Бектұрғанов түрмеде бір жыл отырғанда үш кітап жазды

Жазушы Алпамыс Бектұрғанов Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 21 ақпан 2011 жыл.

Әкімді сынағаны үшін істі болған Алпамыс Бектұрғанов түрмеде отырған бір жыл ішінде «Бетпе-бет» «Шырмауық» және «Зона» атты үш кітап жазыпты. Бірақ жазушылар одағы оны 2009 жылы, қамауға алынған соң мүшеліктен шығарып жіберген.

Алпамыс Бектұрғанов жайлы хабарды тыңдаңыз

Your browser doesn’t support HTML5

Алпамыс Бектұрғановтың түрмедегі шығармашылығы жайлы тыңдаңыз



Жазушы Алпамыс Бектұрғанов өзін түрмеде отырған кезінде мүшеліктен шығарып тастаған жазушылар одағының әрекетін заңсыз деп санайды.

– Себебі жазушылар одағының жарғысын қолмен жазғандардың бірі – менмін. Ол жарғыда мүшеліктен шығару туралы тарау да, бөлім де жоқ, – дейді ол.

Бірақ Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай Алпамыс Бектұрғановтың сөзіне қарсы уәж келтіреді.

– Одақтың жарғысында елдің конституциялық заңын бұзған адамның одақ мүшелігінен шығарылатыны анық жазылған. Ал егер кінәсі дәлелденбей, өзін-өзі ақтап алатын болса, күндердің күнінде оны мүшелікке қайта қабылдауға болады, – дейді Ғалым Жайлыбай.