«Бірыңғай банкомат» идеясы тарифті арзандатпақ

Банкоматтан ақша алып тұрған әйел. Алматы, 21 маусым 2013 жыл.

Кейбір жетекші коммерциялық банктер ұлттық банктің бірыңғай процессингтік орталық құру жайлы бастамасын қолдамайды. Ал ұлттық банк оларды «тарифтерің қымбат» деп сөгеді.
Ұлттық банктің бірыңғай зейнетақы қорын құру сияқты бастамасына ұқсайтын электрондық төлемдер мен банкоматтарға қатысты ұсынысын жұрт «бірыңғай банкомат» идеясы деп атап жүр.

Ұлттық банк бірыңғай процессинг орталығын (БПО) құру арқылы екінші деңгейлі банктерге банкоматтар мен POS-терминалдарға қызмет көрсету мен карточка арқылы төлем қабылдауға тыйым салатын заң жобасын жасады. Ұлттық банк «Бұл құжатты құрастыруға «бөтен» банктен ақша алғанда артық ақша төлейміз деген карточка иелерінің шағымдары негіз болды» деп түсіндіреді. Ұлттық банктің есебінше, БПО тарифті екі есе арзандатуға мүмкіндік береді.

Алматы тұрғыны Ибраш Нүсіпбаев интернет арқылы сауда жасағанды қолайлы көреді. Ол киім-кешек, тіпті көлігіне қажет қосалқы бөлшектерді де интернет-дүкеннен сатып алып, банк картасымен есеп айырысады. Азық-түлік сатып алуға ​супермаркетке де карточкасымен баратын Ибраш «өзіме осы ыңғайлы әрі тиімді» дейді.

– Карточкамдағы ақшаны қолма қол ақшаға ауыстырғым келсе, карточкалық есеп-шот ашылған банктің банкоматын пайдалануға тырысамын. Өз басым

Тележурналист Ибраш Нүсіпбаев. Жеке мұрағаттағы фото.

банктің комиссиясын тым қымбат дей алмаймын. Жалпы, осы комиссиялық сыйақыға қатысты біреулерден шағым түсті дегенге күмәнім бар. Егер ондай шағым болса, «міне, мына адамнан осындай шағым түсті, бір бума хат келді» деп нақты көрсетсін. Ал «бұл шаруаны жұрттың өтініші бойынша, халық игілігі үшін істеп жатырмыз» дегенге өз басым сенбеймін, - дейді Ибраш Нүсіпбаев.

ШИЕЛЕНІС

Бұл жобаның болашағына күмәнданған екінші деңгейлі ірі банктердің кейбір басшылары БПО-ны енгізуге қарсы шықты. Коммерциялық банктер банкомат, терминалдарын, өздерінің процессинг орталықтарын мемлекетке бергісі келмейтінін білдірді.

Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова «баламасы жоқ мына сияқты мемлекеттік алаңды құруға барлық банктер қарсы» деп мәлімдеді. Оған ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко «37 банктің атынан сөйлеуге Шаяхметова ханымның ешқандай құқығы жоқ» дейді. Бұл айтыс-тартысқа Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) қосылды.

Алматыда журналистерді жинап, қауымдастықтың ұстанымын түсіндірген ҚҚҚ төрағасы Серік Аханов «банктерді БПО-ға кіруге мәжбүрлеп міндеттемей, ерікті түрде тарту қажет» дейді.

– БПО жұмысына қатысу-қатыспау туралы шешімді әр банк өзі қабылдауы тиіс.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Аханов. Алматы, 11 маусым 2013 жыл.

Мейлі ол орташа, ірі немесе шағын банк болсын. Бұл мәселеде монополияның үстемдігіне жол бермей, бәсекелестік принципіне басымдық берілгені жөн. Ал халықаралық тәжірибе біздің елдегі карточкалық бизнестің даму ерекшелігі мен кейбір жекелеген процестерді ескере отырып қолданылуы тиіс. Мүмкін, БПО мен коммерциялық банктердің процессинг орталықтары қатар жұмыс істей берер. Жалпы, шетелдің кез келген тәжірибесін біздің елдің жағдайына қарай бейімдеп қана пайдалану керек, - дейді Серік Аханов.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мамандарының пікірінше, БПО Қазақстанның ДСҰ-на кіру процесін қиындатып немесе созып жіберуі мүмкін. Үкіметке жазылған хаттың журналистерге таратылған қысқаша түйінінде қауымдастық «Ұлттық банк процессинг орталық құруға осымен үшінші мәрте тырысып отыр. Бұған дейінгі алғашқы екі талпынысы сәтсіз болды. Атап айтқанда, 2001 жылы басталып, мемлекеттің жүздеген миллион теңгесі жұмсалған ұлттық процессинг орталық құру жобасы қазір жабылу алдында» деп ескертеді.

Оның үстіне, БПО құрылса, банкоматтар мен POS-терминалдарға қызмет көрсететін, қолма қол ақшаны әзірлеп, инкассациямен айналысатын үш мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қаржыгерлер қауымдастығы ұлттық банктің заң жобасы жеке кәсіпкерлік пен бәсекелестік туралы заңдарға қайшы деп есептейді.

Кейбір қызмет түрлері мен стандартты дебет карточкаларға қызмет көрсету тарифтері

Банктер Банк банкоматынан қолма қол ақша алу Басқа банктің банкоматынан қолма қол ақша алу Қазақстаннан тыс жерде басқа банктердің банкоматынан қолма қол ақша алу Банкомат арқылы ұялы байланыс қызметінің ақысын төлеу Карточкалық есеп-шотты жүргізгені үшін алынатын комиссия (жылына бір рет алынады)
Қазкоммерцбанк 1% («жалақы жобасы» карталарынан
0-0,7%
1%+200 теңге; әріптес банктердің банкоматынан 1%+50 теңге 1%+475 теңге 35 теңге 1000 тенгеден бастап

Ресей Сбербанкі
0 – 1% 1,5%+200 теңге 1,5%+500 теңге 35 теңге 1500 теңгеден бастап

БТА банкі
0,7% 1% (минимум 350 теңге) 1,7% (минимум 465 теңге) 50 теңге 700 теңгеден бастап
ЦентрКредит банкі 0,6% (минимум 100 теңге) 1% (минимум 500 теңге);
әріптес банктердің банкоматынан 0,8% (минимум 100 теңге)
1% (минимум 500 тенге) 50 теңге 800 теңгеден бастап
Қазақстанның
Халық банкі
1% (минимум 100 теңге) 1,5% (минимум 1000 теңге);
әріптес банктердің банкоматынан 1% (минимум 100 теңге)
1,5% (минимум 1000 теңге) 40 теңге 840 теңгеден бастап


«АЛДЫМЕН ЕСЕП-ҚИСАПТЫ КӨРСЕТІҢДЕР»

Ірі коммерциялық банктердің бірі – Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров «бірыңғай банкомат» идеясына қарсы уәждерін калькуляторға салып дәлелдеуге тырысады. Оның есебінше, бірыңғай процессинг орталығын құруға жүздеген миллион доллар ақша қажет.
БПО құрылса, банкоматтар мен POS-терминалдарға қызмет көрсететін, қолма қол ақшаны әзірлеп, инкассациямен айналысатын үш мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Банктердің банкомат, терминалдарын сатып алу, коммуникациялық желі тарту, инкассатор желісін ұйымдастыру мен құрал-жабдықты жұмыс істейтін деңгейде ұстау – мәселенің бір қыры ғана. БПО алдымен Visa, MasterCard, AmericanExpress сияқты халықаралық төлем жүйелерімен келісімге отырып, олардың сертификатын алу үшін ғана бірнеше жыл кетуі мүмкін. Ал мына заң жобасы асығыс қабылданып жатыр дейді ол.

– Мына бастаманың жүздеген миллион доллар тұратынын олар ешбір жерде

Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров (оң жақта) журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 12 маусым 2013 жыл.

айтпайды. Біз оларға «мұның тиімділігіне көз жеткізу үшін тиісті есептеулеріңді көрсетіңдер. Қарайық, танысып шығайық» деп отырмыз. Ал ертең ештеңе шықпай қалса ше? Айталық, мына БПО-ты құрды делік, ал ол ертеңгі күні істемей қалса ше? Клиенттердің электрондық төлемдерге деген сенімінен айырылып қалу үшін осындай бір-екі жағдайдың өзі жеткілікті. Технологиялық тұрғыдан алғанда, бұл - орындалмайтын жоба, - дейді Нұрлан Жағыпаров.

Қазкоммерцбанк менеджері «егер мына БПО істеп кетіп, тарифтер шынымен де арзандаған күннің өзінде, тұтынушы ұтпайды, керісінше ұтылады» дейді.

Ұлттық банк мұндай пессимистік пікірлермен келіспейді. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко маусым айында өткен баспасөз жиынында «бірыңғай процессинг банкомат құру бастамасы - қаржы қызметін тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында туған идея, бұл шаруа ел игілігі үшін жасалып жатыр» деп мәлімдеді.

– Айтпақшы, банктер бұл идеяға неліктен қарсы болып жатыр деп ойланып көрдіңіздер ме? Олар неге өре түрегелді деп ойлайсыздар? Кейде «бұл да

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Алматы, 9 сәуір 2013 жыл.

бизнес қой, мұнда да шағымданатындар жетеді, сендер араласпаңдар, бәрін өзіміз істейміз» деген сынды уәждер айтылады. Олардың әбігерге түсіп, қам жеуіне қарағанда, ондағы маржа көлемі сіздер ойланғаннан да көп. Өйткені оны қорғаштауларының басқа сыры жоқ. Ал маржа дегеніміз, олардың халықтың қалтасынан сыпырып жатқан ақшасы. Бары осы ғана, - дейді Григорий Марченко.

«Бірыңғай банкомат» идеясы – қазір банк қызметкерлері ғана емес, жалпы бизнес-ортада да талқыланып жатқан тақырып. Кейбір мамандар «әр түрлі коммерциялық банктің компьютерлік бағдарламасын бірыңғай процессинг орталыққа қатар орнату қиын болуы мүмкін» деген де қауіп айтады. Ал ұлттық банк «мемлекет электрондық төлемдер мен банкоматтың қызметін пайдалану тарифтерін арзандатуды ғана көздейді» дейді.