ауғанстанды басып алған Шыңғысханның ұрпақтары деп есептейді. 
 

Хазарлық адвокат және құқық қорғаушы Сардар Сахил Хазар-таундағы үйінен шығарда міндетті түрде беліне пистолет қыстырып шығады. "Діни себепке байланысты бізге жиі шабуыл жасайтындақтан 15 жылдан астам уақыт бойы оқшау өмір сүріп келеміз" дейді ол.
 

Үйінен шығар кезде шешесінің маңдайынан сүйіп тұрған Сахил. 30 жастағы адвокат: "қауіпсіздік мақсатында бақылау-өткізу пунктері құрылғанмен өзімізді сырт әлемнен оқшау тұрып жатқандай сезінеміз" дейді.
 

Кветта анклавында ұлттық ойын ойнап жатқан хазарлар. 

 

Ұлттық ойын ережесі бойынша, екі команда мүшелері кезек-кезек нысанаға тас атады. Бірінші болып 10 рет дөп тигізген команда жеңеді. 
 

Хазар-таундағы жас спортшы. Пәкістанда миллионға жуық хазар тұрады, олардың басым бөлігі күзет қойылған Кветтадағы анклавта тұрады.   
 

Мәдени күнін тойлау кезінде дәстүрлі киім киінген хазарлық қыз.
 

Кветтадағы шайханада отырған хазарлар. 

Пәкістандық хазарлардың көбі өздерін қоршауда қалғандай сезінетінін айтады. 

 

Соғыс өнерінің шебері Мүбәрак Әли Шан. Ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында көптеген хазарлардың Пәкістан әскеріне қосылып, "бостандыққа қол жеткізгенін" айтады. "Біз Пәкістанға қызмет еткіміз келеді және қайғылы оқиғалар мен жағдайларға қарамастан біздің әлемге деген сүйіспеншілігіміз молая түспесе, азайған жоқ" дейді.