Алматы қаласындағы эстрада-цирк колледжінің студенті Жұмат Жанмырзаев сирек трюктер жасайды. Жас жігіт мардымсыз стипендия мен жалақыға күн көргенімен, мамандығын ауыстырғысы келмейді.
Жұмат Жанмырзаев бала кезінен сирек өнер жасағанды жақсы көріп, спортпен әуестенген. Бірақ қиыр шеттегі ауылда тұратын жігіттің қабілетін жетілдіретін мүмкіндік болмаған. Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы қарапайым отбасында туып-өскен. Жұмат мектепте күреспен әуестене бастағанымен, жарыстарға баратын ақша болмай, сүйікті спортын тастауына тура келген. Спортта үлкен табысқа жетпеген Жұмат сәнді ағым брейк-данспен әуестенген.
– Үйде де, көшеде, әйтеуір жүрген жерімде магнитофонымды көтеріп жүретінмін. Достарым мен жұртты таң қалдырып, неше түрлі трюктер жасайтынмын. Бірақ мені үйрететін жақсы ұстазым болмады. Сөйтіп бұл істе де өзімді таныта алмадым, – дейді Жұмат Жанмырзаев Азаттық тілшісіне.
Мектепте нашар оқыған Жұмат ұлттық бірыңғай тестілеуде аз ұпай алған. Жас жігіт 11-сыныптан кейін оқуға тапсырмай, жұмыс істеу үшін ауылда қалады. Бір жыл жүкші, слесарь, күзетші болып істеп көрген.
Бірақ өз орнын табуға ұмтылған Жұмат бағын сынап көрмек болып 2012 жылы 19 жасында Алматыға келеді.
ӨЗ ОРНЫН ТАБУҒА ҰМТЫЛЫС
Отбасының оны оқытуға шамасы келмейтінін жақсы түсінген жігіт грантқа түспек болып талаптанады. Алматыға келген бетте құжаттарын Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк училищесіне тапсырады. «Қолымнан келгеннің бәрін көрсеттім. 19 адамнан 10-ын ғана оқуға қалдырды» деп еске алады Жұмат Жанмырзаев.
Қазір Жұмат «эквилибристика, керме сым» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. Оқуының тағы бір жылы қалған жас жігіт қиын мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, табысқа жеткісі келеді.
Жұматтың сахнада көрсететін қимылдары цирк тілінде «каучук» деп аталады. Ол денесінің икемділігінің арқасында қарапайым адамның қолынан келмейтін қимылдарды орындайды. Керілген сымның, бөтелкенің үстінде баспен тұра алады. Оның айтуынша, соңғы трюкті Қазақстанда әлі ешкім жасай алмайды.
Азаттық тілшісі Жұматты цирк манежінен жолықтырды. Колледж басшылығы цирктің бөлмесін жалға алған. Акробатика, эквилибристика, пантомимадан практикалық сабақтар көбінесе осында өтеді. Көп ұзамай бес-алты адамнан тұратын комиссияның алдында әр студент өз өнерін көрсетіп, сынақ тапсырады. «100 пайыз дайынмын. Музыкасын да таңдап, сахналық костюмді де тіктіріп қойдым» дейді Жұмат.
– Керме арқанның бойымен жүріп, баспен тік тұрамын. Мұнда ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Екі-үш адам болмаса, артист болатындар аз. Кейбіреулер ерінеді, көбі шыдамай тастап кетеді. Материалдық жағдайың келмесе, арманыңа жету қиын ғой, – дейді жас эквилибрист.
«СТИПЕНДИЯМНАН АНАМА ҚАРАЙЛАСАМЫН»
Жұмат ай сайын 12 мың стипендия алады. Бірнеше жыл бұрын ерінен айырылып, алты баланы жалғыз асырап отырған анасына кейде 10 мың теңге жібереді. Жас жігіттің айтуынша, ақша киім-кешек түгілі, тамаққа да жетпейді.
Күндіз Жұмат жеңіл-желпі бірдеңемен жүрек жалғап алады да, ыстық асты кешкісін ғана ішеді. Жатақханасы жақын болғандықтан, жаяу жүреді, жолға ақша жұмсамайды.
– Циркте істейтін артистің жалақысы мардымсыз, айына 30 мың теңге алады. Егер мемлекет жалақыны көтерсе, артистер сүйікті ісін тастамас еді. Тек Қазақстанда ғана цирк артистері зейнетке 60 жасында шығады. Жасы ұлғайған артист қалай өнер көрсетеді? – дейді Жұмат Жанмырзаев Азаттық тілшісіне.
Жас жігіт артист мамандығын таңдағанына кейде өкінеді. «Ақша табатын мүмкіндік бар ғой деп бірде қызбалықпен құрылысқа жұмысқа кетіп қалғым келді. Бірақ бұл ойымнан бас тарттым. Артист адам үшін ақша емес, өнер маңыздырақ қой» дейді Жұмат. Жас эквилибристің айтуынша, спорт пен брейк-данс сияқты ісін орта жолда тастағысы келмейді.
– Үйде де, көшеде, әйтеуір жүрген жерімде магнитофонымды көтеріп жүретінмін. Достарым мен жұртты таң қалдырып, неше түрлі трюктер жасайтынмын. Бірақ мені үйрететін жақсы ұстазым болмады. Сөйтіп бұл істе де өзімді таныта алмадым, – дейді Жұмат Жанмырзаев Азаттық тілшісіне.
Мектепте нашар оқыған Жұмат ұлттық бірыңғай тестілеуде аз ұпай алған. Жас жігіт 11-сыныптан кейін оқуға тапсырмай, жұмыс істеу үшін ауылда қалады. Бір жыл жүкші, слесарь, күзетші болып істеп көрген.
Бірақ өз орнын табуға ұмтылған Жұмат бағын сынап көрмек болып 2012 жылы 19 жасында Алматыға келеді.
ӨЗ ОРНЫН ТАБУҒА ҰМТЫЛЫС
Отбасының оны оқытуға шамасы келмейтінін жақсы түсінген жігіт грантқа түспек болып талаптанады. Алматыға келген бетте құжаттарын Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк училищесіне тапсырады. «Қолымнан келгеннің бәрін көрсеттім. 19 адамнан 10-ын ғана оқуға қалдырды» деп еске алады Жұмат Жанмырзаев.
Қазір Жұмат «эквилибристика, керме сым» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. Оқуының тағы бір жылы қалған жас жігіт қиын мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, табысқа жеткісі келеді.
Кейбіреулер ерінеді, көбі шыдамай тастап кетеді. Материалдық жағдайың келмесе, арманыңа жету қиын ғой.
Азаттық тілшісі Жұматты цирк манежінен жолықтырды. Колледж басшылығы цирктің бөлмесін жалға алған. Акробатика, эквилибристика, пантомимадан практикалық сабақтар көбінесе осында өтеді. Көп ұзамай бес-алты адамнан тұратын комиссияның алдында әр студент өз өнерін көрсетіп, сынақ тапсырады. «100 пайыз дайынмын. Музыкасын да таңдап, сахналық костюмді де тіктіріп қойдым» дейді Жұмат.
– Керме арқанның бойымен жүріп, баспен тік тұрамын. Мұнда ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Екі-үш адам болмаса, артист болатындар аз. Кейбіреулер ерінеді, көбі шыдамай тастап кетеді. Материалдық жағдайың келмесе, арманыңа жету қиын ғой, – дейді жас эквилибрист.
«СТИПЕНДИЯМНАН АНАМА ҚАРАЙЛАСАМЫН»
Жұмат ай сайын 12 мың стипендия алады. Бірнеше жыл бұрын ерінен айырылып, алты баланы жалғыз асырап отырған анасына кейде 10 мың теңге жібереді. Жас жігіттің айтуынша, ақша киім-кешек түгілі, тамаққа да жетпейді.
Егер мемлекет жалақыны көтерсе, артистер сүйікті ісін тастамас еді.