Ресейдегі Тверь облысы Ржев қаласында Қырғызстаннан барған 267 өзбек баласы оқып жатыр. Олардың аграрлық колледжге түсуіне жерлестері, ғарышкер Салижан Шарипов көмектесті. Бірақ Ресей қаласының билігі бұл студенттерге күдіктене қарайды.
2010 жылғы Ош оқиғаларынан соң қырғыз мен өзбекті татуластыруға олардың жерлестері, ғарышкер Салижан Шарипов келді. Ол елдің арнаулы қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары, «Альфа-антитеррор» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Артур Медетбековпен бірге Өзген қаласында болды.
«Мен - өзбекпін, Артур Медетбеков – қырғыз. Біз ескі достармыз, адамдар арасындағы ең маңыздысы – өзара сенім, достық, жақсы қарым-қатынас екендігін өзіміздің жеке мысалымызда көрсеткіміз келеді» деген еді сол жолы ғарышкер.
Салижан Шарипов осы келісіне дейін Мәскеу қаласында татуласу шарасын өткізген. Ресей астанасының Бүкілресейлік көрме орталығындағы «Қырғызстан» павильонында қырғыз және өзбек диаспорасының өкілдерімен, Қырғызстанның оңтүстік облыстарынан шыққан адамдармен кездескен. Кездесуде ол арандатуға беріліп кетпей, тәртіпсіздік бола қалса қатыспауға шақырды деп жазады «24.kg» агенттігі.
Ош облысының билігі ғарышкердің сапарын «көп нәрселер байланыстырып тұрған халықтар достығын нығайтудың үлкен кепілі» деп атады.
«Біздің қырғыз халқы әрқашан өзінің даналығымен және алысты болжаушылығымен ерекшеленген. Осындай күрделі кезеңде ол мызғымайтын келісімге келеді деген үміттемін», - деді Салижан Шарипов.
БАТЫР
Салижан Шариповты өз отанында «қырғыз Гагарині» деп атайды. Ол 1964 жылы Ош облысының Өзген қаласында өзбек отбасында дүниеге келді. Ғарышта екі рет болған. Ресей мен Қырғызстанның батыры. Өзбектің «Буюк хизматлари учун» және «Әмір Темір» ордендерімен марапатталған.
Ғарышкер Салижан Шарипов – "Ош қаласының құрметті азаматы". Бұл атаққа ол ғарышқа алғаш ұшқан 1998 жылы ие болған.
«Салижан мырзаны жақсы білетін адамдар оны өте жұмсақ жүректі,
Ғарышкер Салижан Шарипов Ресейдің Тверь облысындағы Ржев аграрлық колледжіндегі қырғызстандық студенттермен бірге.
қайырымды, көмек көрсетуден бас тартпайтын және нұр жүзді адам деп сипаттайды» деп жазады «Алиби» газеті.
Салижан Шарипов - Ресей азаматы, Жұлдызды қалашықта тұрады, сол жерде әскери қызметін өтеп жатыр. «24.kg» агенттігіне 2009 жылы берген сұқбатында ғарышкер міндетті түрде өзі туып-өскен, білім алған еліне, Қырғызстанға қайтып оралатынын айтқан.
Осы сұқбатында Салижан Шарипов қызметі аяқталған соң саясатқа араласуы мүмкін екендігін айтқан: «Болашақта менің өзіме ғана емес, елге де пайда әкелетін іспен айналысармын деп ойлаймын. Қазір Ресей сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясында оқып жатырмын. Алған білімім болашақта Қырғызстанның игілігі үшін қызмет етуіме жарайтын болар деп ойлаймын».
ҒАРЫШКЕР СТУДЕНТТЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Қырғызстанның оңтүстігінде көптеген мектептер Ош облысы Өзген қаласының тумасы Салижан Шариповтың атымен аталады деп жазады «Фергана.ру» агенттігі. Ғарышкер Салижан Шариповтың өзінің айтуынша, 2010 жылдың маусым айында Ош, Өзген, Араван, Жалалабад қалаларындағы мектеп директорлары оған көмек көрсетуін сұрап, өтініш білдірген.
– Оңтүстікте көптеген мектептер өртелген, үйлер қираған. Маусым айында осы оқиғалар болған кезде көптеген оқушылар тіпті аттестаттарын
Ресейдің Тверь облысындағы Ржев аграрлық колледжіне Қырғызстаннан оқуға барғандар колледж сыныптарында тұрды.
да алып үлгермеген болатын, – дейді Салижан Шарипов «Фергана.ру» агенттігіне. – Мен балаларды Ресейге оқуға жіберуге болатынын білдім. Сөйтіп, Ржев аграрлық колледжінің директорымен келіскен соң, бұл кезде оларға оқуға түсетін талапкерлер жетпей жатқан екен, «балалардың ата-аналарына осындай мүмкіндіктің бар екенін айтыңдар» деп мектеп директорларына хабар бердім.
Ғарышкердің айтуынша, Ресейге аттестаттарында үздік бағаға ие, жақсы оқушылар жіберілген. «Сол кезде ата-аналардың бәрінің бірдей балаларын Ресейге оқуға жіберуге мүмкіндіктері болмады» дейді Салижан Шарипов.
«Ал енді қаржы тапқандарға біз оқуға орналасуға көмектестік. Біз тек өзбек балаларына ғана көмектесеміз деп айтқан жоқпыз. Біз баланың ұлтына қарамастан, зардап шеккендердің барлығына да көмектесуге даяр болатынбыз. Бірақ Ржевке оқуға кеткендердің барлығы өзбек балалары болып шықты» дейді Салижан Шарипов «Фергана.ру» агенттігіне.
БИЛІКТІҢ ТЕКСЕРУІ
Ржев аграрлық колледжіне оқуға Қырғызстаннан 15 пен 24 жас аралығындағы 267 жас барған. Олардың басым көпшілігі, 250-і – ер балалар.
«Ресей колледжіне шетелдік студенттердің келуімен байланысты оқу орнында тексерулер басталды» деп жазады «Фергана.ру» агенттігі. «Мамыр айының басында өрт қауіпсіздігі деген желеумен қала билігі жатақхананы 10 күнге жауып тастады» деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы.
Колледж директоры Сергей Жегуновтың айтуынша, «әкімшілік қысым
Ресейдің Тверь облысындағы Ржев аграрлық колледжінің спортзалында тұрып жатқан Қырғызстаннан оқуға барған студенттер.
жасалып жатыр», балалардың орыс тілін қаншалықты білетіндігі тексеріліп, ұлт мәселесі жөнінде әңгіме болған.
– Прокуратурадан осымен он шақты рет келді. Балаларға үнемі «орысша сөйлесе аласыңдар ма?» деген сұрақ қояды. Мен шыдай алмай: «Сендердің бұларың қалай?» – дедім. Заң бойынша, олар орысша біле ме, жоқ па – соншалықты маңызды емес. Біз оларды орысша оқытып, егер оқушылар үлгере алмай жатса, оқудан шығаруымыз керек. Бірақ, ең бастысы, олар сөйлей де алады, түсіне де алады! Тексеру кезінде оларға газет материалын оқуға берді және ешкім қиналған жоқ, – дейді Сергей Жегунов «Фергана.ру» агенттігіне берген сұқбатында.
Колледж директоры Сергей Жегуновтың айтуынша, Ржев аграрлық колледжіне физика-математикалық, гуманитарлық бағытта білім алған жасөспірімдер келген. Олардың кейбіреулері шет тілдерін біледі, шахматтан чемпион болғандары да бар. «Бізге интеллектуалдық әлеуеті жоғары, өте ақылды балалар келді» дейді колледж директоры.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қырғыз редакциясының ақпараты бойынша 2011 жылдың 11 мамырында қырғызстандық студенттер жатақханаларына қайта оралған. Бұған дейін олар спортзал мен колледж сыныптарында тұруға мәжбүр болған.
Ал белгілі қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтардың мұндай игілікті істері жайында қазақстандық баспасөз мүлдем жазбайды десе де болады.