Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, тамыздың 17-сінде Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округіне қарайтын «Таң» саяжайлар массивіндегі үйлердің бірінде «террорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін тоғыз адамның көзі жойылған».
Бас прокуратура бұл оқиғаның Алматыдағы шілде айында болған жарылыспен байланысы бар екенін хабарлады.
Аталмыш орган «2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысының Таусамалы кентінде адамдар өліміне әкелген жарылыс болды. Факті бойынша қылмыстық кодекстің 24-233-бабымен (терроризмге дайындалу) іс қозғалған еді. Аталған саяжай алабындағы үйлердің бірінде осы қылмысты жасады деген күдіктілер анықталды» деген хабар таратты.
Қазір мәйіттерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер журналистерді оқиға орнына жібермеді.
«АНТИТЕРРОРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ»
Прокуратура хабарламасында күдіктілерді ұстау кезінде олардың құқық қорғау органдарына қарсылық көрсеткені туралы жазылған. Арнайы жасақтың бір сарбазы жарақат алған.
Хабарламада «Сағат [таңғы] бес жарымда антитеррорлық операция жарияланып, сол аумақта ерекше құқықтық режим енгізілді, жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді» деп жазылған.
«Бұл оқиғаға қатысты қазір қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында зерттеу және жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады бас прокуратура.
Қарапайым тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ.
ЖАРЫЛЫС ПЕН АТЫС
Азаттықтың оқиға орнында жүрген тілшіcінің хабарлауынша, Бағанашыл елді мекеніндегі Алматы және Мамыр көшелерінің қиылысында тұрған, үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полицейлер оқиға орнына журналистерді жібермеген.
Тұрғындар көліктерін көше қиылысына тастап, Мамыр көшесіне жаяулап кетіп жатыр. Жергілікті тұрғынның бірі «таңғы төртте жарылыс болды» дейді. Тағы бір тұрғын автоматты қарулармен оқ атылғанын айтты.
Жарылыс болды дегендер таңғы бес шамасында түтін анық көрінді деп отыр. Тұрғындардың бірі жарылыс пен атыстың дауыстарын қатар естігенін айтты. Көше
бойын күзетіп тұрған полиция қызметкері Азаттық тілшісіне тиісті мәліметтерді "бәрі біткеннен кейін қалалық ішкі істер департаменті хабарлайтынын" айтты.
Қазір жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері және арнайы жасақ мінген автобустар оқиға орнынан кетіп жатыр.
Бас прокуратураға сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің жазуынша, алдын ала тергеу нәтижелері бұл оқиғаның Ақсай шатқалындағы 11 адам қаза тапқан оқиғаға қатысы жоқ екенін көрсеткен.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТАЛҚЫЛАУ
Бүгін таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде интернет-қолданушылар Алматы облысы маңында атыс дауысы естілгенін қызу талқылап жатты.
Ainur Nurtay есімді қолданушы «Таң атпастан Алматыда не болып жатыр? Әпкем "Мираста" жұмыс жасайтын. Жұмыс жаққа жібермей жатыр, Әл-Фарабиге жол жабық» деп жазды.
Интернет-қолданушылар «Неге бірде-бір ақпарат жоқ? Неге полиция үнсіз?» деп ақпарат іздеді.
Азаттық осы оқиғаға қатысты жаңалықтарды бақылап отырады. Жаңа мәліметтерді осы мақаладан оқи аласыздар.