Жетісу аудандық соты №1-ші автопарк жатақханасындағы 24 отбасын күштеп көшіру туралы шешім шығарды. Өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл әлеуметтік жанжалдың түп-тамырында жемқорлық жатыр, оған Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қатысы бар дейді қоғамдық қорғаушы.
«Файнекс корпорейшен ЛТД» компаниясы мен №1-ші автопаркке қарасты болған жатақхана тұрғындары арасында өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан дауға нүкте қоймақ болған Жетісу аудандық сотының төрешісі Гүлнәр Мүсірепова жатақханадағы тұрғындарды күштеп көшіру туралы шешім шығарды. Осылайша, 24 отбасы немесе 120 шақты адам далада қалғалы тұр.
Сот шешіміне наразы қоғамдық қорғаушы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Әмірбек Тоғысов судьяның жаңа деректер мен дәйектерді мүлде қаперге алмағанын айтады:
- Өкінішке қарай, соттың шешімі сол қалпында қалды. Заң бойынша, прокуратураның шешімімен кері қайтарылған шешімді қабылдаған сот төрешісі ауыстырылуы тиіс. Бірақ мұнда судья ауыстырылған жоқ. Бәлкім, бұған жол берген біздің қателігіміз болар. Судья 2004 жылы шығарған шешімін қайталап қана оқыды. Ол кезде адамдар шашыраңқы және қолдарына қажет құжаттарын жинап үлгермеген еді. Бұдан бөлек, судья біздің қолымыздағы бұлтартпас дәлелдерді жоққа шығарып отыр. Мәселен, арнайы комитеттен «Литер А» әкімшілік ғимаратының жатақханасы бар екені туралы құжат жеткіздік. Неге екені белгісіз, судья ешқайсысын да қаперге алмады.
Бұған дейін сот шешіміне сәйкес, автопаркке тиесілі «Литер Б» ғимаратынан тұрғындар күштеп шығарылған болатын. Енді «Литер А»-да тұрып жатқандар да соңғы баспаналарынан қуылмақ.
Қоғамдық қорғаушы Әмірбек Тоғысовтың пайымдауынша, бұның бәріне кезінде Алматы қаласын басқарған Виктор Храпунов кінәлі. Жатақхана 2001 жылы арзан бағамен әкімнің жақын туыстарының иелігіне өтіп кеткен. Оның айтуынша, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қазір де жалғасып отыр.
- 375 млн теңге тұратын үш жатақхананың құны небәрі 23 млн теңгеге бағаланып, сатылып кеткен. Бұдан бөлек, жатақхананы сатып алушылар тұрғындардың 11 млн теңгесін өндіріп беру туралы міндетті мойнына алғанмен орындамады. Осылайша, тұрғындар оларға екі рет жем болды. Мұндай жемқорлық істер қазір де жалғасуда. Біздің ойымызша, Храпунов бүгінгі таңда прокуратураға да, сотқа да әсер етіп отыр. Мұнымен тұрғындардың баспана алуға конституциялық құқығы үшін күресіміз тоқтамайды. Біз әрі қарай Жоғары сотқа, керек болса халықаралық сотқа шағымданамыз, - дейді Әмірбек Тоғысов.
Біз «Файнекс корпорейшен ЛТД» компаниясының заңгері Нәйла Рахимовадан қандай да бір жауап алуға тырысқанымызбен ол сот залынан лезде шығып кетті. Ал жатақхана тұрғындары болса, «жатақхананы босатпаймыз» деп отыр.
- Сот деп біз сотқа үміт артып келіп едік. Оның да арты жақсылықпен тынған жоқ. Біз өлсек те, жатақхананы босатпаймыз. «Файнекс» корпорациясы бұған дәмеленбей-ақ қойсын. Шиеттей бала-шағасы бар ата-аналарға ең құрығында, 7,5 сотық жер неге тимейді? Біз Қазақстан азаматымыз. Біздің бәріміз көп балалы аналармыз. Біз қайда барамыз?! Өліспей, беріспейміз, - деді жатақхана тұрғыны, көпбалалы ана Гүлнәр Дәулетбаева Азаттыққа.
«Файнекс корпорейшен ЛТД» мен жатақхана тұрғындары арасында дау өткен жылдан бері өршіп келеді. Бұл уақыт аралығында тұрғындардың көрмегені жоқ. Жылу мен жарық жүйесі бірнеше мәрте істен шығарылды, осының салдарынан қыс кезінде суыққа шыдай алмай 12 жасар қыз қайтыс болыпты. Ал екі ғимараттың бірінен күштеп шығарылған 4 отбасы далада тұрып жатыр.
Анықтама: №1 автобус паркіне қараған № 1 жатақхана соңғы 5-6 жылда бірнеше қожайын ауыстырған. 2002 жылдың аяғында аталмыш автобус паркінің басшысы Исахан Иманбеков қала әкімшілігінен рұқсат алып, «Каспий» банкінен несие алу үшін жатақхананы кепілдікке қойған екен.
Арада бірнеше жыл өтіп, қалалық №1 автобус паркі таратылған соң, «Каспий» банкі бұл жатақхананы аукционға шығарып, тиісті бағасына сатып жібереді. Айналдырған 2-3 жылдың ішінде №1 жатақхана қолдан қолға бірнеше рет сатылған. Ол уақытта автобус паркінде қызмет етіп, осы жатақханадан орын алған қарапайым тұрғындарды ешкім мазалаған жоқ.
«Файнекс корпорейшен ЛТД» компаниясы аталмыш жатақхананы сатып алғаннан кейін ғана барып, тұрғындар мен оның басшыларының арасында дау басталған болатын.