Қазақстан 2007 жылдан бастап ішкі қарызын 3,7 есе, сыртқы қарызын 3,4 есе арттырды. Ұлттық қорға сенген қазақстандық шенеуніктер қарыз көбейсе де, жағдайдың жақсы екенін айтады.
Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Григорий Марченко profinance.kz веб-сайтына берген сұқбатында 2011 жылды: «Тұтас алғанда, макродеңгейде бұл ахуал Қазақстан үшін өте-мөте қолайлы, ыңғайлы...» деп, көңіл қуантарлық етіп сипаттайды.
Бірақ оның ұлттық банктегі өзге әріптестері 2011 жылы желтоқсанда жарық көрген «Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есепте» елдегі қаржылық ахуалға басқаша баға береді.
- Қазақстан экономикасының көбінесе шикізатқа сүйенуі макроэкономикалық қауіптер тудырады. Қазақстан экономикасының сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелді болуы бұл қауіптерді күшейте түседі, – дейді Қазақстан ұлттық банкінің мамандары.
Банк мамандары елде инвестициялық белсенділіктің деңгейі төмен екенін айтады. Дүниежүзілік экономика дамуының баяулауы, олардың ойынша, Қазақстан экономикасының әлсіз тұстарын одан бетер жария етеді. Осыдан кейін «өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту үшін мемлекет саясатын қайта қарау керек» деген ой туады.
ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ (ЖІӨ)
Халықаралық институттар «2012 жылы Қазақстан экономикасының өсімі баяулайды» деп ескертеді. Бірақ Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрлігі «өсім жеті пайыз болады» деген пікірінен танбай отыр.
«Халықаралық экономикалық институттар Қазақстанды шапшаң дамушы экономикалар қатарына қосып отыр» деп мақтанады Қазақстан билігі. Бұл қорытынды ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсіміне негізделген. Мұндай өсімге қайран қалмасқа лаж жоқ. Өйткені ғаламдық дағдарыс қарсаңында ЖІӨ тіпті бір пайыздай ғана артса, дамыған елдер соның өзін зор жетістік көреді.
Қазақстан ЖІӨ-нің сала-сала бойынша өсімін мұқият зеттегенде, бір қызық құбылысқа тап боласыз.
Әр саланың ЖІӨ өсіміне қосқан үлесі пайызбен есептегенде мынандай:
2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жылдың 9 айы | |
Ауыл шаруашылығы | 0,38 | 0,55 | -0,37 | 0,74 | -0,71 | 0,56 |
Өнеркәсіп | 2,12 | 1,48 | 0,62 | 0,87 | 2,54 | 1,18 |
Құрылыс | 2,96 | 1,78 | 0,42 | -0,31 | 0,27 | 0,31 |
Қызмет көрсету | 5,63 | 6,73 | 2,29 | -0,59 | 3,76 | 3,65 |
ЖІӨ-нің нақты өсімі | 10,70 | 8,94 |
Яғни соңғы екі жыл ішінде ЖІӨ-нің бүкіл өсімінің жартысынан көбі қызмет көрсету саласының (көлік, байланыс, сауда) есебінен болып отыр. Құрылыс саласы да дағдарыстан шықпақ болып тырмысып жатыр. Ал өнеркәсіптің ЖІӨ-ге қосқан үлесі соңғы жылы екі есе қысқарды.
ЖІӨ-нің қаңтарда 4,8 пайызға тең болуының өзі-ақ Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовті ойландырып тастады. Оның айтуынша, экономиканың өсімі 2012 жылы қаңтарда 4,8 пайыз болған, оған қоса өнеркәсіптік өсім бәсеңдеген. Премьер «Экономикалық өсімді жоспардағы жеті пайыздық деңгейге жеткізу үшін осы жағдайға талдау жүргізілсін» деп тапсырма берді премьер-министр.
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДАҒДАРЫС
Дүниежүзілік экономика дағдарысы Қазақстанның инвестициялық саясатына да әсер етті. Тұтас алғанда, негізгі капиталға түсетін инвестицияларды қаржыландыру көздерін қысқарту үрдісі байқалады.
Шетел инвесторлары әлі бұрынғыдай Қазақстанның табиғи ресурстарына қызығады.
Қазақстан ұлттық банкінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылы шетелден тікелей енген инвестициялардың 70 пайыздан астамы геологиялық барлау, іздеу және тау-
Билік шамасынша күш жұмсағанмен, жағдайды күрт өзгертудің сәті түспей жатыр. Ақпанның басында Германияға барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, соңғы жылдары «екі елдің сауда-экономикалық саласындағы байланысы енді мұнай-газ саласынан жоғары технологиялар аясындағы жобаларға ауысқан». Мұның іс жүзінде солай екеніне сенгіңіз келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары қарсаңында неміс баспасөзі Қазақстанды өздерінің жоғары технологиялық өндірістеріне керек сирек металдардың негізгі экспортері ретінде жарнамалап жатты. Яғни немістердің жаңа инвестициялары, технологиялары қазақ жеріне келген күннің өзінде кен өндіру саласына бағытталады.
ҮКІМЕТ ҚАРЫЗЫ
2007 жылдың төртінші тоқсанынан бастап Қазақстанның ішкі қарызы 3,7 есе, сыртқысы 3,4 есе артты.
(Кестедегі көрсеткіштер миллиард теңге есебімен берілген).
Меншікті қаражат | Шетел инвестициялары | Қарыз | Мемлекеттік бюджет | Инвестициялардың нақты өсімі (оң бағытта) | |
2007 жыл | 1656 | 623 | 577 | 536 | 8,2 |
2008 жыл | 1706 | 1065 | 652 | 788 | 4,6 |
2009 жыл | 1491 | 1697 | 529 | 867 | 2,1 |
2010 жыл | 1896 | 1241 | 501 | 1015 | -0,5 |
2011 жылдың 9 айы | 1540 | 755 | 349 | 607 | 1,5 |
Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлеуметтік шығындардың көбеюі мен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты өсіп отыр. Шенеуніктер бұған да аса қатты абыржымайды: Қазақстан ұлттық банкі мамандарының пікірінше, «қарыз көлемі артқанмен, оның салыстырмалы параметрі төмендеп жатқан жоқ». Олар ұлттық қордың жыл сайынғы өсіміне сенеді. Бұл өсім 2011 жылы 43 693 миллион долларға жеткен.
Мемлекеттік шығындары көп Еуропа мемлекеттері қазір дефолттың алдында тұр. Қазақстан үкіметіне аса қысқа мерзімде Қазақстанға инвестициялар тартып, елдің инвестициялық саясатын Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарымен сәйкестендіріп, соған сай әрекеттер жоспарын жасап шығару тапсырылды.
Мемлекеттік кәсіпорындар мен қызметкерлердің санын түбегейлі қысқарту, холдингтер мен ұлттық компаниялардың құрылымдарын оңтайландыру жоспары да бар.
Қаржы министрлігіне барлық бюджеттік шығындарды дереу талдап, экономикалық өсім мен халықтың жұмыспен қамту ісіне не кедергі болып отырғанын анықтау тапсырылды.
Бұл ақылға қонымды қимыл. Бірақ осы әбігердің барлығын көңіл қуантарлық рапорттармен, кеш қабылданған шаралармен сабақтастыру мүмкін бе?