Қазақстанның қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің «Doing Bisuness» рейтингісіндегі «Өндірісті жою» көрсеткіші бойынша 2007 жылы 103-орынды, ал 2008 100-орынды алғанын жазады.
Бүгіндері әлемдік қаржы нарығын рейтингті анықтаумен айналысатын агерттіктер «билейді». Standard&Poor's Moody's және Fitch сияқты агенттіктер жасаған болжамдарға бүтін бір мемлекеттің немесе бір аймақтың тағдыры тәуелді болып қалатын кездер болады.
Өз елін ең төменгі саты – «қоқысқа» түсіп қалудан қорғауға мемлекет басшысының да, әскердің де шамасы келмейді.
Әлем елдерінің экономикасына зерттеу жүргізу мен рейтингтік бағалау кең таралған. «Қай мемлекет бай», «ел экономикасының өсімі қандай», «қай мемлекетте бизнеске қолайлы жағдай жасалған», «қай елде өмір сүрген жақсы» деген сияқты сұрақтар үнемі қызығушылық туғызады.
ҚАНША ҚЫЛМЫС ЖАСАЛАТЫНЫН БОЛЖАП БІЛУГЕ БОЛА МА?
Әрине, кез-келген рейтинг субьективті тұрғыда жасалады. Алайда қандай да бір елде өз бизнесін бастамас бұрын жетекші инвестициялық компаниялар, бизнес элиталары сол елдің рейтингісі мен зерттеулеріне мұқият қарайды.
Оларға Қазақстанның билігі де ынта білдіреді. Кейде ол ісі өзгелерге ұқсамай жатады. Қазақстандағы әрбір министрлік пен ведомствоның 2009-2011 жылдарға арналған өзінің стратегиялық даму жоспарлары бар. Бұл жоспарлардың барлығы экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтында жарияланған.
Әділет министрлігіне Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Бизнес бастауға қажетті процедуралардың саны», «Бизнесті бастауға
Ниет жақсы. Алайда, сол әділет министрлігінің «түрмелердегі сотталғандар саны 2007 жылы – 53 460, 2008 жылы – 61 250 адам, ал 2009-2011 жылдарға арналған «жоспарда» – 62 450 адам болуы керек» дегені қалай болады?
Қарапайым азамат «шенеуніктер қанша адамның заң бұзып, түрмеде отыруға бекінетінін қалай болжайды?» деп сұрары хақ. Қалайша әділет министрлігі қанша адамның сотталатынын алдын-ала жоспарлап, өзінің дәрменсіздігін мойындап отыр? Әлде бұл сот жүйесінің жетілмегенін, таза еместігін жанама түрде мойындау ма?
БАНКРОТ БОЛСАҢЫЗ, ЕРЕЖЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ
Қазақстанның қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің «Doing Bisuness» рейтингісіндегі «Өндірісті жою» көрсеткіші бойынша 2007 жылы 103-орынды, ал 2008 100-орынды алғанын жазады. Көрсеткішті жақсарту үшін министрлік банкроттыққа қатысты қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 2011 жылы ол көрсеткіш бойынша 70-орынға көтерілуді жоспарлап отыр. Ал банкроттыққа қатысты заңнаманы жетілдіру жайында бір сөз айтылмаған.
АГЕНТТІКТІҢ ЖОСПАРЛАРЫ
Қазақстанның экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) өзінің стратегиялық даму жоспарында «Транпаренси Интернэшнл» рейтингісі бойынша парақорлықты қабылдау индексін 2009 жылғы 2,7 көрсеткішінен 2011 жылы 3-ке дейін көтеруді мақсат етіп отыр. Шешім қабылдаудағы «фаворитизм» ұстанымын мемлекеттік шенеуніктер 2011 жылы 59-орынға дейін төмендетуді жоспарлайды (2007 жылы 61-орында тұрған). «Бизнестің жемқорлыққа жұмсалған шығыны» көрсеткішін сегіз орынға, яғни 76-орынға төмендету көзделіп отыр (2007 жылғы 84-орын болған).
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Дүниежүзілік экономикалық форумның Әлемдегі бәсекеге қабылеттілік индексіндегі «Кәсіби менеджментке деген сенім» көрсеткішіндегі деңгейін 2009 жылғы 78-орыннан 2011 жылы 76-орынға көтеруге ниетті. Мемлекеттік органдардағы жұмыс сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2009 жылы 50 пайызға, ал 2011 жылы 55 пайыздан кем емес деңгейге көтеру жоспарланған екен.