Қазақстандық оқушылардың ата-аналарының төрттен бірі баласын ақылы үйірмелер мен секцияларға жіберуге шамасы келмейді. Бірақ ата-аналардың көпшілігі өз күшімен амалдауға тырысады.
Алматы облысы Қаскелең қаласында тұратын Ардақ Мырзабекованың екі баласы бар. Күйеуі уақытша жұмыс істемейді. Балаларын ақылы үйірме, секцияға жіберуге Мырзабековтер отбасында артық ақша жоқ. Тілшінің «Балаларыңыз сабақтан бос уақытында немен шұғылданады?» деген сұрағына:
– Теледидар көреді немесе компьютердің алдында отырады. Бұрын барып жүрген секциямызға айына 3 мың теңге төлеуші едік. Қазір оны төлеуге шамамыз жоқ. Оның үстіне логопедке сағатына 1 мың теңге, қосымша сабақ өткізгені үшін үлкен ұлымның мұғаліміне 3 мың теңге төлеймін, – деп жауап берді Ардақ Мырзабекова.
Кейбір ата-аналар баласының бос уақытын қосымша шығынсыз тиімді ұйымдастырудың амалын табады. Алматыда тұратын Динара Сәкенованың балалары тегін үйірмелерге қатысады. Олар 3-оқушылар үйіне барып, би, сурет, шахмат сабақтарына қатысып, ағылшын тілін үйренеді.
– Екі-үш баласы бар отбасының ақылы секцияға шамасы келмейді. Мысалы, ұлым алдыңғы жылы гимнастикаға барғанда 7 мың теңге төледік. Қазір ол 10 мың теңге болды, – дейді Динара Сәкенова.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰСТАНЫМЫ
Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылар бос уақытын советтік типтегі мәдениет ошақтарында тегін өткізу заманы келмеске кетті. Қазақстанда балалардың бос уақытын ұйымдастыратын мәдениет мекемелерінің саны мен оларға баратын балалардың саны жайлы статистика жоқ. Мәдени мекемелердің көбі Қазақстан тәуелсіздік алып, экономикалық дағдарыс басталған жылдары жабылып қалған. Статистика агенттігінің дерегінше, 1995-2012 жылдары клуб типтес мекемелер мен кітапханалардың саны шамамен 32 пайызға азайған.
Жабылып қалған мекемелердің орнын ақылы балалар орталықтары жарым-жартылай басты. Мамандардың айтуынша, бұл – өзін-өзі тез ақтайтын бизнес. Бірақ оны кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Кейбір қазақстандықтар «мемлекет мәдениет мекемелеріндегі балалар үйірмелері мен секцияларын қалпына келтіруге қосымша қаржы бөлсе, шығынның бір бөлігін ата-аналар өз мойнына алар еді» дейді.
– Мемлекеттің қолдауымен ондай үйірме, секциялар ашылса, ыңғайлы болар еді. Жұмыс істейтін ата-аналар да «Балам сабақтан кейін сенделіп көшеде жүр ме?» деп алаңдамайтын еді, – дейді Динара Сәкенова.
ЗЕРТТЕУ
HeadHunter әлеуметтік зерттеу ұйымы сауалнамасына қатысқан 3 мың 200 қазақстандық ата-ананың төрттен бірі «Тапқан табысымыз тамақ пен киімге, баламызға білім беруге ғана жетеді. Баланың бос уақытын тиімді етіп ұйымдастыруға ақша қалмайды» дейді.
Респонденттердің 22 пайызы «балам ештеңеден мұқтаждық көрмейді» десе, тағы сонша пайызы «бала-шағаны асырауға ақшам жетеді, ал қалғаны – балама қажеті жоқ дүниелер, артық ақша шашу» дейді.
Сауалнамаға қатысқандардың 23 пайызы «тапқанымыз киім-кешек пен тамақтан артылмайды» деп жауап берген. Ата-аналардың алты пайызының ақшасы ең қажетті деген заттардың өзіне жетпейді. Тек екі пайызы ғана «баламның бүгінімен қатар ертеңгі күнінің қамын да жасап қойдым» деп жауап берген.
Азаттық тілшісі жүргізген шағын сауалнама көрсеткендей, екі балалы отбасындағы балалар үйірме не секцияға қатысып, жеке сабақ алу үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеп, орташа жалақы алуы тиіс. Статистика агенттігінің дерегі бойынша, елдегі орташа жалақы көлемі тамыз айында 110 мың теңге болған.
БОЛАШАҚТЫҢ ҚАМЫ
Түрлі үйірме мен секцияға қатысу баланың дамуына жағымды ықпал етеді. Баланың тілі дамып, қолының ептілігі жетіледі, көпшілікпен араласып мінезі ашылады, өз бетінше әрекет етуге талпынады, басқа да арнайы білік, дағдыларды меңгереді. Мұндай балалар ересек өмірге де оңай бейімделеді.
Кейбір қазақстандық ата-аналар, әсіресе қалалық жерде тұратын адамдар баласының жан-жақты дамуы үшін пайдалы үйірме мен секциялардың мекен-жайы мен бағасын көршілерінен, таныстарынан сұрастырып, интернеттен іздейді. Жұрт баласын көбінесе жүзу, сурет салу, бейнелеу өнері, музыка, би, футбол, шахмат сияқты үйірмелер мен секцияларға береді.
Қосымша білім беретін үйірмелері бар ақылы балалар орталықтарының саны жөнінде ресми статистика жоқ. «Бизнес.Life» журналының хабарлауынша, «кейбір деректер бойынша, елде 230-ға жуық балалар орталығы жұмыс істейді». Көбі – Алматыда, Астана мен Қарағанды қалаларынының әрқайсысында – жиырма шақты, ал қалған облыс орталықтарында бес-алты ұйымнан бар. Ауылдық жерде балалар шұғылданатын үйірмелер мен секциялар жоқтың қасы деуге болады.
Мақаланы әзірлеуге Мәншүк Асаутай қатысты.