Қазақстанды азаматтардың сотқа кіруін шектемеуге шақырды

Қалалық сотқа кіретін пункт. Астана, 29 наурыз 2016 жыл.

ЕҚЫҰ Қазақстанның Жоғарғы сотына кіру режимі ережесін халықаралық құқықтық стандарттар мен ұлттық заңдарға келушілерді соттарға қатыстыру және ашық сот отырыстарына бару тұрғысынан сәйкестендіруді ұсынды.

Өткен жылы қабылданған «сот аумағына келушілерге арналған өткізу және объект ішіндегі режимді қамтамасыз ету жөніндегі ереже» Қазақстанның сот жүйесінің ақпараттық тұрғыда жабық болуына және оқшаулануына ықпал етті.

Саяси ғылымдар кандидаты, Ресей ғылым академиясының философия институтының аға ғылыми қызметкері және мәскеулік «Сот тілшілері гильдиясы» бірлестігінің атқарушы директоры Сергей Чижков осындай қорытындыға келді.

Қазақстан соттарындағы ережелерге қатысты пікірін ол БАҚ еркіндігі мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ бюросы тапсырысы бойынша дайындады.

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНА ҚАЙШЫ

Сергей Чижков 2016 жылы мамырдың 3-і күні Жоғарғы сот пен мамырдың 5-і күні ішкі істер министрлігі бекіткен бірлескен бұйрықты қарап, сотқа қатысу туралы ережені талдап шықты. ЕҚЫҰ-ға арнап дайындаған пікірінде ол «сот ғимараттарында қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда және келушілердің заңды құқықтарын сақтау жағынан алғанда да бұл ережелерді негізгі және үйлесімді деп санауға болмайды» деген қорытынды жасады.

Ережелердің біразы халықаралық құқықтық стандарттар мен Қазақстанның заңнама нормаларына қайшы, азаматтардың ақпараттарды іздеу, алу және таратуына жол бермейді.

Сот ғимаратына қауіпсіздікке қандай да бір қатер төндірмейтін заманауи техниканы алып кіруге толық тыйым салуды негізді және үйлесімді деп тану қиын, ол заттар азаматтардың, соның ішінде журналистердің күнделікті өмірінде қажетті заттар.

ЕҚЫҰ есебінде «Сот ғимаратына қауіпсіздікке қандай да бір қатер төндірмейтін заманауи техниканы алып кіруге толық тыйым салуды негізді және үйлесімді деп тану қиын, ол заттар азаматтардың, соның ішінде журналистердің күнделікті өмірінде қажетті заттар» дейді.

Бұндай тыйымдардың ашықтық пен соттың жариялық қағидаларын бұзатыны, азаматтардың ақпаратты іздеу, алу және таратуы мен журналистердің кәсіби құқығына қайшы келетіні айтылады.

ЕҚЫҰ Жоғарғы сотқа Қазақстанның БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет екенін ескертеді, бірқатар халықаралық келісімдер мен пактілерді және Адам құқығы жөніндегі жалпыұлттық декларацияны бекіткенін жазады.

Декларацияда «Әр адамның өз пікірін қорғауына, оны еркін жеткізуіне құқығы бар; бұл құқыққа өз пікірін кедергісіз ұстану еркіндігі мен ақпаратты және идеяларды мемлекеттік шекараға тәуелсіз кез келген әдіспен іздеу, алу және тарату еркіндігі кіреді» деп жазылған.

МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН, ДИКТОФОН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАЗҒЫШ ҚҰРАЛДАР

Бұл ережелерді түзетуде Жоғарғы сотқа жасалған ұсыныстардың бірі – сот залына алып кіруге тыйым салынатын заттардың тізімін жазу, мысалы «қару, жарылғыш қаттар, радиоактивті, улы, есірткі заттары мен басқа да қауіп төндіретін заттар».

Алайда «жазғыш құралдар, мобильді байланыс құралы, ақпарат тасығыштар, фотоаппаратура мен басқа да заттарды сот залына алып кіруге тыйым салмау керек, себебі талаптарда оларға рұқсат бар», ол рұқсат Қазақстан үкіметінің 2011 жылғы қазанның 7-сі күнгі №1151 «Мемлекеттік қорғауға кіретін нысандардың кейбір мәселелері» қаулысында бекітілген.

Орал қаласындағы сот ғимаратының темір қоршауы. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ келушілердің сот отырысы кезінде қандай жабдықтар ұстауына болатынын және қандай жағдайда қолдана алатынын, журналистердің қандай қосымша құқықтары бар екенін нақты көрсетуге кеңес береді, өйткені «сот залына жабдықты алып кіруге салынған тыйымды жою кіруге шектеу қойылған ғимаратқа аталған жабдықты алып кіруге автоматты түрде рұқсат беру дегенді білдірмейді».

Ұсыныста «Сот, департаменттер ғимараттары және олардың аумақтық органдарында кіру және объектілер ішіндегі режимдерді жүзеге асыруға «Қалалар және облыстарды мамандандырылған күзетудің қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі жауапты болғандықтан Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі сот приставтарымен бірге тиісті қызметтің қызметкерлеріне түзетілген Ережелерді қолдану бойынша қажетті нұсқаулықты әзірлеп, бекітуі керек, ол жерде келушілер мен журналистердің құқықтары нақты көрсетілуі керек» деп жазылған.

МӘСЕЛЕНІ КҮЗЕТКЕ АУДАРА САЛАДЫ

Азаттық ЕҚЫҰ осы пікіріне қатысты Жоғарғы соттың ұстанымын анықтауға тырысты. Жоғарғы сот судьясы, БАҚ-пен жұмыс істеуге жауапты Елена Максюта Азаттық тілшісінен жазбаша сауал жіберуді сұрады. Ол іссапарға кетіп бара жатқанын, өзімен кейін тілдесуге болатынын айтты. Алайда БАҚ туралы заңда жазылған үш күннің орнына бір апта өткен соң баспасөз қызметінен ЕҚЫҰ пікіріне қатыссыз жауап келді. Астанадағы ашық сот отырыстарында кейбір судьялардың журналистердің құқығын бұзу жағдайына қатысты сұрақтар да елеусіз қалыпты.

Азаттықпен телефон арқылы сөйлескен қысқаша әңгімесінде Елена Максюта сот ғимаратына баспасөздің кіруі мәселесі «шешілгенін» айтты, бірақ ол құжаттармен "танысуға бола ма және олар ресми құжаттар ма?" деген сауалдарға жауап бере алмады.

Біз оларды шақырып, шаралар өткіздік. Күзет қызметкерлерімен сотта еш мәселе жоқ. Жанна Байтелованы – «Сот тілшілері гильдиясын» шақырдық – үш жақты кездесу өткіздік. Оның қандай жолмен рәсімделгенін білмеймін (журналистерді сот залына техникалық аппаратурамен кіргізу мәселесі - автор), - дейді Елена Максюта.

Осыған ұқсас жағдай «Сот тілшілері гильдиясымен» де болды, Азаттық тілшісі сәуірдің 17-сі күні Facebookәлеуметтік желісі бетінде ұйымның парақшасына пікір қалдырды, себебі олардың сайтта көрсетілген нөмірлеріне хабарласу мүмкін болмады. Сұрақтар оқылды, бірақ жауап келмеді. Кейін кездейсоқ кездесу кезінде Жанна Байтелова Азаттық тілшісіне ұйымның Facebookпарақшасын бірнеше адамның, соның ішінде өзінің де жүргізетінін айтты. Сұрақтарға неліктен жауап бермедіңіздер деген сауалға: «Қараймыз» деп жауап берді. Бірақ сол беті жазбаша жауап келмеді.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі Азаттыққа берген жауабында «БАҚ алдын ала баспасөз хатшыларына немесе БАҚ-пен жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы судьяларға өз өкілдерінің тізімін беруі керек» деп жауап берді. Оған қоса, заң бойынша журналистер жергілікті соттардың ғимаратына іс-әрекеттерін растайтын құжаттары болған жағдайда кәсіби аппаратурамен кіре алады деп жазған.

РҰҚСАТСЫЗ ЖАЗУ

Астаналық медиа заңгер Гүлмира Біржанова Азаттыққа қылмыстық істер жөніндегі сот отырысын жариялау үшін журналистер судьядан диктафон, фотоаппарат және басқа аппаратураны қолдануға рұқсат сұрауы керектігін айтты. Бірақ оның сөзінше, азаматтық процесте диктафон қолдану үшін рұқсат сұрамаса болады.

Ақтөбе гарнизоны әскери соты судьясы Бекболат Тәжімұқан үкім оқып тұр. (Көрнекі сурет)

- Судьялар диктафонды қолданбаңдар деген кезде таң қаламын, себебі бапта диктафон қолдану үшін рұқсат керек емес деп анық жазылған. Жоғарғы соттың қаулысында сот журналистердің түсіру орнына, уақытына шектеу қоя алады, субъектіге қатысты шектей алады делінген. Бірақ «мынаны түсірмеңдер» деп айта алмайды. Рұқсат берді ме, қалаған адамыңызды түсіре аласыз. Бірақ бұл ереже жиі бұзылады, «Бүгін түрім келіспей тұр», «мені түсіріңдер, ананы түсірмеңдер» деген сөздер айтылады, - дейді Гүлмира Біржановна.

Судьялар соттағы фото және бейне түсірілімге бірқатар шектеу қойылған қолданыстағы процессуалдық заңнамаға сілтеме жасайды, яғни, АПК-нің 19-бабының 7-бөлімі мен ҚПК-нің 345-бабының 6-бөлімін атайды.

Заңгер Гүлмира Біржанова заңдар иерархиясын бұлжытпай сақтау керек дейді, ол «алдымен конституция, содан соң – кодекстер мен заңдар, ең төменде – бұйрықтар мен ережелер тұрғанын» ескертеді.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.