Қудаланып жүрген риддерлік құқық қорғаушы әрі журналист Александр Харламов «әділетсіздікке ұшыраған адамдардың мүддесін сотта қорғап жүрмін» дейді. Биыл ол бірнеше сотта жеңіп шықты.
Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған құқық қорғаушы Александр Харламов қарапайым азаматтардың мүддесін сотта қорғап жүр. Бірақ оның өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс әлі жабылған жоқ. Былтыр оған «дінаралық алауыздықты қоздырды» деген айып тағылып, тергеу абақтысында жарты жыл отырған.
Осы жылдың бес айында Александр Харламов жеті азаматтық іс бойынша сот процесін жеңіп шыққан.
КҮЛЕБАЕВТЫҢ ЖЕҢІСІ
Серік Күлебаев - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғыны, «Қазцинк» корпорациясының еншілес кәсіпорны Altyntau Vostok компаниясының Риддер-Сокольный кенішінің жұмысшысы. Компания Күлебаевты «мас күйінде жұмысқа келді» деген желеумен былтырғы шілденің 15-і күні жұмыстан шығарған.
Харламовтың айтуынша, Күлебаев жұмыстан шығарылғанға дейін кеніш әкімшілігінен жұмысшылардың жалақысын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен.
Харламовтың сөзіне қарағанда, компания Серік Күлебаевты жұмыстан шығарудың ресми сылтауын тапқан. Былтырғы шілденің 1-і күні «Групп-4» компаниясының күзет қызметкерлері шахтаның кіре беріс бөлмесінде Күлебаевты «спиртті ішімдік ішкен» деген күдікпен ұстаған. Мас екенін анықтау үшін Күлебаевты медпунктке әкеліп тексергенде оның қанында «0,47 промилле мөлшерінде алкоголь табылған».
Бірақ медициналық тексеру нәтижелерімен келіспеген Серік Күлебаев бірден қалалық наркодиспансерге барып тексеруден қайта өткен. Наркодиспансер мамандары қан талдауын компания медпунктінде тұрған аппаратурада сол әдіспен тексерген, қан құрамынан алкоголь табылмаған.
Серік Күлебаев жұмысқа қайтып келіп, қайта тексеру нәтижесі туралы актіні басшылыққа берген. Бірақ басшылық бұған қарамастан, жарты айдан кейін еңбек шартын бұзған.
Күлебаев жергілікті құқық қорғаушы Александр Харламовтың көмегіне жүгінген. Харламов Күлебаевты жұмысына қайта алу, моральдық зиян шеккені үшін өтемақы өндіру әрі жұмыстан қалуға мәжбүр болған мерзіміне жалақы төлету туралы талап-арыз берген.
Биыл қаңтардың 6-сы күні Риддер қалалық соты Altyntau Vostok компаниясы әкімшілігі әрекетін заңсыз деп танып, Серік Күлебаев жұмысына қайта тұрды. Altyntau Vostok компаниясынан Күлебаевтың пайдасына жұмыстан қалуға мәжбүр болған күндері үшін 716 мың 880 теңге (4 мың долларға жуық) жалақы және моральдық зиян шеккені үшін 20 мың теңге өтемақы өндірілген.
Айтпақшы, сот «жұмысына қайта қабылдау туралы шешім дереу орындалсын» деген қаулы шығарған.
Сот шешімімен келіспеген Altyntau Vostok компаниясы әкімшілігі апелляциялық шағым түсірген. Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы компанияның шағымын қанағаттандырмай, алғашқы сот инстанциясының Серік Күлебаевты жұмысына қайта алу және оған өтемақы мен жалақы төлеу туралы шешімі заңды күшіне енген.
ЖҰМЫСШЫНЫ ҚҰТҚАРУ
Александр Харламов Риддер қаласындағы тау-кен компаниясы тепловозы машинисінің көмекшісі Виктор Овчинниковке де көмектескен. Жергілікті полиция оны «әкімшілік заң бұзды» деп айыптап, іс қозғап, оны сотқа жеткізген. Полицейлер соттан Овчинниковті әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі 100 доллар көлемінде айыппұл төлеу немесе көлік жүргізу куәлігінен тоғыз айға айыру жазасы қарастырылған бап бойынша жауапқа тартуды сұраған.
Наурыздың 6-сы күні Риддер көшелерінің бірінде Виктор Овчинников пен жергілікті кәсіпкердің қатар келе жатқан екі автомобилі соқтығысып қалады. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген, бірақ екі автомобиль де жеңіл-желпі зақымданған. Полиция жол апатына Овчинников кінәлі деп хаттама толтырған.
Виктор Овчинниковтің мүддесін қорғаған Александр Харламов полиция хаттамасына қатысты сотқа шағым түсіріп, жеңіп шыққан. Сәуірдің 9-ы күні Риддердің мамандандырылған әкімшілік соты Виктор Овчинниковтің шағымын қанағаттандырып, әкімшілік заң бұзу туралы полиция толтырған хаттаманың күшін жою және әкімшілік істі тоқтату туралы қаулы шығарған.
ҚАРЫЗ ҚАЙТАРТУ
Жуырда Александр Харламов тағы бір сот процесінде жеңіске жетті. Зыряновск қаласында (Шығыс Қазақстан облысындағы аудан орталығы) тұратын кәсіпкер Қабдраш Бердіғожинов көмек сұрап келген. Бұрынырақта ол кәсіпкер жерлесіне 4 миллион теңгеге жуық (шамамен 22 мың доллар) қарыз ақша, өзі 1 миллион 845 мың теңгеге (шамамен 10 мың доллар) бағалаған тракторын жалға берген. Харламовтың айтуынша, жергілікті басшылармен тамыр-таныстығын арқаланған борышкер қарыз ақша мен тракторды қайтарудан бас тартқан.
Харламов сенім білдірушінің атынан сотқа 5 миллион теңгенің (27 мың 500 долларға жуық) азаматтық талап-арызын беріп, процесте жеңіп шыққан. Ақпанның 28-і күні Зырян аудандық соты Қабдраш Бердіғожиновтың талап-арызын қанағаттандырған. Оның борышкері апелляциялық шағым түсірген. Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы аудандық соттың Бердіғожиновтың пайдасына шығарған шешімін күшінде қалдырған.
Биыл Харламов тағы бірнеше сот процесінде жеңді. Ол «қарапайым адамдардың мүддесін қорғап, көмектеспегенімде, олар жергілікті шенеуніктердің, жұмыс берушілердің немесе кейбір азаматтардың бассыздығынан жапа шегер еді» дейді.
Риддер қаласының тұрғыны Александр Харламов жұртқа «діни араздық қоздырды» деген айыппен қылмыстық қудалануына байланысты танылған. Абақтыда отырған кезде Харламовты еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткізген. Харламовты Human Rights Watch сияқты беделді халықаралық құқық қорғау ұйымдары қорғап, билікті оны қудалауды тоқтатып, еркіндікке шығаруға шақырған.