Қарауылдағы айтыс: Рүстем мен Иранғайып

Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Бұл айтыста үшінші жұп болып астаналық Иранғайып Күзембаев пен алматылық Рүстем Қайыртайұлы шықты

Айтысты бастаған Рүстем Қайыртайұлы – алғаш 2002 жылы республикалық айтысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алған айтыскер ақын.

Рүстем қарсыласы Иранғайыпқа қарата былай деді:

– ...Иранжан, келбетіңе көз тастасам,
Сан ұлттың кестелерін жиған екен.
Семейге сен келгенде көрген халық,
Деп қапты Иран емес Иван екен.
Көп ұлтты мемлекет болғаннан соң,
Мен сені сынамаймын, сыйлап өтем.
Елбасы сүйетұғын ассамблея
Бір сенің бет-бейнеңе сыйған екен.

Рүстемнің қарсыласы Иранғайып Күзембаев – айтысқұмар қауымның жылы ықыласына бөленіп жүрген ақын. Ол Қазақстандағы баспана мәселесін көп сөз етті:

– Шыдамды болғаннан соң өр Алашым,

Иранғайып Күзембаев, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.


Басқа түскен тағдырға көне аласың.
Үйді, жерді сен маған айт дедің ғой,
Және сен оның бағасын бере аласың.
Үй алу дегеніңіз бір қиямет,
Бұйырып жатса ғана жер аласың.
Жер алу да бірақ та оңай емес,
Ол үшін мақтау керек ел ағасын.
Ал, біз болсақ мақтамай, жамандаймыз,
Сонан кейін басшыдан нені аласың.
Жер аламын деп жүргенде, жер сені алып,
Сонан соң мәңгіге дем аласың.

Бұл екі ақынның сөз сайысында Қарауылда өткен белгілі тұлғалар да айтылды.

Рүстем Қайыртайұлы мен Иранғайып Күзембаевтың айтысы

Your browser doesn’t support HTML5

Рүстем Қайыртайұлы мен Иранғайып Күзембаевтың айтысы