Ресми ақпаратқа сәйкес, Аслан Мусин қызметінен босап, республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қыркүйектің 21-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинді қызметінен босатып, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы етіп тағайындады. Бұл туралы жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Аслан Мусиннің басқа қызметке ауысатыны туралы қауесет Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қызметінен босатылған соң жергілікті БАҚ-тарда жиі айтыла бастаған еді.
Мусин президент әкімшілігін төрт жыл басқарды.
1995-2002 жылдары Ақтөбе облысының, 2002-2006 жылдары Атырау облысының әкімі, одан кейін Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқарды.
2007 жылы тамызда «Нұр Отан» партиясының атынан парламент сайлауына қатысып, депутаттыққа сайланды. Осы жылдың қыркүйегінде мәжіліс төрағасы болып сайланды.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атуға бұйрық беруі мүмкін делінген жоғары лауазымды шенеуніктер арасында оппозициялық БАҚ Аслан Мусиннің де атын атаған еді. Соңғы бірнеше жылдың ішінде президент төңірегіндегі ықпалды шенеуніктердің біріне айналған оны сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын «тап-тұйнақтай» жүзеге асыратын команданың «басты ойыншысы» деп сипаттайтын.
Әкімшіліктің жаңа жетекшісі болып кімнің тағайындалатыны туралы әзірге мәлімет жоқ.
Дәл осы күні Абай Бисембаевтың Қазақстан президентінің іс басқарушысы болып тағайындалғаны туралы да хабарланды. Бұрын бұл қызметті атқарып келген Серік Үмбетов "Нұр Отан" партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаты болып сайланған еді.