Жаңаөзеннің орталық алаңы. 2011 жылы мұнайшылар осы жерде ереуілдеткен.
Жаңаөзен оқиғасының 10 жылдығы қарсаңында көшеде жүрген адам аз. Бәлкім мұның бір себебі қауіпсіздік шараларының күшейтілуі болар. Ауа райы да қолайсыз болып тұр. Жел тұрып, шаңды дауыл көтерілді.
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған баннер. Қалада мерекелік ақпарат аз, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген суреттерді мүлдем кездестірмедік.
Жаңаөзеннің шеткі аудандарында да көшеде жүрген адамды сирек көресіз. Жергілікті тұрғындар қауіпсіздік шараларының күшейгенін айтады, бірақ қаптаған полиция көлігі байқалмайды. 15 желтоқсан 2021 жыл.
Қаланың орталығындағы тұрғын үй. Көшеде қаңғып жүрген ит көп. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл иттер қала орталығына қорек іздеп келеді.
2011 жылғы оқиғаның қатысушысы Қалмұрат Сұлтанбаев – жұмысшылар талабын билікке жеткізгендердің бірі. 2011 жылы 16 желтоқсанда ол бірнеше мұнайшымен бірге орталық алаңға шыққан.
– Тырылдаған автомат дауысын естідім. Жедел жәрдем көліктері алаңнан адамдарды түгел алып кетуге шамасы жетпей жатты, алаң адамға лық толы еді. Айналаның бәрі қан, аласапыран. Адамдар жан-жаққа қашты.
Қалмұраттың айтуынша, жыл сайын 16 желтоқсан күні оны үйін белгісіз біреулер күзетіп тұрады. Қалмұрат оларды ҰҚК адамдары деп біледі.
Қалмұрат Сұлтанбаев боғауыз сөздер жазылған суреттердің көшірмелерін көрсетіп тұр. Бұл суреттер 2011 жылы желтоқсанда қаладағы №7 орта мектептің қабырғасына ілінген. Қалмұраттың айтуынша, оларды толқуды басу үшін әкелген күш құрылымдарының қызметкерлері ілген.
Қалмұрат Сұлтанбаев қаланың осы ауданында тұрады. Мұнда көбіне жер үйлер орналасқан. Біз онымен кездескен күні қалада шаңды дауыл тұрды. 15 желтоқсан 2021 жыл.
Жаңаөзендегі шаңды дауыл. 15 желтоқсан 2021 жыл.
2011 жылы 16 желтоқсанда Расул Юсупов жалғыз ұлынан айырылған. Сол күні оның ұлы Радик Тәуелсіздік күніне арналған концертті көру үшін орталық алаңға барған. Бірақ ол оқиғаның қақ ортасына түсіп, өзі де оққа ұшқан.
– Видеолардың бірінде Радиктің қалай оққа ұшқаны түсіп қалған. Мен оны киімінен таныдым, – дейді әкесі.
Артқы жақта Радик Юсуповтың суреті ілулі тұр. Ол 24 жасында қаза тапты. Артында әйелі мен қызы қалды
Расул Юсупов ұлының опат болғаны сәті түсіп қалған видеоны көрсетіп отыр.
Жаңаөзен орталығындағы "Нұр" супермаркеті. 14 желтоқсан 2021 жыл.
Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде Абай Құнанбаевтың портреті тұр. 15 желтоқсан 2021 жыл.