Ақтөбеде «полицияға қарулы қарсылық көрсеткен» үш жігіттің бірі Ғабит Құрманқұлдың ісін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот қарай бастады.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатова:
– Сот қазанның 16-cы, сейсенбі күні басталған. Процесс жабық болғандықтан бұқаралық ақпарат құралдарына хабар бергеніміз жоқ, – деді .
Биыл маусымның 23-і күні Ақтөбе қаласы Краснощеков көшесіндегі 46-үйге жасырынып, «полицияға қарулы қарсылық көрсетті» деп сипатталған үш жігіттен тірі қалған жалғыз адам, жараланып қолға түскен Ғабит Құрманқұлдың адвокаттарының бірі Күлпан Мушатова да бұл істі сот қарай бастағандығын растады. Бірақ ол Азаттық тілшісіне «бұл қылмыстық іске қатысты әзірше толық түсініктеме бере алмайтынын» айтты.
Адвокаттың айтуынша, тергеу Ғабит Құрманқұлға Қазақстан қылмыстық кодексінің бірнеше бабы (96-бап – «кісі өлтіру, яғни өзге адамды құқыққа қайшы әрі саналы түрде өлтіру», 96-баптың 2-бөлімінің «б» тармағы – «адамды қоғамдық немесе қызметтік міндетін атқару кезінде өлтіру», ««лаңкестік», т.б.) бойынша айып таққан. Күлпан Мушатова өз қорғауындағы азаматқа нақты неше бап бойынша айып тағылып отырғанын санамалап айтып беруден бас тартты.
«ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ «ҮКІМІН» ЕСТУ АУЫР БОЛДЫ»
Сот процессінің жабықтығын арнайы жасақпен атыста тірі қалған Ғабит Құрманқұлдың анасы Балзира Тымақбаева да дұрыс көреді..
– Үкім шықпастан-ақ бұқаралық ақпарат құралдары баламды «лаңкес» деп атап жатты. Теледидарды қоссам еститінім, газетті ашсам көретінім – сол. Ғабит – менің
жалғыз ұлым. Одан басқа ешкімім жоқ. Журналистердің сотсыз-ақ өз беттерінше шығарып тастаған «үкімін» есту маған өте ауыр, – дейді Балзира Тымақбаева.
23 маусымдағы оқиғадан соң «үш-төрт айдан соң есін әрең жинаған» Балзира Тымақбаеваның айтуынша, сотта ұлы Ғабит Құрманқұлдың құқығын екі адвокат қорғайды.
– Раушан Тәжімова мен Күлпан Мушатова – тәжірбиелі адвокаттар. Соттың үкімі әділ болады деп үміттенемін, – деді Ақтөбеден 90 шақырым жердегі Қандыағаш қаласында тұратын Балзира Тымақбаева телефонмен берген сұхбатында.
«Кеудеңнен жан шығып кетпегеннен соң бәріне көнеді екенсің» дейді Ғабит Құрманқұлдың анасы.
– Жаманат хабарды алғаш естігенімде мүлдем сенгенім жоқ. Әлі де сенбеймін! Балам қой аузынан шөп алмайтын момын. Әкесіз өсті. Қорқақтау да болатын.
Ересектеу жолдастарының дегенінен шыға алмай қалды ма? Кім біліпті? Тұқымымызда бұрын-соңды дін жолын ұстанған ешкім болған емес. Намаз оқи бастағанында қарсы болған едім. Құлақ аспады. Ақыры «лаңкес» атанып отыр. Тергеуге дін жолында жүрген жігіттердің бірқатары куәгер ретінде шақырылды. Кейбіреулерінің беті қызармастан өтірік айтып отырғандарын көзіммен көрдім. Куәлердің бірі әйелін алып, Мысыр асып кетіпті. Мұсылмандықтың да түр-түрі болатынын кім білген! – деді Ғабит Құрманқұлдың анасы Балзира Тымақбаева.
Қандыағаш станциясындағы «Вокзал-Сервис» мекемесінің қызметкері Балзира Тымақбаеваның сөзіне қарағанда, ол Ғабиттің әкесі Азаматпен ұлдары кішкентай кезінде ажырасып кеткен.
– Ол кісі әлдеқашан өмірден өтіп кетті, – дейді ұлын «жарғақ құлағы жастыққа тимей жалғыз өзі өсіргенін» айтқан Балзира Тымақбаева бұрынғы жұбайы туралы.
1994 жылы Қандыағаш қаласында туған Ғабит Құрманқұл кәмелетке тергеу изоляторында, биыл қазан айының 4-і күні толды.
Анасының айтуынша, Ғабит Құрманқұл Ақтөбедегі байланыс колледжінің екінші курсынан соң, 2012 жылдың жазында сырттай бөлімге ауысқан. Жұмысқа тұрып, анасына қолғанат болғысы келетінін айтыпты.
АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯДАН ТІРІ ҚАЛҒАН АДАМ
2012 жылы маусымның 21-іне қараған түні Ақтөбеде полицей Темірбек Жақсылықбаев оққа ұшқан еді. Жақсылықбаев пен тағы бір полицей Ақтөбенің
«Кірпішті» ауданында таксиске шабуыл жасалғаны туралы хабарды естіп, оқиға болған жерге барғанда Жақсылықбаевты тасада тұрған белгісіз адамдар атып өлтіргені хабарланған.
Маусымның 23-і күні күдікті ретінде іздеу салынған қарулы топ полициямен алты сағатқа жуық атысты. Бас прокуратура оқиға болған күні таратқан мәлімдемесінде күдіктілерге «әуелі берілу жөніндегі талап айтылғанын, бірақ Жолмырза Бекбауов (1991 жылы туған), Ғабит Құрманқұл (1994 жылы туған) және Ерназар Мырзағали (1989 жылы туған) қарулы қарсылық көрсеткенін» жазған. Сол күні қарсылық көрсеткен үш жігіттің екеуі оққа ұшып, біреуі – Ғабит Құрманқұл ауруханаға түсті.
– Баламмен бетпе-бет кездескенде көкейімдегі көп сұрақтың бәрін дерлік қойдым. Ол ешқайсысына жауап берген жоқ. Тіс жарып, тіл қатпады, – дейді Ғабит Құрманқұлдың анасы Балзира Тымақбаева.