Бүгін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне байланысты шешім шығарды.
Істі қараған судья Ахметқали Молдағалиевтің үкімі бойынша, журналистің өліміне қатысты айыпталған Қазақстан азаматтары – Алмас Игіліков 10 жылға, Шалқар Оразалин 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар
Үшінші айыпталушы, Қырғызстан азаматы Алдаяр Исманқұлов «Павлюктің өлімін ұйымдастырушы адам» деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Алдаяр Исманқұлов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
«САЯСИ ШЕШІМ»
Азаттыққа түсініктеме берген Алдияр Исманқұловтың әкесі Валерий Ким мұның «таза саяси шешім екендігін» айтады.
– Бұл – таза саяси шешім. «Журналист өлді – міне, қылмыскерді таптық» деп көрсету қажет болды. Қылмыстық істе 34 куәгер бар. Оның арасындағы Өмірбек Текебаев қана ұлыма қатысты айыптаулар айтты. Ал қалғаны білмеген, көрмеген. Текебаевтың айтқанынан кейін іс айыптау бағытына түсіп алды, – дейді Валерий Ким.
Бұл сот процессіне Қырғызстаннан куәлар келген жоқ. Қырғыз парламентінің депутаты, саясаткер Өмірбек Текебаев жұмысы көптігін айтып, процеске келмей қойғандығын бұдан бұрын хабарлаған едік. Исманқұловтың «бірде-бір кінәсі дәлелденбегендігін» айтқан адвокаты Светлана Мурзина «сот тек болжамдар негізінде шешім шығарды» дейді.
– Сот барысында тергеу органдары менің қорғаушымның кінәсін дәлелдейтін бірде-бір жайт ұсынған да жоқ, сот оны қараған да емес. Біз міндетті түрде аппеляцияға береміз, – дейді адвокат Мурзина.
«ЖАРТЫЛАЙ ӘДІЛ ШЕШІМ»
Айыпталушылардың бірі Алмас Игіліковтың адвокаты Бейсенғали Оразов та бұл шешімді аппеляцияға беретіндігін айтты.
– Бүгінгі шешім жартылай жеңіс деуге болады. Себебі сот жартылай әділ шешім шығарды. Игіліков адам өлтіру фактісі бойынша ақталды. Алайда оның адамды ұрлауға да қатысы жоқ. Сондықтан біз міндетті түрде аппеляциялық шағым береміз, – деді адвокат.
Үшінші айыпталушы Шалқар Оразалиннің адвокаты іссапарға кеткендіктен
Айта кету керек, бүгінгі соттың үкімін тыңдауға Геннадий Павлюктің туыстары да келген жоқ. Залда тек айыпталушылардың туыстары мен ақпарат құралдарының өкілдері отырды.
«САЯСИ АСТАРЫ ЖОҚ» ӨЛІМ
Осылайша мамыр айында басталған сот процесі аяқталды.
Тергеушілердің болжамынша, журналист Геннадий Павлюкті 2009 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан аяқ-қолын байлап, жерге лақтырып жіберген.
Өте ауыр халде ауруханаға жеткізілген журналист есін жимаған күйі желтоқсанның 22-сінде Алматы ауруханасында қайтыс болды.
Марқұмның туыстары мен әріптестері оның өлімін кәсіби қызметімен байланыстырады, бірақ қазақстандық тергеушілер бұл қылмыстың «саяси астары жоқ» деген байлам жасады.
Қырғыз журналисінің өліміне қатысты сот шешімі (видео)
Your browser doesn’t support HTML5